- Учителю
- Фариза Оңғарсынованың 'Оюлар' өлеңі
Фариза Оңғарсынованың 'Оюлар' өлеңі
Баймағамбетова Рыскүл-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.
Тақырыбы: Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, мазмұны мен идеясын ашу;
2. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Қазақтың ұлттық нақыштарын қадірлеп, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, ДЖИГСО1,INSERT, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ою-өрнек түрлері, ақын портреті.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Білімдерін тексеру
-
Сұрақ-жауап
-
Жаңа сабақ
-
Қызығушылығын ояту
-
Мағынаны тану
-
Сөздікпен жұмыс
-
Жаңа сабақты бекіту
-
Топпен жұмыс
-
Кестені толтыру
-
Үй тапсырмасын беру
-
«Оюлар» өлеңінің төрт шумағын жаттау
-
Қазақтың ұлттық нақыштары
-
Бағалау
Білімдерін тексеру:
-
«Бауырлар» өлеңінің авторы кім?
-
«Қозыкүрең» әңгімесі Қабдештің қандай повесінен алынған?
-
«Мынау бір пырақ екен» деген сыншының сөзі қай шығармадан алынған?
-
Т.Молдағалиев «Бауырлар» деп кімдерді айтып отыр?
-
Қ.Жұмаділовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту
Фариза!
Фаризажан,Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз (М. Мақатаев)
Хронологиялық кесте
-1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
-1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октьябрдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
-1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Комунистік еңбек » газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер.
- 1968-1970жж. Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
-1970-1978 жж. Республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылы желтоқсаннан «Пионер »журналының бас редокторы.
-Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан.Әржылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері,таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвордия» баспаларынан жарық көрді.
Шығармалары:
-
«Жүрек сенсің» өлеңі
-
«Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы
-
«Үйім-менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері
-
«Біздің Кәмшат» повесі
Оюлар
Түрін -ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсендер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңі тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері
Сөздікпен жұмыс
Желбау- ........................................................
Басқұр-...........................................................
Тарамыс-.......................................................
Тұскиіз-.........................................................
Топтық жұмыс
-
Қошқар мүйіз. Әдемі сөз тіркестерін пайдалана отырып әңгіме құрастырамыз.
-
Сынық мүйіз. Бес жолды өлең құрастырамыз.
-
Қос мүйіз. Оюлардың суретін салайық.
-
Сырға мүйіз. Қағаздан ою оямыз
Кестені толтыру
-
Білемін
Жаңа білдім
Білмеймін
Түсінбедім?
Тіке жауап тесті
-
Фаризаға жан сырын айтып, өлең жазған ақын.
-
Ақын «Оюлар» өлеңі арқылы нені айтқысы келді?
-
Қазақ халқының өнерге сүйіспеншілігін өз үйіңнен, ауыл аймағыңнан аңғардың ба?
-
1967 жылы Фаризаның қандай атпен тұңғыш жыр жинағы шықты?
-
Желбау, басқұр, текемет деген не?
Үй тапсырмасы:
-«Оюлар» өлеңінің төрт шумағын жаттау;
- Қазақтың ұлттық нақыштары туралы іздену;