7


Зиянды әрекеттер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Зиянды әдеттер (темекі, арақ, есірткі) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернат Қожатаева Маржан,Саданова Сайжида. Сабақтың тақырыбы: Зиянды әдеттер(темекі, арақ, есірткі) Мақсаты: Жас ұрпақтың зияндыәдеттертуралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір с
предварительный просмотр материала

Зиянды әдеттер (темекі, арақ, есірткі)

Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернат
Қожатаева Маржан, Саданова Сайжида.


Сабақтың тақырыбы: Зиянды әдеттер (темекі, арақ, есірткі)
Мақсаты: Жас ұрпақтың зиянды әдеттер туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже: 1. Зиянды әдеттер туралы ойларын тиянақтайды;
2. Зиянды әдеттерге итермелейтін себептерді анықтай біледі;
3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;


Сабақтың әдісі: ой қозғау, баяндау, пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: «Денің сау болсын десең...» атты кітап көрмесі, суреттер.
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология
Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту
І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Мағынаны тану


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ бізді қоршаған ортамызды жаман әдетті аурулар қаптап кетті. Яғни, темекі шегу, насыбай ату, арақ ішу, есірткі және уытты заттарын қолдану қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінгі өткізілгелі отырған «Зиянды әдеттер» атты арнайы маманмен кездесу кешімізге қош келіпсіздер.

Сіздермен кездесуге келген мамандармен таныстырып өтейік:

Аудандық аурухананың нарколог дәрігері:Рахимов Д.

Салауатты өмір салты маманы:Рысбаева Г.



Зиянды әдеттерге темекі,нашақорлық, СПИД, ішімдікке салыну сияқтыларды айта аламыз. Соның ішінде жастар арасында темекі шегу, насыбай ату, нашақорлық әдеті өте көп тарап кетті.Бұған біз кімді кінәлаймыз? Бұл сұраққа жауап іздеу де қиын.
Кезекті Қарақбай Дианаға беріп, есірткі жөнінде баяндама тыңдайық.



Жүргізуші:
Сол себепті біздің бүгінгі сабағымыз біз ақылды жастардың бұндай іс-әрекетке бармауы үшін көріністе баяндаған 2 жігіттің әңгімесін тыңдап көрейікші.
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата - анамның тіптіұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман - есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.
Жүргізуші: Достар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?

(Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)

Жүргізуші:
Егер, балалар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрңіздер.
Менің ата - анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата - анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан - кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір - екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата - анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Қазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Жүргізуші: Екі адам, екі тағдыр. Еенді ойланып көрейікші екінші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?


Жүргізуші: Достарымның ойларын жинақтай келе, «Өмірдегі жарқын болашағың, зор болсын десең, еліңнің жұлдызы болам десең денсаулығыңызды күт» деген ұранмен есірткінің адам денсаулығы мен қоғамға әсері жайлы нарколог маманнан сұрап білеміз.


1-оқушы: Күрк-күрк көкжөтел,
Күркілдеген не жөтел?
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың құрғап кеткені.
Мүгедек, ауру, демікпе
Өмірге қатер төнеді,
Салауатты өмір сүрейік!
Шекпеңіз дейміз темекі.


2-оқушы: Шиық-шиық деп шиқылдап,
Демігіп өкпе қиқылдап,
Табиғат Берген денсаулық
Құртамыз үгіп, қиқылдап.
Денеге дерт боп жетеді,
Әдет боп жаман кетеді.
Зиянды затты көп тұтсаң
Өмірің қор боп өтеді.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос!
Зиянды заттан аулақ деп,
Достарыңа ақыл қос!

3-оқушы: Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады-ау танауынан түтін шығып,
Сасығы ық жағынан жүргізбейді,
Жағымсыз көңірсіген исі шірік.

Уланған темекімен қайран қыздар,
Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар.
Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға,
Көргенде осындайды жүрек мұздар.

1-оқушы: Мен бүгін сергек күйдемін,
Жүрісім ширақ бүтіндей.
Түн де өтті тәтті түстей бір,
Жөтелсіз әрі түкірмей.
2-оқушы: Атандым жұртқа танымал,
Қуақы кісі тілі өткірі.
Өз ортамның гүлімін,
Ал жүзім қызыл шырайлы.
Ақ жарқын өңім топ-толық,
Ұмыттым тұмау-сұмауды,
Төсек тартып жатқанды.
3-оқушы: Азаматтар!
Келе ме емін білгіңіз?
Ашсам ба сырын әлде шын,
Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін
Темекіні тастаңдар.

Хормен: Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе - арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе - темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе - нашаға әуестенбесін!

Жүргізуші: Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды «баяу өлімге» алып баратын бірден-бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартатындығын анықтаған.

ІІ- кезең темекі шегу денсаулыққа төнген қауіп. Темекінің зияндылығы жөнінде баяндама тыңдау үшін 8 сынып оқушысы Таир Гүлжайнаны тыңдайық.

Жүргізуші: Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай менен шылымға - деп, Шораяқтың Омары айтқандай
Темекінің 10 құпиясын 8 сынып оқушысы Айпен Жұлдызай айтып береді.

Темекінің 10 құпиясы:

  1. Темекінің қауіптілігін азайтамыз деп, оны әр түрлі етіп шығарып жатыр. Мысалы: фильтрлі темекінің зияны аз дейді. Бос сөз.

  2. Шылымқор бәрібір одан өзіне қажетті «у» мөлшерін қабылдамай көңілі көншімейді.

  3. Ғалымдардың айтуы бойынша темекі ерлердің ғұмырын 10жылға

  4. Әиелдер ғұмырын 6 жылға қысқартатын көрінеді.

  5. Темекі 90 пайыз жағдайда өкпе обырына,

  6. 15-20 пайыз жағдайда созылмалы бронхит пен

  7. өкпе эмфиземасына

  8. 20 пайыз жүректің кенеттен тоқтап қалуына алып келеді.

  9. Болашақ ананың темекі шегуі іштегі нәрестенің өлі тууына алып келеді.

  10. Мұндай әйелдердің балалары тірі туған жағдайда да бала аурушаң келеді.


Жүргізуші: «Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең кеш» - деп ұлы ойшыл Конфуцийдің айтқанандай жас ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыру үшін темекі мен насыбай жайлы нарколог маманның кеңесіне құлақ түрейік.

Жүргізуші: «Арақ ішіп темекі шеккен
Денсаулығының түбіне жеткен» - деген халық даналығы

ІІІ - бөлім: Арақ ардан бездірер. Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі - мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

Баяндама. «Арақ атом бомбасынан да қауіпті» Ендігі кезекті мектебіміздің медбикесі Маржан апайға береміз.

1 оқушы: Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?
Тоқта!Тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.
Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,
Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

2 оқушы: Тамырына құрт түсті де тектінің
Шерлі ғасыр шерменде боп, шекті мұң
Арақ сасып, шарап мүңкіп, сыра аңқып
Заман дерті санамызға септі уын

3 оқушы: Ішімдікті дастарханның сәні ғып
Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.
Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның
Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

4 оқушы: Жақсылық: Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін
Күйін кештік күлде қалған кебістің.
Қоғамымның жүрегі айнып, лоқсиды
Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

5 оқушы: Тоңсаң мені іш, жылынасың,
Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың!
Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!
15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

6 оқушы: Ішсең қисандап жүресің,
Ретсіз ыржаңдап күлесін,
Ар-ұяттан айырыласын,
Оны өзің де білесің!
Біле тұра ішесің,
Өз кебініңді өзің пішесің.
Ұрлықты да жасайсың,
Түрмеге де түсесің.

7 оқушы: Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да,
Арақ өзі құйылмайды ауызға!
Әділеттін айтындаршы, ағайын,
Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?

Хормен: Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе - арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе - темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе - нашаға әуестенбесін!



Жүргізуші: Енді маман кеңесіне құлақ түрейік.


Терме: «Қазақ пен арақ».
Орындайтындар: Зупарәлі Назерке


Жүргізуші: Болашақ жастарға үндеу. 8 сынып оқушысы Қайратқызы Балдана.

