7


  • Учителю
  • : «Пікірлесе білу баға жетпес байлық»

: «Пікірлесе білу баға жетпес байлық»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Пікірлесе білу баға жетпес байлық»Мақсаты: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға,тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге,адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар ауда
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Пікірлесе білу баға жетпес байлық»
Мақсаты: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға, тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударып, олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа,пікірлесуге бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.

Кештің қонағы: мектебіміздің тәрбие- ісі жөніндегі директор орынбасары - Замира Мақсотқызы
Кештің алғашқы беташар сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Біздің бүгінгі кездесуіміз «Пікірлесе білу баға жетпес байлық» атты ашық тәрбие сағатымызға орай ұйымдастырылған. Ортамызға ұстаздардың ұстазы, мектебіміздің тәрбие істерін көп жылдардан бері басқарып, біздің балаларымыздың азамат болып, өз орындарын табуға үлесін қосып келе жатқан апайымызды шақырып қонақ еткелі отырмыз. Кешіміз сұхбат ретінде өтеді, арнайы сұрақтар дайындадық, тапсырмаларымыз орындалады деп ойлаймыз, апай ортаға келіңіз, төрге жайғасыңыз. Апай бүгінгі көңіл күйіңіз қалай? Біздің балаларымыздың сұрақтарына шынайы жауап бересіз бе?
Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады.

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Әрқашан ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазына мың - сан алғыс,
Өйткені ұстазының ақ арманы.
Жолдығулов Бекарыстың орындауында « Ана туралы жыр » қарсы алыңыздар.


Ұстазды алып десе, сияды шын,
Басқаға қалай ғана қияды ішің.
Шәкірті бәйгелерден озып келсе,
Жар салар жасыра алмай қуанышын.

Сөк мейлі, сен оларды, сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстазың бір сабақтан «мұның не» деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.

Ол менің «ұлым менен, қызым» дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:

1. Балалық шақтан есіңізде не бар?

2. Балалық кезінізде шашыңыз ұзын болды ма?
3. Туған жеріңіз қай жер, сізге несімен ыстық?
4. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
5. Үйдегі ағайыңызбен бірге оқыдыңызба, ол кісінің қандай қасиеті ұнайды?
6. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
7. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
8. Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
9. Балалық кезінізде кім болғыңыз келді?
10. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
11. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
12. Төбелесіп көрдіңіз бе?
13. Қандай түстерді ұнатасыз?
14. Естуімізше қолыңыздан шаш қию келеді екен, әсемдеп жазу келеді екен, тағы қандай қырыңыз бар?
15. Ән салып беріңізші?

16. Шаш өре аласыз ба?
16. Тамақ істеп кір жууға қалайсыз?

17. Суда жүзуді білесіз ба?

18. Сіздің авто көлігіңіз бар ма? Маркасы қандай?

19.Домбыра тарту білесіз ба?

20. Сіз қандай тамақты ұнатасыз?

20. Қандай киім үлгісі ұнайды?

21. Қандай иіс су себесіз?


Кеш қонағы осы сұрақтардың барлығына балалық шақтан бері қарай өмірі жайлы, басынан өткен оқиғалар жайлы, өмірден түйгендері жайлы әңгімеледі.
Қосымша тапсырмалар берілді.
Ою ойды, домбыра тартты, әсемдеп жазып қолтаңбасын қалдырған уақыттағы жазуларын көрсетті.
Апайға « Бол жаным да» әнін арнап, оқушылар қосыла ән айтты.
Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін көрсетті.
Ұстазымен оқушылар болып ескерткіш суретке түсті.

Соңында мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біздің ортамызда жүрген апайымыздың көп қырын, өнерін үлкендер білгенмен оқушыларымыз біле бермейтін еді. Бүгін апайымыздың да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Біле бермейтін жақтарымыз көп екен, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, апай сізге рахмет.
Өнеріңізді көрдік, балаларымызға әңгімеңізді айттыңыз, бізден ескерткіш болсын деп, сыйлығымызды бердік.
Кеш осылай мәресіне жетті.

Ақтөбе қаласы

Құрашасай орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты



Пікірлесе білу

баға жетпес байлық






5 класс жетекшісі: Жакупова Жұлдыз Мерекеқызы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал