7


  • Учителю
  • Реферат на тему 'Вредные привычки'

Реферат на тему 'Вредные привычки'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

НАСЫБАЙДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ


Жастар, тіпті, жасөспірімдер арасында насыбай ату кең таралып, жаппай етек алып кеткені рас. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Олардың насыбай деп тартып жүргендері негізінен түрлі химиялық қоспалардан астыртын дайындалатын, сапасы аса күмәнді, денсаулыққа орасан зор зиянын тигізетін зат. Біздің әкелеріміз, бабаларымыз тартатын аршадан, түрлі емдік өсімдіктерден жасалатын таза, табиғи насыбай қазір жоқ. Бұрынғы кезде әркім өзі қолдан дайындап алатын насыбайдың өзін үлкендер болмаса, жастар қолданбайтын. Насыбай атқан адамды қанын тексеру арқылы оп-оңай анықтауға болады дейді дәрігерлер. Дәрігерлердің айтуынша, кез келген наркотикалық заттар, алкогольдік ішімдіктер, оның ішінде насыбай адам денсаулығына аса зиян. Ол - әсіресе, қатерлі ісік ауруларының басты себептерінің бірі. Жастардың көбі оны қызық көріп, сонан соң басқаларға еліктеп тартады. Оны өздерінше мақтан көреді. Насыбай - жасөспірімдер үшін түтінін шы¬ғар¬май, ата-анадан жасырынып темекі шегудің амалы болып отыр». Бірер жыл бұрын Үкімет насыбайды есірткі деп танып, оны таратуға, тұтынуға тыйым салды. Бірақ соған қарамастан, қаладағы базарларда насыбай саудасы қызып тұрғаны жасырын емес. Насыбай - құмарлық үшін пайдаланатын, құрамында есірткі бар темекі өсімдігінен жасалатын зат. Насыбай ату - темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Сөйтіп отырғанында насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны тиылып қоя береді. Насыбай темекіге қарағанда әлдеқайда улы, зиянды, былғаныш. Ол рак ауруына жол ашады. Насыбай ататындардың ауыз қуысы ойылып, жара-жара болып жүреді. Бұл - әктің әсері. Желім де ағзаға зиянды зат. Өзбекстанның онкологиялық орталығы таратқан мәліметтерге қарағанда, ауыз қуысының рак ауруына шалдығатындардың 63 пайызы насыбай ататындар екен. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, кеңірдек пен қолқаның рак ауруы қазақстандық ер-азаматтарда әйелдерге қарағанда 5 есе көп кездеседі. Сондықтан да дәрігерлер, ұстаздар, жалпы жұртшылық болып жастардың, әсіресе, жасөспірімдердің, залалды дағдыдан аулақ болуы үшін аянбай жұмыс жасауда. Зиянды әдеттің жиіркенішті жағын, ағзаға зиянды әсерін жете әрі толық айтып түсіндірейік. Сонда ғана «Жаңылыспайтын жан - жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» - демекші, бір сәттік алдамшы қызықтың жетегіне кеткен, жасөспірімдер өз ерік - күштерімен бері қарай, түзу әрі тура жолға түседі деген ойдамын. Ертеректе үлкен бір ауылда насыбай ататын бірлі-жарым ғана қария адам болушы еді. Сол қарияның насыбайы таусылып қалса, ерте тұрып, атқа мініп, көрші үлкен ауылға жолға шығатын. Ал қазір болса насыбай атушылардың саны көбейіп, өздері тым жасарып кетті. Насыбай ататын әжелеріміз де көп. Насыбай да темекі мен есірткі сияқты бір бастасаң қоя алмайсың. Соған әуес болып, психикалық тәуелді болып шыға келесің.
Насыбай тұралы аңыз:
Насыбай атқан адамдар бір көргенде елітіп, ақ жарқын, әңгімешіл болып көрінеді. Көтеріңкі көңіл - күй жарты сағатқа созылады. Әдетте бір шөкім насыбайды аузына салған адам оны тілдің немесе үстіңгі еріннің астында, яки ұртында ұстайды. Ауыз қуысына түскен дәрі-дәрмек, сол сияқты басқа да еритін заттар қанға тез сіңіп, денеге тез жайылады, миға жылдам әсер етеді. Ауызға түскен насыбай да солай, ол бірер минуттан соң-ақ басты айналдырып, көзді бұлдыратып жібереді.Басқаша айтқанда үнемі ұйқысырап жүретін жалқау денені сілкіп, оятқандай болады. Бұл, әрине, бір сәттік қана әсер.
Насыбай тұралы шындық:
Екі - үш ай өткеннен кейін насыбай ату мерзімі (уақыты) жиілей береді. Күніне 8 - 10 ретке дейін насыбай атады. Насыбайға тәуелді болып, ауызға ұстау мерзімі де ұзарады. Насыбайға басыбайлы (толық) құл болған адамның жұмыс қабілеті төмендеп, сәл нәрсеге ренжіп, болмашы затқа ашуланып, ұрысқақ болып алады.
Ылғи да насыбай атқысы келіп, өзінің негізгі жұмысына, оқуына деген ынта - ықыласы нашар болады. Насыбай бітіп қалса, сол насыбай қайта табылып ауызға түскенше басы ауырып, көңіл - күйі болмайды. Жүрегі соғып, әлсізденеді, ұйықтайын десе ұйқысы келмейді. Тамаққа тәбеті болмайды. Айналасындағы жанұядағы адамдардың сөзін көтермей, ызақор болады.
Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбайға тәуелді болып қалады.
Нарколог дәрігерлердің айтуынша, насыбайды үзбей атқандардың көпшілігі жаман ауруға шалдығып, жандары қиналады. Өйткені насыбайдың құрамында денсаулыққа өте зиянды заттар көп. Оның арты қатерлі ісік ауруларына ұласады. Құрамындағы жануарлардың қилары олардың құрамында түрлі микробтар бар. Ал, олар адам ағзасына енгеннен кейін адамды улап, жұқпалы аурулар мен ішек ауруларын туғызады. Ауыз қуысы арқылы пайдаланатындықтан, адамның миы зақымданып, жүйке жүйесі әлсіреп, тез ашуланшақ болып кетеді десе, ал онколог дәрігердің айтуынша он жылдан аса уақыт атқан адамдардың ауызында қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігі бар. Ауыз сілекейімен ішке кеткен 3-4 грамм насыбай ит пен мысықты өлтіреді екен. Ал содан кейін ағзасы әлі толық жетілмеген жасөспірімдер үшін «насыбайдың» қаншалықты зиян әрі қауіпті.
Жалпы, дәрігер мамандардың айтуын¬ша, насыбайдың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Біріншіден, насыбай ату темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйрен¬гендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Оның құрамына никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті қоспалар қосылады. Әрі насыбай ату адамның жасын қысқартады. Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісігіне ұшырайды. Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықыласты азайтады. Тыныс алу жолдары қабынады. Ұдайы насыбай ату ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Тамаққа деген тәбетті жойып, адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан насыбайдан аулақ болған жөн.
Насыбай ататындардың есіне:
• Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады.





«№ 9 мектеп-лицейі» КММ





Тақырыбы: Насыбайдың зияны



Тексерген:Болбаева П.А.

Орындаған: Елтаев Марат

6 «А» сынып оқушысы














2015-2016 оқу жылы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал