- Учителю
- Сыныптан тыс шара Ойлау ойды қозғайды
Сыныптан тыс шара Ойлау ойды қозғайды
Тақырыбы: Ойлау ойды қозғайды
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, алған білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін, ойлау қабілетіндамыту. Шығармашылық ізденістерін ұштау.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзітәрбиелеу.Оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі:ребустар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс
Сабақ типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1-кезең. Ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
- Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Логика әлемі»
атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс
түрінде өтеді. 1-топ «Тапқырлар», 2- топ «Алғырлар»)
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен
өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымызойлы
болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
1-топ «Тапқырлар»
-
Үстел үстіндегі балықтардың үйі -аквариум
-
Онсыз тамақтың дәмі жоқ - тұз
-
Қыс мезгілінің үшінші айы - ақпан
-
4 тышқанның құлағы нешеу - 8
-
Ұшатын көлік қалай аталады - ұшақ
-
1 жылда неше ай бар - 12 ай
2- топ «Алғырлар»
-
Ас атасы - нан
-
Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны 8. Аулада неше қаз жүр - 4 қаз
-
Аяқ киімнен жолда қалған таңба - із
-
Пияз аршысаң көзіңнен не ағады - жас
-
Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн - бейсенбі
-
Екі пілдің құлағы нешеу - 4
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
1-топ «Тапқырлар»
-
Түбір сөзге жалғанған бөлік?
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал?
-
«Ата-ананы құрметтеу туралы» әңгімесінің авторы?
-
Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура?
-
Аспан әлемі?
-
«Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?
-
Есептеу қай саннан басталады?
-
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік?
2-топ «Алғырлар»
Судың қатты күйі?
Қосуға кері амал?
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?
«Жылу» кімнің өлеңі?
Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат?
«Сенің атың кім» - бұл қандай сөйлем?
Екі ұшы шектелген (түйінделген) түзу сызық?
«Апаның тілін алса егер...» өлеңінің авторы?
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
-
М.Мақатаев кім?
-
Ол қай жылдар арасында өмір сүрді? (1931-1976 жж)
-
Анасының есімі - Нағима
-
Әкесінің есімі - Сүлеймен
-
Мұқағали Мақатаевтің қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
(Оқушылар жатқа білетін өлеңдерін айтады)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
1-топ «Алғырлар»
-
Анар сорпаны тұзбен тұздады.
-
Жомарттың жас күшігі бар.
-
Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр.
-
Жазира қорыққанынан сыбырмен сыбырлап сөйлейді.
2-топ «Тапқырлар»
-
Раушан жазумен хат жазды.
-
Айдын күшігінің атын атап атымен шақырды.
-
Аян апасымен әңгімелесіп әңгіме айтты.
-
Айдана шайға қасықпен қант қосты.
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
25+15 (А) 38+18(Н) 54+37(Ш) 100-33(Д)
70-16(Ы) 80-41(Қ) 65-18(Р) 24+28 (А)
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
Жауабы: дуниетану
</<font size="4">Қорытынды: Әділ қазы алқаларының шешімі жарияланып, оқушыларға мақтау грамоталары таратылады.