7


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебе
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

1-кезең «Таныстыру»

2-кезең «Бәйге»

3-кезең «Жорға»

4-кезең «Жұмбақ жасыру»

5-кезең «Мақал-мәтелдерді жалғастыру»

1 - кезең «Таныстыру»

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Тапқырлар»

2 - кезең «Бәйге»

  1. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)

  2. Дыбыстар қаншаға бөлінеді? (2-ге дауысты, дауыссыз)

  3. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)

  4. Зат есімнің сұрақтарын ата. (кім? не? кімдер? нелер?)

  5. Сын есімнің сұрақтарын ата. (қандай? қай?)

  6. Сын есім дегеніміз не? (заттың сынын білдіретін сөз табы)

  7. Етістіктің сұрақтарын ата. (не істеді? не қылды? Қайтті?)

  8. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. (жалқы есім)

  9. Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем. (сұраулы сөйлем)



3 - кезең «Жорға»

  1. Қазақтың ұлттық аспабын ата. (домбыра)

  2. Қасиетті тағам. (нан)

  3. Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

  4. Республикамыздың тұңғыш президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  5. Республикамыздың рәміздерін ата. (ту, елтаңба, әнұран)

  6. 45 қара сөзді жазған ойшыл, ақын. (Абай Құнанбаев)

  7. 8 наурыз қандай мереке? (халықаралық әйелдер күні)

  8. Бір аптада неше күн бар? Атап айт. (7 күн, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі)

  9. 9 мамыр қандай мереке? (жеңіс күні)

  10. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, 3 жұмыртқа қанша минутта піседі? (5 минутта)



4 - кезең «Жұмбақ жасыру»

  1. Әуре болма теріп бекер, ұстай қалсаң еріп кетер (қар, снег)

  2. Балдай тәтті, мұздай қаттй (балмұздақ, мороженое)

  3. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. Есейіп кетсең де, қарыз боп қаласың. (мектеп, школа)

  4. Ойыңды жазасың, аласың мазасын. Беттері біткен соң бастайсың тазасын. (дәптер, тетрадь)

  5. Тышқанға қауіпті, иттерге жау мықты (мысық, кошка)

  6. Көп жазсаң, қолың талады, қағазға бәрін салады (қалам, ручка)

  7. Күндіз түні сыртылдайды, жүрісінен бір тынбайды (сағат, часы)

  8. Бетін адам ашады, білім нұрын шашады (кітап, книга)

  9. Сағат сайын қағылады, мектептен табылады (қоңырау, звонок)

  10. Жаурағанда күлдіреді, өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер (от, огонь)

5 - кезең «Мақал - мәтелдерді жалғастыру»

  1. Ананың көңілі балада (Баланың көңілі далада)

  2. Ананың сүті - бал, (Баланың тілі бал)

  3. Көп жасаған білмейді, (көпті көрген біледі)

  4. Әдепті бала, арлы бала, (Әдепсіз бала, сорлы бала)

  5. Кітап білім бұлағы, (Білім өмір шырағы)

  6. Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді)

  7. Оқусыз білім жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

  8. Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)

  9. Тіліңмен жүгірме, (Біліммен жүгір)

  10. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні кәріп)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал