7


  • Учителю
  • Қазақ тілі: Негізгі және туынды зат есім. 3 сынып

Қазақ тілі: Негізгі және туынды зат есім. 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні қазақ тілі

Сыныбы 3"Ә"

Күні 18.02.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім. 24-30 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру.Негізгі және туынды зат есімді таныту.

Дамытушылық - оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып,мәнерлеп сөйлеуге,әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік -ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:оқушылардың игерген білімін пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: суреттер, қима қағаздар «Сөз таптары» картасы.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу ,оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә)Сабаққа әзірлігін тексеру,оқу құралдарын дайындау.

ІІ.а)Үй тапсырмасын тексеру

151-беттегі 23-жаттығу

ә)Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы бекіту.

- Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

- Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.

- Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз:іскер,байлық,кезекші.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру.

  2. Негізгі және туынды зат есімді таныту.

(тақтада жұмыс)

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жасуа.

шебер, таза, жақсы, ем, ас -лық, -лік, -хана

ойын, тал, жаңа, әділ, дос -шық, -дік, -тық

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

24-жаттығу.Туынды зат есімдерден негізгі зат есімді ажыратып жазу.Негізгі және туынды зат есімдерге сұрақ қойып, бір-бірінен өзгешелігін айту.

Адалдық, астық, ұзындық,көрік, жолдас, сызғыш, қырат, өшіргіш, татулық.

25-жаттығу.Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді ажыратып жазу.Негізгі және туынды зат есімдерді қатыстырып,сөйлемдер құрап жазу.

27-жаттығу.

  1. Мақалды жатқа жазу.

  2. Туынды зат есімді тауып,сөз құрамына талдау.

  3. Туынды зат есімнің түбірі қай сөз табы?

Талант қартаймайды,

Білім ортаймайды.

28-жаттығу. -қыш, - кіш, -ғыш, -гіш, -лық, -лік, -дық, -дік жұрнақтарын жалғап, қандай зат есім жасауға болатынын айту.

Үлгі: ілгіш, тазалық, …

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

- Біз не білдік?

Талқылау.

Ү.Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма: Ережелерді жаттау. 29, 30-жаттығу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал