- Учителю
- Спид - ғасыр дерті
Спид - ғасыр дерті
</<font face="Times New Roman, serif">«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы
№ 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«ЖҚТБ ғасыр індеті»
Сыныбы: 5 «Б»
Сынып жетекшісі: Сиражиев Е.Н.
Тараз қаласы
2016
Күні: 18.10.16
Тәрбие сағатының тақырыбы: ЖҚТБ ғасыр індеті.
Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған
қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана,
қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірталас.
Көрнекілігі: Газет - журнал деректері, мақал - мәтелдер, слаид.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ғасырдың індеті аталған ЖҚТБ (СПИД, иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне ауруда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан - 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Аданың ақыл - ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл - ойын, денсаулығн, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл - ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығрмашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр - салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған қойылым салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.
1 - жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының дректеріне сүйенсек, республика бойнша ерлердің 57%, жасөспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдрдың 55%үнемі арақ ішеді екен.
2 - жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29,5% нашқорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім , әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетімдр екенін көреміз.
Жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты » осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олрдың жан - жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
1- оқушы: Темекі - әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт.
2 - оқушы: Темекінің адам ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да , азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек.
3 - оқушы: Алкоголь - адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 - 15 жылға қысқартады.
4- оқушы : Алькоголь - «нерв уы » деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс - қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады .
5 - оқушы: СПИД - ғасыр обасы. СПИД - Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т - лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазқсатнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД - ке шалдыққан.
6 - оқушы: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт - насихатты күшейту туралы шараларын мндеттеп берді.
Мұғалім сөзі: Қауіпті ЖҚТБ (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы - СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖҚТБ-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат.
ЖҚТБ вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖҚТБ ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖТҚБ әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық.
Егер де 2001 жылға дейін дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл - ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. БҰҰ-ның есебі бойынша 15-24 аралығындағы жастардың 12 миллиондайы жыныстық қарым-қатынас арқылы ВИЧ инфекциясына шалдыққандар.
Егер алдыңғы буын осы жабық тақырып аясында жастармен әңгіме өрбітсе, қатерлі дерттің алдын алар еді. Экономикасы дамыған Канада, Франция, Швеция сияқты елдерде осындай тақырыпта кеңінен ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың көрсеткіші азайған. Бірақ бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындасуына тыйым салынады. Әрбір ұл-қыздарымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен жүрсе, денсаулығымыз жақсы, отбасымыз берік болар еді.
Жағдаят. Топқа жаңадан студент келді . Біраз уақыт өте оның СПИД - пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым - қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып,
салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ
сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі
жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу
керек.
1. Ауырып ем іздегенше , (ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (жасайды жылдар көптеген)
3. Қайғы қартайтады, (қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (арақ ақылды ішеді)
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (ақыл шөлмек ішіне түседі )
7. Тыста ұзақ жүргенің, (ұзақ өмір сүргенің)
8. Ішпеген, шылым тартпаған, (денсаулығын сақтаған )
9. Ішпеген, шылым шекпеген, (жасайды жылдар көптеген)
10. Ұзартқың келсе ғұмырды, (таста арақ пен шылымды)
11. Жасында темекісін будақтатқан, (күркілдеп қартайғанда сұлап
жатқан).
Ән: « СПИД жойылсын »
1. Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем - дәрі тезірек табылсын.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
2. Есірткі құрысын
Ішімдік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл - қызы көбейсін.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік.
Қорытынды:
СПИД деген - ғаыср уы , зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық - жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!
Сонымен оқушылар бүгінгі тәр бие сағатымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!