7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Ер есімі ел есінде 8 сынып

Тәрбие сағаты Ер есімі ел есінде 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ер есімі-ел есінде.



Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы соғыста қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері туралы мәлімет беру, өз ұлтын сүю сезімін қалыптастыру, соғыс туралы біліктіліктерін жетілдіру.



Сабақтың түрі: тәрбие сағаты



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,пікірталас



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Бүгін біз қазақстандық жауынгерлердің ерлігімен танысамыз, олар туралы ән айтамыз, жырлар оқимыз.

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196164 адам қатысты, 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды.Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай қазақстандық шайқасты. Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей - теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға - ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен...

8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таңғалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы , жауынан тайсалмайтын-дығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндірді, дұшпанымызды күйіндірді.

Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екендігін дәлелдеді. Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси жетекші Клочков басқарған бөлімше 28панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп, қаза тапқан қолбасшы, қаһарман командир Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.

Сағи Жиенбаев. Жиырма сегіз батыр.

Тастар көкке атылды, Жамылды жер тұманды

Орман шулап,тау құлап. Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз батырды Жиырма сегіз қыранды,

Жеңе алмады жау бірақ. Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астынан зулаған Жау жеңілді ақыры,

Туған жермен бір болып. Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз қыранды, Жиырма сегіз батырын

Жеңе алмады жау бірақ. Ұмытпайды ел мәңгілік.

Фашистердің түп мақсаты Москваны басып алу еді. Москваны бүкіл ел қорғады.

1942 жылы ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны қазақ даласын да шарпыды. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі жаудың 120 танксін, 800 автомашинасын жойды. Қазақстанда жасақталған бөлімдер Мәскеу мен Ленинградты қорғасты, Балтық бойы республикаларын,Украина мен Белоруссияны жаудан тазартты. Жау ұясы Берлинге шабуыл жасады. Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. Сұм соғыста жеңіске жету жолында жауға қарсы ұмтылған батырларымыздың есімі мәңгі ұмытылмайды. Сол кезде біздің туған жерімізді, туған елімізді, Отанымызды жаудан қорғаған апа ағаларымыз бар. Олар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларың, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров т. б батыр аталарың. Қазақтың өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты. Әлия мен Мәншүк апаларымызды біз ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз7

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 497 - сі қазақстандық, оның ішінде 97 - сі қазақ.

110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері.

Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Қарсыбай Сыпатаев, Әлия, Мәншүк, Хиуаз, т.б

Кеңес адамдары мылтықты да, мылтықсыз да майданда бірдей арпалысып жеңіп шықты. Осылардың ішінде біздің жерлес аталарымыз да болды. Атап айтқанда. Ғазиз Сатқанов, Жетпісов Табылды, Губайдуллин Хасайын, Ниетқали ата, Фазыл ата, Баймағанбетов Тастілеу ата, Шакриков Құрман ата. Біз ол кісілер туралы не білеміз? (өздері білетіндерін сұрау) Аталары туралы әңгімелеу.

Күйзелген көңілдер, жүдеген жандар Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті. Сол кезде Рейхстагқа туды 22 жасар қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев тікті. Содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал 9 мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын соңды болмаған 30дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

ІІІ. Қорытынды.

1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірімен қолға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал