- Учителю
- Ш. Құдайбердиев 'Қалқаман-Мамыр' алтын сақа ойыны. 8-Сынып
Ш. Құдайбердиев 'Қалқаман-Мамыр' алтын сақа ойыны. 8-Сынып
Ш. Құдайбердиев «Қалқаман- Мамыр» поэмасы
8-сынып
Мақсаты: 1. «Қалқаман- Мамыр» поэмасының мазмұнын терең меңгерте отырып,
әдет - ғұрып, салт- дәстүрдің жастардың арман- аңсарына қайшы келген
тұстарын көрсету.
2. Оқушыларды қатігездіктен аулақ болып, адамгершілік асыл қасиеттің
иесі болуға, достықты, мөлдір сезімді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шәкәрім портреті, «Бесарыс» кітабы, буклеттер, слайдтар
Түрі: «Алтын сақа» ойыны
Жүрісі: - Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар ! Біздің ұлттық әдебиетіміз тарихында Бесарыстың алатын орны ерекше. Солардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы- әдебиетіміздің баарлық жанрына қалам сілтеген сан қырлы талант. Оның «Еңлік- Кебек», «Қалқаман- Мамыр», «Айсұлу- Нартайлақ»» «Ләйлі- Мәжнүн» сияқты поэмалары төл әдебиетімізден өз орнын тапты. Қазіргі сәтте ақынның «Қалқаман- Мамыр» поэмасы бойынша «Алтын сақа» ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынға қош келдіңіздер!
Қатысушылар:
1. Қанатова Сәбира
2. Есентемірова Жазира
3. Сәрсенов Ахмет
4. Тілеубаева Айгерім
I «Табалдырық»
«Алтын сақа» ойынына қатысушыларға сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушы күймеге жайғасады. Әрбір күймеге жайғасқан оқушы өзін таныстырады..
-
«Қалқаман- Мамыр» поэмасы қандай мақсатта жазылды?
-
«Бастаңғы» қандай ырым? Үзіндіні жатқа айт.
-
Әнет баба туралы не білесіз?
-
Мамырды неге еркекшора дейді?
II «Әудем жер». 4 түрлі асықты иіріп, қай түсті асық алшы түссе, сол түстегі оқушы 4 конверттің бірін таңдап, сұраққа жауап береді.
1.Қалқаман мен Мамырдың адасуына не себепші болды?
2. Көкенайды автор қалайша таныстырады?
3. Мамырдың өлер алдында айтқан сөзін жатқа айт.
4. Әнет баба Қалқаманға қандай үкім шығарды?
III «Қозы көш». Егер кімнің асығы қисық аунап түссе, не бүк түссе,сол оқушы ойыннан шығады. Ойын әрі қарай жалғасады., конверттер таңдалып, сұраққа жауап береді.
-
Қалқаман неге Бұқар жаққа кетті?
-
Поэма әуелде қандай атпен жарияланды?
-
Поэма оқиғасы қандай заманда өтеді?
-
Мамырдың әкесі туралы не білесіз?
IV «Беласар» .Сұраққа жауап берген ең мықты оқушы қалады да, конверттерді таңдап, сұраққа жауап береді.
-
Көкенайдың қатігездігі нені байқатады?
-
Қалқаман бойынан қандай қасиеттер байқалады?
-
Мамырдың қазақ қыздарына тән қасиеттерін Шәкәрім поэманың қай тұсында суреттеген?
-
Әнет бабаның мақсаты не?
.
V «Жолайрық». Сайыс арасынан суырылып, өз ойын, пікірін, асыл сөздерді мәніне жеткізіп айтқан оқушы мәреге жетеді.
Қорытынды
Ойын қорытындысы бойынша қанатова Сәбираның поэманың мазмұнын толықтай білетіндігі, жатқа айту қабілеті, бір ауыз сөзбен айтқанда, әдебиет пәніне деген қызығушылығы байқалды. «Алтын көмбені» ашып, Шәкәрімнің басқа да поэмалары туралы білетіндігін аңғартты.
Жеңімпаз оқушы: Қанатова Сәбира