7


  • Учителю
  • План 'Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік'

План 'Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мамандандырылған экономикалық лицей»











Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік









Сынып: 1

Сынып жетекшісі:Тегисбаева А.Б.


















Ақтау 2015ж



Мұғалімдер күні мерекесіне арналған

«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»

атты сынып сағаты


Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.


Би: «Ақбұлақ»


І жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы -

І жүргізуші:

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулықнұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласыныңжүрегіндегіқадіртұтып, құрметтейтінекіұғымболса, оныңбірі - Ұстаз.

ІІ жүргізуші:

Дұрыс айтасың Іңкәр. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші:

Иә, Ернұр.Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші:

Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші:

Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші:

Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші:

Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші:Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші:

Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 9 - сынып оқушысы Бітім Әділхан
ІІ жүргізуші:

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 9 сынып оқушысы Сағат Диана
І жүргізуші:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші:

Иә, ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші:

Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне Санімхан апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші:

«Қазақ қызы» орындайтын 9 сынып оқушысы Жолдас Меруерт.
І жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік! - деп келесі мерекелік құттықтау сөзді Бақыт ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші:

«Ұстазыма» орындайтын 9 сыныпАбуева Меруерт.

І жүргізуші:

«Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Ернұр менің ойымша, кез - келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші:

Олай ойлауыңның себебі неде?

І жүргізуші:

Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші:

Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Іңкәр, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші:

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың - деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата - аналар ұйымының төрағасы Борис ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші:

«Асыл досым» әні орындайтын 9 сынып оқушысы Ақарыс Азамат.
І жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

ІІ жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші:

Ернұр, ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау - деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші:

Дұрыс айтасың, Іңкәр. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

ІІ жүргізуші:

«Ұстазым» әні орындайтын 9 сынып оқушысы Қуанғалиев Санжар.
І жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

- дей келе ендігін мерекелік құттықтау сөзді мектеп басшысы Тажихан апайға береміз. Рахмет, Апай! «Достар» әні орындайтын 1сынып оқушысы Алинуров Нұрбек.
ІІ жүргізуші:

Мектеп үйім, ұстаздарым ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал