- Учителю
- Мен және менің құқығым
Мен және менің құқығым
Тақырыбы: Мен және менің құқығым
Мақсаты:
Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда
өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай
алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз
ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала
құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта,
слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
СЛАЙД -1 Мақсаты
.. Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың
ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін
айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам
өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі
қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың
құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол
сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр
қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз
әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін
білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
Конституция дегеніміз не?
СЛАЙД-2 сөздік
Конституция - бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық
азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында
тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға
бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін
анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты - Конвенция деп аталады.
Конвенция - арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара
келісімі.
. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала
құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады.
2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға»
қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы»
енгізілген.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.
Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті - 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. .
СЛАЙД 3
СЛАЙД4 Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан
2) Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
- Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді.
Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
- Ол - Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды
растайды).
3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының
азаматтарымыз.
- Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді
балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың
негізгі құқытарын атап өтейікші.
4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала
құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға
Көрініс: «Мансұр мен Жалғастың орындыққа таласуы»
Мансұр: Жалғас,сен бұл орындықтан тұр,бұл жерге мен отырамын.
Жалғас: Неге?
Мансұр:Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.
Жалғас:Жоқ тұрмаймын,бұл орындыққа мен бірінші отырдым.
Мансұр:Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл
орындыққа?!
Жалғас:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған
бермеймін.
Автор:Орындыққа таласқан Жалғас айқай салды.
Жалғас : Тұр дедім ғой,бұл орындыққа менің құқығым бар.
Мансұр: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің
бе?
Автор:Орындыққа таласқан Жалғас пен Мансұр төбелесе кетті.Топ
балалары аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін топ белсендісі
Мерей араласты.
Мерей: Мансұр, Жалғас төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің
дауларыңды шешіп береді.
Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.
Тәрбиеші :Бұл не шу?
Мерей : Апай, Мансұр мен Дінмұхамед мына орындыққа таласып, «Менің
құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те
қоймайды.
Тәрбиеші : Мансұр, Жалғас , сендердің бұл құқықтарың дұрыс
емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл
тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі
қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім
алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен
шешу керек. Автор :Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Мансұр мен Жалғасқа
мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленудіұсынды.Ал таласқан
орын бос қалды.
Автор:Ал оқушылар Мансұр мен Жалғастың арасындағы дауды сендер қалай шешер едіңдер?
1-оқушы: Інкәр Егер екеуінің бірінің көзі нашар қөріп,алдыңғы партаға отырғысы келсе , онда ол оның құқығы деп ұғынар едім.
2-оқушы: Аида Мансур Жалғастын партасына таласып өктемдік көрсетті. Ол жай ғана сыпайы түрде орнына отырып сұраса Жалғас берер еди.
2 көрініс
Бекзат:Қарақат сен ойнамайсың Қарақат: Неге? Бекзкт: Сенің ата аналарың жұмыссыз. Сендер оралмансыңдар. Менің папам бастық. Мен сабаққа машинамен келіп машинамен кетемін. Айшабибі:Менің де папам жұмыс істейді . Біздің үйде ақша көп. Заң: Тоқтат! Тегіне, Нәсіліне және қай ұлтқа жататынына қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.(3-тарау,4-бап)
3 көрініс:
Наз: Нұрайым Бекжанның қаламы әдемі екен, көрдің бе? Нұрайым:
Иә, әдемі екен, бірақ бізге бермейді ғо. Наз: Мен оны былай
аламындатығып қоямын, көрсетпей жазамын. Сен айтпа. Заң :Тоқтат!
Әрбір баланың жеке өмір сүруіне, жеке басыныңқадір-қасиетіне қол
сұғуға, рұқсатсыз біреудің затын алуға ешкімнің құқығы
жоқ.(3-тарау, 10-бап) СЛАЙД Қандай құқық бұзылған Ролик қосылады
(Ертегі) Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады
(бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі
кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
1«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп
төндіреді/.
2«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.
3 «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп
қояды/.
4 «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығынан айрылады/.
5 «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкінен айрылады/. «Ойлан, тап»
ойыны.
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса,
шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен
сартылдатасыңдар.
• Ер Төстік +
• Мыстан кемпір -
• Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр -
• Шық бермес Шығанбай -
• Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы + Алдар көсе+
Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!
Адина Бостандық деп атар әр күн, таңымыз, Ар-намыстан тасынады қанымыз. Ғасырларды етегімен жалғаған, Елдік негіз құрған Ата Заңымыз. «Қасым ханның қасқа жолы» кешегі,
«Есім ханның ескі жолы » кешегі.
Әз Тәукеден қалаған «Жаті Жарғысы»
Қалай ғана санамыздан өшеді.
Диас Отан-Ана ірге тасын салып біз, Арманы бір тағдыр қосқан халықпыз. Қазақстан көп ұлтымның тұрағы, Татулығы жарасқанда алыппыз.
Айша:
Қасиетті қазақ жері байырғы,
Әлеуметтік, құқықтық ел зайырлы.
Конститутция алтын арқау қоғамға,
Бола берсін баршамызға зайырлы.
Диас:
Бейбітшілік бастамасын жамылып,
Бар әлемге қалдық қазір танылып.
Адам қымбат, халық -билік бастауы,
Көрген емес бағытынан жаңылып.
Бекзат
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі.
Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты,
Қорғар бәле жаладан
Ата Заң бұл ардақты.
Нұрайым
Құқығымды қорғаған
Ата Заңды қолға алам.
Оның әрбәр бабымен
Әділеттік орнаған.
Бейбарыс
Көгімізде елжірейді күніміз,
Төбемізде желбірейді туымыз.
Егеменді ел бірлігі туымыз,
Бақытындай еркіндігіміз туымыз.
Қарақат
Ынтымақ ,достық, тыныштық,
Туыстық бізге тым ыстық.
Бейбіт өмір белгісі
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Шәкір
Ата Заңы елімнің,
Қорғаны бар жерімнің.
Тау мен дала , орманның,
Теңіз, өзен, көлімнің.
Наз
Ата сөзі сияқты,
Әже сөзі сияқты
Ата Заңда жазылған
Сөздің бәрі шуақты.
Бекжан
Атқан таңым арайлы,
Бақыт күн боп қарайды.
Барлық заңы елімнің
Ата Заңнан тарайды.
Еркеназ
Құқығыңды білгейсің,
Тәртіпті болып жүргейсің.
Заңды білсең қашанда,
Жаман өмір сүрмейсің.
Али
Өмір бойы күнбе-күн,
Заңды орындау міндетің.
Жаза басып, опық жер,
Білмесе оны кім де кім.
Нұржігіт
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымыздан барлық үміт ақталсын.
Тату- тәтті бірге болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Асылхан
Той-тойлар мейрамдарда,
Батырларша мына біз
Кқгілдір ту- біздің туды
Тік көтеріп шыгамыз.
Іңкәр
Халықтың ақ тілегі-
Ізгіліктің бастауы.
Ата Заң бұл киелі.
Түзілген өн бойында
Әділдіктің ақ жолы.
Нұр боп жалын жолында,
Самға , біліп алда оны.
Айшабибі Елімізді сақтаған, Бар үмітті ақтаған. Ата Заңым әділ деп Барша жұртқа мақтанам.
Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің
еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы
мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен
бөліп қарауға болмайды.
Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер м
Оқушы міндетті
1 Жол тәртібін бұзбауға 2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға
3.Білімді менгеруге 4.Шындықты білуге
5.Үлкенді сыйлауға 6.Кішіге көмектесуге
7.Өтірік айтпауға 8.Шыдамсыз болмауға
9.Денсаулығын күтуге 10.Денені шынықтыруға
11.Қазақ тілін құрметтеу 12.Табиғатты қорғауға
Оқушы жауапкершілігі
1.Уақытында келу 2.Уәдеде тұр
3.Тиянақты болу 4.Мектеп мүлкін бүлдірмеу 5.Тәртіпті бұзбау
6.Жаман сөз айтпау 7.Досына көмектесу
8.Оқушы ережесін орындау 9.Кітапты күтіп ұстау
10.Күн тәртібін бұзбау 11.Талапты орындау
12.Әдепті болу
«Не істеуге болмайды?»
-Үлкендердің алдынан кесіп ……….. -Кішкене балан…… -Қыз баланы ………….. -Сабақтан……………………… -Сыныпта……………………. - Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
-Үлкен кісіні …………( сыйлау керек) - Үлкеннің …………( тілін алу крек) - Үлкендерге ………( сәлем беру керек) - Кішілерге ……….( қамқорлық жасау керек) - Аналарды, апаларды …… ( сыйлау керек) - Оқу құралдарын ………( күтіп ұстау кере)
Тренинг «Мен жұлдызбын»
- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдыздарды көріп тұрмыз ба? Себебі біз нелерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдыздарға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!
Құқық сөзінің кілті
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
-Бәріміз бірге оқйықшы.Хормен оқыту.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.
Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.
Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,
Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.
Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,
Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.
Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,
Халқыңның алдында қызарып тұруға. -дей келе біз бүгін өз
құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы»
деп айтқандай,ешкімнің ала жібін
аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің
арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!
«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)
1. Ұрлық түбі...........(қорлық)
2. Біреуге ор қазба..........(өзің түсесің)
3. Заңның құрығы ..................(бәрінен ұзын)
4. Өтірікшінің құйрығы ..............(бір -ақ тұтам)
5. Тура биде........................(туған жоқ)
6. Туғанды биде.................(иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді....................(мойныңмен көтер)
8. Еңбек түбі...........................(зейнет)
9. Ош алғаннан гөрі..................(кешірген жөн)
10. Ақырын жүріп .......................(анық бас)
11.Әдепті бала.................(арлы бала)
12. Әдепсіз бала ..........................(сорлы бала)
Қонаққа сұрақ
1 -оқушы: Анашым жеке дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Менің сабақтан бос уақытымда анама көмектесуіме бола ма?
2-оқушы: Мектеп ішінде кейбір оқушылыр суреттерді жыртып, бұзақы болып жатады. Осының бәрі өз құқығын білмеуінен туындайтын секілді. Заңдағы бала құқығы жөнінде айтсаңыз.
3-оқушы: Кейбір дүкендерден мектеп жасындағы оқушылардың сыра,
темекі сатып алғанын көремін. Білейін дегенім : Сатушы да ,жұмсаған
ата-анада кінәлі бола ма
ІІ. «Жағдаят шешу» бекеті.
1) Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп,
қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.
Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?
2) Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы
сабаққа жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды, - деп ойлайсыңдар?
3) Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау
оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп,
- келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?
ІІІ. «Түсініктеме» бекеті.
Біздің үшінші бекетіміз «түсініктеме» деп аталады. Интерактивті
тақтада сөздіктер жазылған. Қазір сол сөздердің мағынасын ашамыз!
1) Құқық - мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір
адамға берілген ерік, бостандық.
2) Конституция - бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық
азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
3) Конвенция - арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара
келісімі.
4) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жер бетіндегі халықтардың мүддесін
қорғайтын халықаралық ұйым.
5) Туу туралы куәлік - баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі
құжат. Мұнда баланың туған күні, айы, жылы жазылады, сондай-ақ
ата-анасының аты-жөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл баланың ең
бірінші құжаты.
6) Азамат - жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның
құқығы мен міндетінің иесі.
Жарайсыңтар!
IV. «Мәре» бекеті - Рефлексия. Тәлімгер.орг</<font
face="Times New Roman, serif"> Полный текст материала на тему
Оқушының құқықтары мен міндеттері можно смотреть в скачиваемом
файле. На этой странице приведен фрагмент материала
ІІІ бөлім
, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Көрініс: « Сыныптағы оқиға»
«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
1. Құқық деген не?
- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің
жиынтығы.
2. Құқық немен қорғалады?
- Заңмен қорғалады.
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған? 1789жылы.
Францияда.
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым
қабылдады?(БҰҰ. )
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғау.
6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?
- 1992жылы. 2-наурыз.
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар
қабылдады?
- Бала құқығы туралы конвенция.
8. Бала болып кімдер саналады?
- 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол
қойды?
- 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
10. Деклараци деген не?
- Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды
мәселесі.
11. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Парламент шығарады.
12. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
- Соғысып жатқан елдерде.
13. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?
- «Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп
Декларацияның 6-бабында айтылған.
«Бәріміз бірге!»
а) Біздің мемлекет - ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз - әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда - Астана.
г) ҚР кім басқарады? - Президент.
Пікірталас.
- Адамға не қымбат? - Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы
бар.
29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін
тегін алуға құқылы.
ІІІ. Қорытынды
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық
бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық
әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп
ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ
заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады:
«Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің
балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай
делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің
жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына,
өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
I бөлім
«Кім көп біледі?»
1. Қоғам деген не? (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)
2. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
3. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)
4. Құқықтық мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез - құлық)
5. Деклорация деген не? (Деклорация - хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым - қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)
6. Құқықтық норма дегеніміз не? (Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)
II бөлім
«Менің құқығым және міндетім»
Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.
1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?
(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім - көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)
2. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу - ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету - ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу - ата-ананың міндеті)
3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы - қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)
4. Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)
III бөлім
«Сөздік турнир»
Берілеген мәліметке нақты атауын беру.
1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.
(Азамат)
2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.
(Деклорация)
3.Жалпы тәртіптік шара.
(Заң)
4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.
(Конвенция)
5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.
(Пакт)
6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.
(Конститутция)
7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.
(БҰҰ)
8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не? (Бостандық)
IV бөлім
«Суреттер әлемінде»
Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.
(Тұрғын үй)
2.Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
2. БҰҰ-ның алдына қойған басты мақсаты - дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау. (Бейбітшілік)
3. Әрбір адам өмр сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)
4. Адамның, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
5. Кез-келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ ол әр адамның қалауынша болуы тиіс. (Демалу)
6. Кез-келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)
Vбөлім
«Блиц турнир»
1. Қазақстан республикасын кім басқарады? (Президент)
2. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)
3. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады?(Парламент)
4. Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады?(Сенат, мәжіліс)
5. Адамның, азаматтық қоғамның өзара жауакершілігін бекітетін не?(Конституция)
6. ҚР конституциясын, заңдарды нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не?(Үкімет)
7. Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не?(Заң бұзушылық)
8. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата! (Ту, елтаңба, әнұран)
Қорытынды бөлімде 2 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.
Қорытынды.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
«Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясын БҰҰ қабылдады.
«Біз неге құқылымыз?»
Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
әркімнің өмір сүруге құқығы бар
Тегін ауруханада емделуге
Балабақшаға келуге
Тегін білім алуға
Демалуға
Еркін ойнауға
Еркін өз ойын толық жеткізуге
Өз тілінде сөйлеуге
-Балалар,ыңғайланып отырып болсақ ,менің қолымда сиқырлы алтын
сандық бар.Ал,сендер, ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бұл «Туу туралы куәлік».Куәлікті таныстыру.
Слайд көру: «Бала құқығы туралы»
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік.
Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.
- Бала құқығы және міндеттері туралы конвенциямен таныстыру.
Балалардың жауаптары
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
.-Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.
Хормен оқыту.
Мен және менің міндеттерім, құқықтарым»
Мақсаты:
1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш
сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Мұғалім: - Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың
барлығы бір заңға бағынады. Ол - конституция деп аталады. Әр елдің,
мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы - Конституциясы бар. Бұл
Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар
жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық
адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің
де міндетің де бар. Ол - сен орта білім алуға міндеттісің. Мына
үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті,
саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
4. Пікірталас.
- Адамға не қымбат? - Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы
бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін
тегін алуға хұқылы.
- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға
міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей
декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар
конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге
құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға
көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап,
қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Сабақты қорыту.
- Сендердің қазіргі міндеттерің? - Адамзаттың басты құндылықтарын
ата.
4.
Балалар құқығының» заңдары.
Ой - талқы
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
«Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясын БҰҰ қабылдады
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
- Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын
қамтамасыз етеді.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен
азаматтық алуға құқылы.
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге
құқылы.
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға,
кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы
бар.
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге
қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше
құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын
қорғау үшін арнайы күндер берілген.