7


  • Учителю
  • Открытый урок: Ж.Аймауытов Торғай

Открытый урок: Ж.Аймауытов Торғай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылы

№36жалпы білім беретін орта мектеп





















































2 сынып

















Сынып жетекшісі: Муханова Сандугаш Дауленовна

































Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов.

Сабақтың мақсаты: 1. Жүсіпбек Аймауытов туралы мағлұмат бере отырып,түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету.

2. Сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

3. Мейірімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин, Ж. Аймауытов портреттері, сөздер, «Т» кестесі, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

2)Психологиялық дайындық. Қызығушылықтарын ояту. Тренинг өткізу.

« Мен қандай адаммын?» (Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттері туралы айтады.)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1) Ыбырай Алтынсарин кім?

2) Өзен- әр топтан бір оқушыдан жатқа сұрау.

3) Ақын өзенді қалай суреттеген?

ӨЗЕН





4) Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты?

5) Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?

6) Адамдар неліктен суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шұмағында айтылған?

7) Өзеннің қандай пайдасы бар? Өлеңге сүйеніп айтып бер.

8) Қазақстандағы өзің білетін қандай өзендер бар?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі.

1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

-Балалар, бүгін сабақта Жүсіпбек Аймауытовтың «Торғай» мәтінімен танысамыз.

І. Жаңа сабақ.

1) Жүсіпбек Аймауытов туралы мағлұмат беру.

2) «Топпен болжау» стратегиясы.

-Торғай, жылан, оқты көз, айыр тіл, қуану.

-Балалар, мәтінді оқымас бұрын тақтада берілген сөздермен қысқаша мәтін құрастырыңдар.

3) Жазған мәтіндерін оқыту.

4) «Торғай» - мәтінді үш топтан үш оқушыға оқыту.

5) Мәтіннің мазмұнын сұрау.

6) «Т»-кестесін толтыру.

-Енді балалар, осы екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын жазамыз.

Ұқсастығы Айырмашылығы





ІV. Білімді бекіту.

1) Дәптермен жұмыс.

-Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.

Жоспар:

  1. Безек қағып шырылдаған торғай. ( Торғайдың шырылы.)

  2. Сұр жыланның торғайды арбауы.

  3. Ақбілектің торғайды құтқаруы. ( Ақбілектің көмегі.)

2) «Семантикалық картаны» толтыру.

V. Қорыту.

1) Бес жолды өлең құрастыру.

1-топ 2-топ 3-топ

Торғай Жылан Ақбілек

1-Зат есім (1 сөз)

2-Сын есім (2 сөз)

3-Етістік (3 сөз)

4-Сөз тіркесі (Лепті сөйлем 4 сөз)

5-Синоним (1 сөз)

1-Торғай

2-Кішкентай, қорқақ.

3-Шырылдайды, безек қағады, дірілдейді.

4-Ах, кішкене торғай-ай!

5-Құс.

1-Жылан.

2-Ұзын, сұр.

3-Арбайды, қорқытады, шағады.

4-Тоқта, сұр жылан!

5-Жорғалаушы.

1-Ақбілек.

2-Ақылды, үлгілі.

3-Көреді, құтқарады, көмектеседі.

4-Жарайсың, Ақбілек!

5-Бала.

VІ.Үйге тапсырма беру.

1) Мәтінді мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

2) Өзіңе ұнаған сөз тіркестерін жаттап ал.

3) сурет сал.

VІІ. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал