- Учителю
- Тәрбие сағаты 2 класс
Тәрбие сағаты 2 класс
«Құнан» мектеп - лицейі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Наурыз тойы - дәстүрлі мереке
Өткізген: Сабырбаева Альбина Әмірханқызы
2015 - 2016 оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана
тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта
оқытып тәрбиелеу.
2. Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз
қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының
ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей
отырып, балаларға ұғындыру.
Көрнекілігі: Ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағам түрлері, құрақ
көрпе, мақалдар, оқушылар салған суреттер, нақыл сөздер.
Мұғалім сөзі:
- Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы - тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған. Жыл басы - Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын - күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан « Наурыз тойы - дәстүрлі мереке » атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Ақерке:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.
Темірлан.
Уа ағайын халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
Мұғалім:
22-Наурыз күнін қазақ халқы бекерге Ұлыстың ұлы күні деп
атамаған бүл күні күн мен түн теңесетін күн. Түн қысқарып күн
ұзарады.
Көрініс. Мирасхан мен Мирас
Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп:
Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп:
Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.
Алдияр:
Наурыз келді еліне
Наурыз келді жеріне
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Меруерт:
Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Жылдың басы Наурыз
Жырдың басы Наурыз
Мекрекеге айналсын
Бүгінгі жыр мен әніміз
Мұғалім:
Балалар қазақтың дәстүрлі биі «Қара жорға» биін билеп көрмеген
қазақ жоқ шығар бәлкім. Кәне ендеше Ұлыстың ұлы күнінде
билемегеніміз жарамас.«Қара жорға»-биін билейді
Мұғалім:
Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен,
кәне, соны көрейік. Ортаға Әділжан Мәди Мирас Мансұр шығады.
Әділжан:
Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Дәулет:
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
Мәди:
Ұлыс береке болсын,
Бәле - жала жерге енсін.
Мансұр:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
Мұғалім:
Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кім қандай
ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге алу,
асық ойнау).
- Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап
көрейікші.
1. « Арқан тартыс ». (Екі топқа бөлініп арқан тартып жарысады).
1-топ Мирасхан Мәди Дәулет Мансұр
2-топ Мирас Әділжан Алдияр Темірлан
2. « Күш сынасу » (білектесу).
Мұғалім:
Жарайсындар балалар міне нағыз жігіттердің ұлыттық ойындарын
тамашаладық енді қазақтың биазы аруларының биін тамашалайық. Ортаға
Ақерке мен Меруерттің биін тамашалайық.
Мұғалім:
Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже.
Міне, бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп әкелген екен, ал
біз аналарымызға арнап« Наурыз думан » атты әнімізді айтып
берейікші.
Хор:« Наурыз думан ».
Қорытынды сөз:
Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтай отырып, наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.