7


  • Учителю
  • «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар» тақырыбындағы ата-аналарға арналған коучинг жоспары

«Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар» тақырыбындағы ата-аналарға арналған коучинг жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар» тақырыбындағы ата-аналарға арналған коучинг жоспары Тақырыбы «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар» Жалпы мақсат: Ата-аналарға нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыт
предварительный просмотр материала

«Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар»

тақырыбындағы ата-аналарға арналған коучинг жоспары

  • Ата-аналарға нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.

  • Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін ата-аналардың топтарда бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастыру.

  • Әр ата-ананың тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету және оларды формативті бағалау

Оқу нәтижесі:

Бағалаудағы жаңа қадамдар туралы мәлімет алады, оқушының сыни көзқарастарын қалыптастырудың маңыздылығын сезінеді, өз ойларын ортаға салады, өзгенің пікірін тыңдайды, туындаған проблеманы шешу жолдарын қарастырады.

Түйінді идеялар:

Оқушы білім жетістігін бағалаудағы жаңа қадамдар. Критерийалдық бағалау, формативті және жиынтық бағалау

Ресурстар

Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта

Дерек көздері:

Интернет материалдар, Мұғалімге арналған нұсқаулық

I.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу



Топқа бөлу

  1. «Сәлем - сөздің анасы» тренингісі.

2. «Ақ тілек» тренингісі. Қатысушылар лента таңдап алады да, оң жақтағы көршісіне тілек айтып, лентаны білегіне байлайды.

Бір-бірімізге қол соғып қояйық.

  1. Топқа бөлу: Қымбатты ата-аналар, әріптестер білектеріңіздегі лентаның түстеріне байланысты топтасуыңызды сұраймын.



І. Қызығушылығын ояту бөлімі

(«Ой қозғау» әдісі)



1. «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» бейнеролик көрсетіледі.

-Оқушылардың суретін бағалаудағы жас мұғалімнің іс-әрекеті туралы қандай ой айта аласыз?

-Неге бұлай болды? Себебі не?

-Бейнеролик мазмұнына байланысты біздің бүгінгі бірлескен жұмысымыз қандай тақырыпта болады деп ойлайсыз?

  1. Тақырып хабарланады: «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар»

Мағынаны тану.



«Постер» әдісі

(Дайындыққа 5 минут, қорғауға 2 минуттан, бағалауға 1 минут)

«Көкейде жатқан көрікті ой...» айдарымен әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ: «Баға деген не?»

2-топ: «Оқушы жетістігі не?»

3-топ: Бағалаудағы өзгерістер не үшін қажет?

4-топ: Оқушы жетістігіндегі ата-ананың рөлі қандай?

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті: «Поезд «ойыны

Критериий дайындау тапсырмасы

«Сатып алушы талғамы» тапсырмасы.

Әр топқа аяқ киім бір бірден аяқкиім суреті беріледі. Осы аяқкиімді

сіз қалай бағалайсыз, критерий құрастыру.

Топ жұмысы тыңдалады.

Топ жұмысы «От шашу» арқылы бағаланады.

Топтық жұмыс(ізденіс тапсырмалары)

1-топ: Әңгіме үзінділерін ретімен орналыстырыңыз, мазмұнын көркем әңгімелеп айтыңыз. (Ыбырай Алтынсаринің «Бақша ағаштары» әңгімесі үш түрлі түспен беріледі.)

2-топ: Әңгімені рөлге бөліп оқыңыз. Әңгіме сізге қалай әсер етті? Сейіт қандай бала? Мінездеме беріңіз.( Ыбырай Алтынсаринің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесімен жұмыстанады)

3-топ: Әңгіме мазмұнын қойылым арқылы көрсетіңіз.( Ыбырай Алтынсаринің «Әке мен бала» әңгімесі)

4-топ: Үзіндіні оқып, әңгімені өздеріңізше аяқтаңыз. Әңгімеге ат қойыңыз.

(топты тыңдап болған соң, дұрыс нұсқасы оқылады. Топтан әңгіменің түйінін табу сұралады)

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау



  1. «Әлемнің жеті керемет балалар көзімен» (бейнеролик көрсету)

Бейнеролик бойынша тыңдаушылар пікірлерін тыңдау

(Өз ойларыңызды айтсаңыздар).

  1. «Суреттер сыр шертеді» (Суреттермен жұмыс)

Әр топқа суреттер сұлбасы беріледі.

А) суретті бояу,

Ә) тақырып қою;

Б) тақырыпты ашатындай нақыл сөздер келтіру;

В) Топтан «шебер әңгімеші» шығып қорғайды.

Топ жұмысы «Бағдаршам» әдісімен бағаланады.

Ой толғау бөлімі.

«Оқушы жетістігін бағалау: бағалаудағы жаңа қадамдар»

Рефлексия

«Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар» тақырыбындағы ата-аналарға арналған коучинг жоспары «Табыс ағашы»

Қатысушылар коучинг-семинардан алған әсерін стикерлерге жазып, табыс ағашына жапсырады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал