7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз!

Тақырыбы: Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Келісемін»

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_______ Тулеуова К.Д.

«____» ________ 2015ж. .





Тақырыбы: Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз!

Сынып жетекші: Джузбаева А.Д.

Сынып: 5 «Б»


Астана 2015

Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз!

Мақсаты:

1. Тәрбие жұмысында Қазақстан азаматы және жеке тұлға болудың маңызын ұғындыру


2. Оқушылардың патриоттық сезімін арттыру.


3. Тәрбие барысында еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақтың түрі: тәрбие сабағы

Әдісі: Ой шақыру

Барысы: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Көрнекілігі:Түрлі-түсті қимақағаздар, Әнұран, Қазақстан жалауы, Елтаңба, мақал-мәтел бүктемесі,

Кіріспе:

(Мұғалім оқушыларды тірбие сағатының тақырыбы мен мазмұнын атап өтіп, өту барысымен таыстырады)

Негізгі бөлім:

  1. Қызығушылықты ояту

Оқушыларды топқа бөліп алу үшін мұғалім оларға сұрақ қояды: «менің елім» дегенде ойыңа қандай сөздер келеді? Бұл сұраққа оқушылар әртүрлі жауап береді. Мысалы, Қазақстан, Әнұран, Жалау, Елтаңба, Туған жер.

Мұғалім неше топ құрғысы келсе, осы сөздердің ішінен сонша сөзді таңдап, тақтаға жазады. Мысылы: Қазақстан, Елтаңбасы, Қазақстан жалауы, Әнұран, Астана

Оқушылар ретіне қарай жазған осы бес сөзді қайталап айтып шығады. Кім қай сөзді айтса, сол топқа кіреді.

II. Ой шақыру

Мұғалім оқушылардың назарын тәрбие сағатының тақырыбына аударады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз». Еліміздің ертеңі өздері екенін айта отырып, «еліміздің ертеңі болар ұрпаққтар қандай болуы керек?» − деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын үшбұрышталған қима қағаздарға жазады. Барлық топтар тыңдалып, ортақ қорытынды тақтаға ілінеді.

ақылды

Тілін құрметтейтін

і

білімді

Тәуелсіз еліміздің ұрпақтары

Дені сау

намысты

Адамгершілігі мол


Отанын сүйетін


  1. Мағынаны тану.


Тәуелсіз еліміздің ұрпағы қандай болуы керек? − деген сұраққа берген жауаптарына сай, ойларын одан әрі өрбіту үшін сұрақ қойылады: «Осы өздерің айтып отырған қасиеттерге жету үшін не істеу керек? Не істеп жүрміз?» Мұғалім сұрақтың мәнін ашуға келетін бес оқушының жауаптарын таңдап алып, бес топқа бөліп береді.

Мысалы,

1-ші топқа - Тәуелсіз елімнің ұрпағы білімді;

2-ші топқа - отаншыл;

3-ші топқа - дені сау;

4-ші топқа - әдепті;

5-ші топқа - өнерлі болу керек, − деп, оқушылардың үшбұрышталған қима қағазға жазылған жауаптары беріледі. Әр топ ақылдаса отырып, осы қасиетке жету үшін не істеу керектігін жазады. Топ жетекшілері шығып, жазғандарын оқиды. Үшбұрышты қима қағаздарға жазған жауаптарын әрқайсысының тұсына іледі. Мысалы,

Отаншыл - әскерден қашпау керек, адал, ержүрек болу керек.

Дені сау - таза ауда көп жүру, өсімдікті қорғау, денені шынықтыру, күнге күю, суға шомылу, дәрумендер жеу, тазалық сақтау керек т.с.с.


IV. «Өнер алды - қызыл тіл».


Мақал-мәтелдер оқылады, сіздер қалып қойған сөзді тауып, оны келесі екі тілге аудару керексіз.


1)Отанды сүю - …басталады. (отбасы-семья-family)


2)Отансыз адам - … бұлбұл. (ормансыз-лес-forest)


3)Ер қанаты - …(ат-лошадь-horse)


4)Ел көркі - …, өзен көркі - тал. (мал-животное-animal)


5)Ел құлағы …(елу-пятьдесят-fiffty)


6)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің-знать-to know)


7)Халық күші алып … (күш-сила-power)


8)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел-страна-country)


9)Отан … ыстық. (от-огонь-fire)


10)Ер туса - елдің көркі,


Қыз туса - …көркі. (жер-земля-world)


V. Атаменкен әні орындалады

VI. Қорытынды:

Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 19 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.

Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

1)Отанды сүю - …басталады.


2)Отансыз адам - … бұлбұл.


3)Ер қанаты - …


4)Ел көркі - …,


5)Ел құлағы …


6)Әкенің қадірін, балалы болғанда …


7)Халық күші алып …


8)Адал ұл ер боп туса … тілегі.


9)Отан … ыстық.


10)Ер туса - елдің көркі, Қыз туса - …көркі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал