- Учителю
- Менің елім Қазақстан сынып сағаты 5 сынып
Менің елім Қазақстан сынып сағаты 5 сынып
Сабақ жоспары
План урока
Plan of the lesson
Күні/Дата/Date: 01.09.2015
Сынып/Класс/Class: 5 «Ә2»
Пән/Предмет/Subject: СЫнып сағаты
Тақырып/Тема/Theme: Менің елім - Қазақстан
Мақсаты/Цель/Aim:
Білімділік: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделеп, оларды еске түсірту, өз ойларын, білімдерін тиянақтау. .
Дамытушылық: Көрнекіліктер арқылы сабаққа деген ынтасын ояту, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық процестерін дамыту.
Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты қалыптастыру сабағы
Сабақтың формасы: дәстүрлі сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, репродуктивті әдістер
Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, суреттер, плакаттар, музыка, Елбасы суреті.
Сабақтsң барысы/ход урока/course of the lesson
І. Ұйымдастыру бөлімі.
-Оқушылармен амандасу.
-Түгендеу.
-Психологиялық ахуал туғызу.
-Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Сендерді бүгінгі 1 қыркүйек «Білім күнімен» құттықтаймын. Жаңа оқу жылында сендерге тек сәттілік тілеймін, сабақтарыңды жақсы оқыңдар, өздеріңді тек жақсы жақтарыңнан көрсетіп, үлкен үлкен белестерден көріне беріңдер дегім келеді.
ІІ. Негізгі бөлім
-Оқушылар, қазір мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр? Кім маған жауап береді екен?
- Отан дегеніміз не?
- Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.
- Еліміздің елордасы қай қала?
- Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы.
- Балалар, желтоқсан айының 16-сы күні қандай мейрам?
- 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.
- 30 тамыз бізде қандай мереке?
- Қазақстан Республикасының Ата заңына 20 жыл
-Жарайсыңдар оқушылар!
-Сонымен, біздің еліміз қалай аталады?
-Қазақстан
Жарайсыңдар, Қазақстан! Қазір біз, сіздермен мынандай тапсырма орындайтын боламыз!
-
«Қазақстан» деген сөзді естіген кезде біздің ойымызға қандай сөздер келеді?
-Қорытынды жасау
-
Оқушылар тақтаға назарымызды аударайық, мақал-мәтелді оқиық.
Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
-Қорытынды жасау.Тағы да қандай мақал мәтелдер білесіңдер отан, туған ел туралы.
-
Ереже құрау.
-
-Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, біздің еліміз әрқашанда тәуелсіз, егеменді болу үшін не істеу керек? қазір біз ереже құрамыз?!
-
Қазақ тілде сөйлеу керек
-
Бірлікте өмір сүру керек
-
Бір-бірімізді сыйлау керек
-
Рәміздерді сыйлау керек
-
Білімді болу керек
ІІІ. Қорытынды.
Рефлексия.
-Сонымен оқушылар, бүгінгі сабақта не туралы әңгіме айттық?
-Біздің еліміз қандай екен?
-Еліміздің егемендігі еңселі, биік болу үшін не істеу керек екенбіз?
-Жарайсыңдар, ал енді қазір мен сендерге жүрекшелер таратамын, соларға сендер, өз елдеріңе арнап тілектеріңді білдіре қойыңдар,
(Музыка)
Қорытынды. Сабақты аяқтау