7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағаты Мемлекеттік рәміздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



</ Бекітемін: Сыныбы:9 A



Тақырыбы: ЕЛІМ МЕНІҢ

Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.

2.Алған білімдерін толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер ету, сөйлеу тілін

дамыту.

3.Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер



Өтілу барысы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар бүгінгі өткізгелі отырған «Елім менің» жобасына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс. Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.

1 - айналым. «Сіз білесіз бе?»

2 - айналым. Сырлы суреттер

3 - айналым. Капитандар сайысы

4 - айналым. «Адасқан әріптер»

5 - айналым. Ән жұмбақ

6 - айналым. Жүзден жүйрік

жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:



1 - жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.

І топ «Бәйтерек»

Топ жетекшісі:

Мүшелері:



2 - жүргізуші:

ІІ топ «Ханшатыр»

Топ жетекшісі:

Мүшелері:



1 - айналым.

«Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.

І топтың сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.

Ту, Елтаңба, Гимн

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.

Көк, сары

3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.

Екі рет

4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі

Жұлдыз

5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай

2: 1

2 - жүргізуші:

ІІ топтың сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл

1992 жыл

2. Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым

3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс

Қыран бүркіт

4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар

Қанатты пырақ

5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды

Ел президентін ұлықтау рәсімінде

1 - жүргізуші:

2 - айналым.

Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек.

2 - жүргізуші:

3 - айналым.

Капитандар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:

1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет - тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)

2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)

3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ - мемлекеттiң түп - негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)

4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)

жүргізуші:

4 - айналым. «Адасқан әріптер» Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай

1 - топ:

О Л Ы Б А С А Р

1 - топтың сұрағы:

1. Нанды баспа обал болады

2. Бала тілі бал

3. Ақыл жастан, Асыл тастан

2 - топ:

А Р А Ж Т Қ Ы Л

2 - жүргізуші:

2 - топтың сұрақтары:

1. Ақыл көпке жеткізер Өнер көкке жеткізер

2. Ескі жара аузын тырнады

3. Біреуге жала жаппа







жүргізуші:

5 - айналым.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)



Қорытынды:

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Жүзден жүйрік. Бұл айналымда әр топ өз сыныбымызды айқындайтын белгінің суретін салу керек, яғни сынып эмблемасы



Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал