- Учителю
- Тәртие сағаты. 'Мен салауатты өмірді қалаймын'
Тәртие сағаты. 'Мен салауатты өмірді қалаймын'
Сабақтың тақырыбы: Мен салауатты өмірді жақтаймын
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құңдылығы туралы түсініктерін кеңейту.
-
Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру.
-
Денсаулығын күту, денсаулыққа кері әсер ететін есірткі заттарды болдырмауға және оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
-
Денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, плакат,бейнетаспа, слайд-суреттер
Салауатты өмір салтын насихаттауға Ұлт көшбасшысы, Елбасымыздың өзі айрықша мән беріп келе жатқаны ақиқат. Биылғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында да халықтың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға, спорт алаңдары желісін кеңейтуге тапсырма белгілегені ұрпақ қамын тереңнен ойлағанның жарқын үлгісі.
Бүгінде осының бәрінің игілігін барша қауым көріп, уақтылы дәрігерге қарануға мүмкіндік алып келеді. Ал спорт алаңдарында өз елімізбен бірге алыс-жақын шет елдік спорт майталмандарымен дүбірлі бәсеке ұйымдастырылса, сол байрақты жарыстарда жерлестеріміздің де мерейі үстем болып жатқаны зор мақтаныш.
Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық -зор байлық» деген аталы сөзі тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар да, біліктілігі күшті дәрігерлер де, «Денсаулық» ұғымына әлі де толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Байқап отырсаңыз: жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жастар - болашағымыздың алтын тірегі; тәуелсіз еліміздің қарлығаштары, нұрлы шамшырақтары. Әттең, өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға құлықсыз, немқұрайлы қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де, жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі шегеді, салынып арақ ішеді, тіпті есірткіге де әуестік танытады. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг: «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық дертті жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кімнің болса да өз денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Саламатты өмір салтына бойды шынықтыру, күнделікті жаттығу, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, тынығар алдында таза ауада бір-екі сағат серуендеп қайтудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде игілігіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдай ойластыруды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар - темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекіден аулақ бол. Жастарға: есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени-көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулықтың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолын таңдап, жылына бір келетін Ораза тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Табиғат-Анаға жанашырлық көзқарасымыз да өз денсаулығымызды сақтауға, ішетін суымыздың, жұтатын ауамыздың тазалығына, тұтынатын тағамымыздың құнарлылығы мен сапасына тікелей тәуелді болмақ. Сайып келгенде адамның денсаулығына қатысты амалдардың бәрі табиғи ортамен өзара тығыз байланыстағы дүние демекпін.
Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Сөз соңында тағы да айтарымыз, халықтың денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлесімді іс-қимылының жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
.