Үндеу!
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді - өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан - дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.
Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз - өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.
Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз - тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!

Жүргізуші: Зиянды әдеттер жайлы мамандармен кездесу кешімізді қорытындылау үшін сөз кезеңін мектеп директоры Ләззат апайға беріледі.

Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата - анамның тіптіұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман - есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.


Менің ата - анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата - анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан - кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір - екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата - анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Қазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.


ЕСІРТКІНІҢ ЗАРДАБЫ.

Жалпы есірткі заттар адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды.
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды.Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді.Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол.Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады, еліктегіш жастар дәм тата бастайды.Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады.Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатып алуға болады.
Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады.Бір пайдалансаң жайын жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды.Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқанда 30-жасқа жетер жетпес өмір сүреді бұлай дейтін себебіміз, бұл жаман нәрсеге адамдар ақылға салмастан, желігіп еліктейді де артынан өзіне қиын болатының білмей де қалады.

Баяндама: ТЕМЕКІ - АДАМ ӨМІРІ ҮШІН ӨТЕ ҚАУІПТІ.
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотиннің өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірден емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым шегу - зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегетін көрінеді.Қазақстанда 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналды.
Алғаш темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі құрамындағы никотин тыныс жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді.
Адам неғұрлым өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым обыр ауруына жиі шалдығатыны дәлелденген. Өкпедегі обыр ауруымен ауырғандардың 97 пайыз шылым шегетіндер. Шылым шегу адам өмірін қысқартады.Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды.
Темекі шегіп үйренудің негізгі шыңы 13-19 жас. Темекінің түтінінде өте улы зат -никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады.Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне 20-сын тартқан адам 90мл г никотин жұтады.
Бұны тұңғыш рет1828 жылы Почельт пен Рейман бөліп алған. Темекі жапырағында никотин мөлшері 1-1,5 , кейбір сорттарында 6-8 , ал салмағы 1г бір темекіде 10-15 мг, ал салмағы 10г темекіде 150мг никотин болады. Химиялық таза күйдегі никотин - дәмі ащы, майлы мөлдір сұйықтық. Шылымқұмарлар шылымды никотин жинақталатын тұқылына дейін сорған кезде осындай дәмді сезеді.
Никотин-негізінен жүйке жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу және жүрек қан тамырлар жүйесіне әсер ететін күшті у.
Никотинмен уланудың белгісі қандай?
Бұл кезде - Сілекейдің шұбыруы, лоқсу, терінің бозаруы, әлсіздік, бас айналу, ұйқының бөлінуі байқалады. Бұған-қорқыныш сезімін, бастың ауруы, құлақтың шыңылдауы, тамыр соғуының жиілеуі, организмнің басқа қызметтерінің бұзылуы себептерін қосуға болады.
Өкпе обыры , әр түрлі жұқпалы аурулар
Жүрек ұстамалы аурулары
Өңеш обыры Тамақ аурулары Шыдамсыз Еріншек Ұмытшақ
Қазақстанда шамамен халықтың 1/3 бөлігі 62 пайыз ерлер, 18 п-з әйелдер темекі тартады. Жыл сайын елімізде 23-24 мың адам темекі тарту салдарынан болған аурулардан қаза болуда.
Оқушыларға күніне, аптасына және жылына темекіге қанша ақша жұмсалатынын есептеу.
Күніне 1қорап темекі -60 теңге
60 теңге - 7 күн - аптасына 420 теңге
420 теңге-4 апта - айына 1680 теңге
420 теңге -52 апта - жылына 21840 теңге
Темекі тастаған адамдардың жауаптары мынадай болмақ:
- өкпе обыры, жүрек, қан тамырлар ауруларының қатері төмендейді.
- жеңіл дем аламын.
- ақшам үнемделеді.
- дені сау ұрпақ әкелуге мүмкіндігі бар.
- киімім, шашым және денім сау таза.

«Өз денсаулығың - өз қолыңда».
«Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді, тұтас ұлтты топастандырады».
«Жас жеткіншек! Өздеріңе айту менің борышым-көк түтінмен уланба.»




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал