7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Қазақ халқының ерлік істері'

Тәрбие сағаты 'Қазақ халқының ерлік істері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, жаңа келген оқушымен танысып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Қазақ халқының ерлік істері » тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
І-бөлім.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау сөзі

(бейнетаспа)

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (слайд)
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
ІІІ-бөлім. Еңбексүйгіштік, адалдық және білімділік- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары. (слайд)

.Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
ІV-бөлім. Менің өлкем Қазақстан Республикасының картасында. (слайд)

V-бөлім. Астана- Отанымыздың елордасы. (слайд)

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 1997 жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Қаланың ортасынан Есіл өзені өтеді. Астана тез өсіп, дамып келеді. Ол еліміздің мақтанышы. «Астана-Бәйтерек» кешені - Астананың символы.

Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
VI-бөлім. Туған өлкенің табиғаты. (слайд)
VІІ-бөлім. Қазақтардың тұрмысы және мәдениеті. (слайд)

VІІІ- бөлім Ғарышты игеру.

ІX-бөлім. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. (слайд)

X-бөлім. Қазақ хандығына 550 жыл. (слайд)

XІ-бөлім. Қазақ халқының

ағартушылары. (слайд)

Ағартушы- өз білімін

басқалармен бөлісіп, білім

таратушы адам.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)- қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушысы. Ол қазақ, қырғыз халықтарының тарихын, дәстүрі мен мәдениетін зерттеген. Осы туралы көптеген ғылыми еңбек жазған.

Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы. Ол бүкіл әлемге дарынымен танылды.Абай көп өлең, поэма жазып, ән шығарған. Ол орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Әлемнің көптеген елінде Абайға ескерткіш қойылған.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)- ақын,жазушы, ағартушы. Ол әрбір қазақ баласы мектепте оқып, білім алса деп армандады. Ыбырай балаларға арнап мектеп ашып,өзі мұғалім болған.

Қазақ мектептеріне арнап оқулықтар да жазды

Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!

Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

XІІ-бөлім.

Қазақстан Республикасының мерекелері. (слайд)


Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?

Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жер - алтын бесік.

Туған жердің топырағы да ыстық.


Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!


Отан - оттан да ыстық.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені.
Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ










Тәрбие сағаты



Тақырыбы:


«Қазақ халқының

ерлік істері»

(7-сынып)










Сынып жетекшісі:

Кондудаева Шынар Маликовна


2015-2016 оқу жылы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал