- Учителю
- АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР.
Әуендік жалпыадамзаттық құндылықтар
1. Әуенді орындықтар ойыны. Әр орындыққа жалпыадамзаттық құндылықтар жазылған парақтар қойылады. Мұғалім классикалық әуенді қосады. Әуен аяқталған сәтте оқушылар орындыққа отыра қалулары тиіс. Орындыққа ие бола алмаған оқушылар ойыннан шығады. Мұғалім біртіндеп құндылықтарды орындықтан алып, сол құндылық болмаса, не болатынын оқушының түсіндіруін сұрайды.
2. Құндылықтарды беру. Сәлемдеме беру ойыны. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әуен қосылған сәтте немесе ән айтқан кезде, қолдарындағы сәлемдемесі бар қорапшаны бір-біріне береді. Әуен аяқталғанда, қолында қорапшасы бар оқушы, оның ішінен бүктелген қағазды алып, соның ішінде жазылған тапсырманы орындайды. Әр қағазда бір құндылықты көрсету тапсырмасы болады.
3. Сүйіспеншілікті беру
Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып отырады. Біреуі «сүйіспеншілік» туралы ойлап, көршісіне қол қысу арқылы береді. Сүйіспеншілікті қабылдаған адам күлімсірейді де, оны келесі адамға береді.
Шеңбердегі бастапқы және соңғы адам түйіскенде, сүйіспеншілік өзімізге қайта оралады.
"Мұғалім сөйлейді" ойыны
Мұғалім балаларға бір әрекет орындауды тапсырады. Мұғалім айтты: "Тісті тазалаңыз", оқушылар сол әрекетті бейнелейді. «Мұғалім айтты...» деген сөзден кейін, оқушылар құндылықтарға сәйкес әрекет етеді. Егерде ол сөз айтылмаса, оқушылар ешнәрсені бейнелемейді, өйткені ол дұрыс әрекет емес.
Бұл ойынның маңызды екі факторы бар:
1. Оқушылар үшін, олар мұғалімнің көрсеткенін қайталаулары тиіс.
2. Мұғалімдер үшін, олар өз әрекеттеріне үнемі мұқият болулары қажет, өйткені оқушылар оны өз әрекеттеріне көшіріп алуылары мүмкін.
4. Бақа тәрізді секіру ойыны
Мұғалім бұл ойынды құндылықтарды бекіту үшін қолданады.
«Ойын алаңы» белгіленеді. Алаң ортасында құндылықтар: бейбітшілік, қарапайымдылық, жақсылық, т.б. белгіленеді. Олардың айналасында жағымсыз құндылықтар: ашу, жеккөру, менмендік, т.б. жазылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды қағаз гүлдерге, жаман қасиеттерді жапырақтарға жазу. Оқушыларға қолдарындағы бақаны жапырақтан секіртіп, гүлге қондыру тапсырылады.
"Ұшақ" ойыны
Ойынның мақсаты: ұшақты құндылықтарға қондыру. Оқушылар тақта бетіне жабыстырған қатты қағазды нысана етіп, қағаз ұшақтарын соған қарай ұшырады. Картонға үлкен етіп нысана белгіленеді. Нысана ортасына құндылықтарды жазып, айналасына жағымсыз қасиеттер белгіленеді. Балалар кезекпен құндылықтарға қону үшін, нысанаға қарата ұшақтарын ұшырады.
Заттарды сәйкестігіне қарай таңдап алу ойыны.
Мұғалім түрлі варианттарды ойластырады. Ойын барысында әр жануардың қандай қасиетті бейнелейтініне қарай құндылықтарды таңдау тапсырылады. Балалар жануарлар бейнеленген карточкаға сәйкес келетін құндылықтар жазылған карточканы жинақтайды. Мысалы, мысық - тазалық, ит - адалдық, т.б.
Кроссворд. Мұғалімдер құндылықтарға арнап кроссворд құрады.
Сурет - жұмбақ. Мұғалімдердің өздері ойландыратын жұмбақтар құрастырады. Мысалы: тәрбиелік, түрлі суреттер жапсырып, олардың кейбір құрамды бөліктерін қиып алып, басқа затқа жапсырады. Бұл ойынға алдын-ала дайын материал дайындалып, оған қосымша қолдан суреттер салуға болады.
"Лабиринт" ойыны. Қағаз бетіне лабиринт салу, оның ішінде «ашу», «қызғаныш», «сараңдық», «менмендік», т.б. сөздер жазылады. Ортасына баланың суретін салу. Оқушылар лабиринттен шығатын жолды іздейді. Лабиринтке кіре берісте түрлі құндылықтар жазылады.
"Соқыр" ойыны
Бұл ойын өзара сенімді қажет етеді. Оқушылар жұпқа бөлінеді. Біреуінің көзі байлаулы, екіншісі оны жетектейді. «Көзі көрмейтін» адам оң қолын жетектеушінің оң иығына қояды. Ойын дұрыс болуы үшін «көзі көрмейтін» адам сығаламауы тиіс. Ол жолында кездескен нәрселердің не екенін өзі анықтап айтуы керек. Біраз уақыттан соң рөлдері алмасады.
1. Ойын «Көңілді марғау»
(Көңілді музыка әуенімен жүргізіледі).
Бір балаға мысықтың маскасы киіледі. Қалған балалар шеңбер жасап тұрады. «Марғау», оңа не солға бұрыла отырып, өзінің «құйрығын» ұстауға тырысады.
Ұстап алған жағдайда, соңғы қатарға тұрып, ойын ары қарай жалғасады, ал ұсталынған «марғау» ролін атқарады. Ойынды бірнеше мәрте қайталауға болады.
-
2. Ойын-пантомима
Әдемі, жайлы әуенмен жүргізіледі.
- Менің жасаған қимылдарымды қайталауды өтінемін:
- гүлдер ашылды
- аралар бал жинауға гүлдерге ұшып келді
- самал жел тұрып - ағаштар тербелді
- бұлттың ары жағынан күн күлімдеді
- шалғында шегірткелер секіріп жүр
- өрмекші өрмек тоқуда
- құстар бұтақтан бұтаққа секіріп, құйқылжыта сайрайды.
3. "Аяқталмаған сөйлемдер" жаттығуы
Берілген сөйлемдері аяқтау тапсырмасы беріледі:
- «Маған ұнайды…»
- «Мені ұнатады…»
- «Маған жағдай жасайды…»
- «Мен қамқорлық көрсетемін…»
- «Маған сенеді…»
(Жауаптары тыңдалады).
4. «Өзіммен оңашада»:
Тыныштық жағдайында отырып, педагог балаларға өз жүрек дүрсілдеріне ден қоюды тапсырады.
- Өз жүрегімізді тыңдап көрейікші. Үнсіз отырып, ойланып көрейік...
Тәрбиеші өзі қолын жүрегіне қойып көрсетеді.
-
Менің жүрегімде махаббат өмір сүреді. Сендерде ше? Қандай адамдар мейірімді және қамқор болады деп ойлайсыңдар?
5. Ойын-жаттығу: «Сүйіспеншіліктің шуағы»
Педагог балаларға өздерін күн ретінде елестете отырып, бір-біріне күн шуағы арқылы жылы тілектерін білдіруді өтінеді.
- Махаббат - бұл біздің әрқайсымыздың жүрегіміздегі күн шауғы секілді. Оның әдемі шауқтары ғажайып жағдайлардың болуына әсер етеді.
Олай болса, өзіміз солай жасап көрелік. Елестетіңдерші, сендер барлығың күн шақтарысыңда. Біздің «күніміздің» айналасына тұра қалып, өзіміз қалаған адамға өз тілегімізді білдіреміз. Ал ол үшін мына сөздерді пайдаланамыз:
Сүйіспеншілік шуағын шашып,
Баршаға денсаулық тіледім!
Сүйіспеншілік шуағын шашып,
Апама бақыт тіледім!...
6. Ойын: «Сиқырлы пошта»
- Неліктен сиқырлы пошта аталатындығын түсіндіріп өту (өйткені бұл пошта тек сүйіспеншілікке негізделген хаттарды ғана тасиды екен...);
- Қандай сөздерді білесіңдер?
(талқылау).
Балалар шеңбер жасап отырады. Қағазды шиыршықтай отырып, бірінен соң бірі жылы тілектер жазып шығуы тиіс. Қағаздың жазуға болатын жері таусылғанша ойын жалғаса береді.
7. Жаттығу: «Маған ұнайды…»
Балалар шеңбер жасап тұрады. Педагог допты лақтыра отырып, балаларға сұрақ қояды:
-
саған не ұнайды?
-
қандай тағамды ұнатасың?
-
қандай кітапты ұнатасың? және т.с.с.
8. Ойын: «Мен қамқорлық жасаймын»
Егер мен құс болсам, ...
Егер мен жолбарыс болсам...
Егер мен күн болсам, ...
Егер мен аққу болса, ...
Егер мен ... т.б.