7


  • Учителю
  • Тәрбие сағат. Тақырыбы: 'Инабатты ұл, ибалы қыз - өмір көркі'

Тәрбие сағат. Тақырыбы: 'Инабатты ұл, ибалы қыз - өмір көркі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі" 9 «Б» - сынып

Тақырыбы: Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын

білуге үйрету;

Дамытушылық: Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани

білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге

жетелеу;

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге

тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, маркер.

Түрі: тәрбие сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім.

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ибалы ұл, инабатты қыз - өмір көркі» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала - қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат - ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі - әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
Қазақ халқы ұл мен қыз тәрбиесіне енжар қарамаған. «Ұлым жақсы болсын десең - біліктімен ауыл бол,қызым жақсы болсын десең - қылықтымен ауыл бол» дейтін қазақ, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастағаннан, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастағаннан өнерлі, текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға құлшынған, әрі ресми тәрбие жүргізе бастаған.
Ұл бала тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін ұғындыра отырып, ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларына қалай қамқор болу керек, қиын сәттер мен ел басына күн туған сәттерде қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту керек екендігі мұқият үйретіледі.
Қазақ халқы қыздың да тәрбиесіне қатты мән берген. Қыз әуелде ана бауырында отбасы тәрбиесінде болады. Оған ұлдан өзгеше тәрбие береді. Қыз тәрбиесінде білікті аналар қыздарын бір тізерлеп отыру, қалай болса, солай отырып-тұрмау; үнемі сіз-біз деп сөйлеу, тасыр мінез, кеселді сөзден аулақ болу; кісі бетіне, әсіресе ер адамдардың бетіне қылымсып немесе тіке қарамау,тамақты ауыз толтыра асап, былшылдатып, шалпылдата шайнамау; ыдыс-аяқты жуғанда, жиғанда сылдырлатпау; үлкен адамдар келгенде тұрып жол беру, аман-сәлем жасау; «шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без» дейтін халық даналығын сақтау; көпшілік ортасында жыртақтап күлмеу, арын таза сақтау, ата-анадан рұқсатсыз жөнсіз қыдырмау сияқты істерден егжей-тегжейлі тәрбие жүргізеді.

Қазақ халқының қыздарды жастайынан оң босағаға отырғызуының үлкен мәні бар. Ол қыздардың дербес өмір сүруіне бейімдейді. Болашақ отауды қалай ұстап, қалай басқаруды, шаруашылық істерін қалай реттеп, қалай жөнге салуды үйретеді. Еңбекшілдікке, іскерлікке тәрбиелеп, болашақ ана, отау иесі болуға үйретеді.
Байырғы қазақ қоғамында қыз тәрбиесі бір ғана шаңырақ тәрбиесі емес, әулеттің, ауылдың тәрбиесін көріп өседі..
Әке үйінде жүрген қыз - қонақ деп, оны жарасты киіндіріп, ұзатылғанша төрге таман оң жақтан орын берген. Қыз баланың белін жеті жасқа келгенде аналары белбеумен буып қоятын болған. Ал, он екіге келген соң, аналары қызының төсегіне дәл жауырынының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.
Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты, ауылдың көркі, береке-бірлік пен татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп, аялап, ардақтаудың арқасында, қазақ халқында ақыл-парасатымен ел билеп, ру-тайпа басқарған көсем, шешен, би, аты аңызға айналған батыр, әулие аналар, ел жұрты аттарын қадір тұтқан қасиетті, киелі әжелер көп болған. Мысалы, Айша Бибі, Баба әже, Домалақ Ана, Қызай ана, Абақ, Мұрын аналар...
Қазақ халқының тәрбиесі қыздарды арлы болып, адамгершілігін биік ұстауға; өнерлі іскер болып, ар-абыройын таза ұстауға баулиды. Ерлерді қадірлеуге, құрметтеуге, отбасының ұйтқысы, перзенттерінің тәрбиешісі, ұстазы болып, адамдық арына дақ түсірмейтін өнегелі, үлгі-тағылымды адам болып есеюге баулиды!

ІІ Жалғасын тап - деп аталады. Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал - мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.


1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)


6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)


ІІІ Топтастыру стратегиясы.

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін шағын видеоролик тамашалаймыз.

Өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар пікірі тыңдалады


Ибалы ұлдар

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.


Абай атамыздың даналығы -адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,-

Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында


Ал имандылық қасиеттерге

● қарапайымдылық

● сыпайылық

● мейірімділік

● кішіпейілділік

● ізеттілік

● адалдық жатады


Ибалы қыздар

Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.

Ибалы қыздар

Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі - Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп - инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс - тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір - ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қаже


ІҮ Ойланайық пікірлесейік.

Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса )

Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар,

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,

адамгершілігі мол),

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

Ү Жүректен жүрекке. Оқушыларға жеке-жеке парақ таратылады. Параққа ибалы ұл мен инабатты қыз болу үшін қандай тәрбиені ұстану керек екендерін жазып тақтаға жабыстырады.


ІҮ Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.


Аң жортар аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі - деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл -қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Тәрбие сағатымыз аяқталды.


Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі - ең бақытты өлім болып табылады» - деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр. Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл - кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың - жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл - шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға - «жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді: а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты». ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ». б) қабілет-икемі: «Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» - дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» - еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы - бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. «Жомарт жігіт» - дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» - мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық. Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі - бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті. Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының қыздарына үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп дайындаған. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға тартады деп те ырымдаған. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қыздардың - анасына, ұлдардың - әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып түсер мықты адам жоқ: ол көлік айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештеңеден қорықпайды. Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру - қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі. Қандай ата-ана болсын баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл - ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін




Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

Бүгінгі бас қосуымыз ата - ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.

Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.

Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста- бала. Осы бала бағбаны кімдер?

Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата - ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

Құрметті ұстаздар , мен сіздерден оқушылардың білімінжан - жақты ой - өрісін, жауабын тындап, бағалап отыруларыңызды сұраймын.


І Сыңарын тап - деп аталады. Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал - мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру. Ұлдар қыздар тобына, қыздар ұлдар тобына.


Ұлдарға:

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)


Қыздарға:

1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)


ІІ Топтастыру стратегиясы

Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгершілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық қағидаларына тоқталамыз

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін шағын видеоролик тамашалаймыз.

Өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар пікірі тыңдалады


Ибалы ұлдар

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.

Абай атамыздың даналығы -адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,-

Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында.


Ал имандылық қасиеттерге

● қарапайымдылық

● сыпайылық

● мейірімділік

● кішіпейілділік

● ізеттілік

● адалдық жатады


Ибалы қыздар

Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.

Ибалы қыздар

Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі - Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп - инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс - тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір - ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет.

ІІІ Ойланайық пікірлесейік.


Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса )

Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар,

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,

адамгершілігі мол),

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

ІҮ Жүректен жүрекке.

Балалар, енді бір -біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына қойыңыздар

ҮІІІ. Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.


Аң жортар аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі - деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл -қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Тәрбие сағатымыз аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал