7


  • Учителю
  • 'Ерлік сабағы' ауған соғысының ардагерлері, Отанымызды қорғаушы ұл-қыздарымызға арналады. 10 Сынып

'Ерлік сабағы' ауған соғысының ардагерлері, Отанымызды қорғаушы ұл-қыздарымызға арналады. 10 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі


Аудиториясы: 10-11сынып оқушылары

Мұғалімдері: Мырзатаева Б.Е. (тарих мұғалімі)

АҚҚУ, 2015 жыл

Велик и священен ратный подвиг воинов всех времен, отдавших свои жизни ради защиты Отечества. Среди них священный долг памяти указывает всем поколениям наших соотечественников ратный подвиг воинов-афганцев. Да будет вечно светлой их память в веках, да взывает она подобно мощному набатному колоколу к совести живущих, чтобы не допустить леденящего ужаса войны.

Цель:

  1. Формирование у учащихся знаний об участие в войне в Афганистане наших солдат и офицеров, их подвигах;

  2. Развитие у детей представления о том, что защита Родины - священная обязанность каждого человека.

  3. Воспитывать чувство долга, ответственности, самопожертвования, патриотизма.

Ожидаемые результаты:

  • подготовка обучающихся к участию в общественно-политической жизни страны, готовности достойного служения Отечеству;

  • решение проблемы преемственности поколений;

  • повышение статуса героико-патриотического воспитания в образовательных учреждениях.





































«Ерлік сабағының» сценарийі


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Біздің «Ерлік сабағымыз» ауған соғысының ардагерлері, Отанымызды қорғаушы ұл-қыздарымызға арналады.

Ведущий: Добрый день, уважаемые гости, учителя и учащиеся!
Мы рады приветствовать вас сегодня на нашем «Уроке мужества», посвящнному воинам афганцам, участникам чернобольской аварии, защитникам Отечества.(звучит Гимн РК)

Сегодня на «Уроке мужества» присутствуют дорогие нам гости, это:

1.Сестра воина -интернационалиста Серика Хамзина Бибигуль Кабдешовна

2.Начальник по делам обороны Лебяжинского района майор Болатов Нурлан Абаевич

3.Член Совета ветеранов района Бектауова Сабира Салахиденовна

4.Воин-досрочник Касымов Куанышбек


Слово предоставляется начальнику по делам обороны Лебяжинского района майору Болатову Нурлан Абаевичу


Жүргізуші: Жырым бара жаралаған жаңынды емдер

Өлгендердің жәнатта болсын жаны,

Тірілердің мың жаса, дәуірлеңдер!

Құрметті қауым, беібіт өмірде отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлтекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Мұнда қаншама жас қыршын қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери команданың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты» - деген ойлы сөзі бар. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 24 жыл толып отырғанда бұл соғыстың қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ....


Слайд: «Ауған жеріндегі ұрыс»


Жүргізуші:

- 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни, 9 жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.

Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгі сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақтанда да сақталған. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітін ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?

Ауған туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген.

Жүргізуші:

  • Ауған соғысына Қазақстан бойынша біздің елдің еншесінде қаралы тізім мынадай:

  • 761 адам қаза тапақан.

  • 226 адам із-түзсіз жоқ

  • 1000-ға жуық адам кемтар

  • 1000-ға жуық адам осы соғыстан кейін о дүниелік болды.


Ән «Группа крови» Садық Наржан


Жүргізуші:Кеңес әскерлері құрамында біздің ауданымыздың азаматтарының да еңбектері орасан. Аудан көлемінде қазір 10 интернационалист жауынгер тұрады. Өзіміздің Аққу ауылы бойынша Ауған соғысына қатысқан жерлесіміз Серік Хамзин ағамыз. Осы Ауғанның от жалынынан оралмаған, марқұм болған Ауған соғысының жауынгерлерін еске алу үшін 1 минут үнсіздік берілсін.

Жүргізуші: Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкум, ардагерлер, деп өзінің өлең жодарын Серік ағамызға Тілеген Көгершін арнайды.


Жүргізуші: Сөз Сірік Хамзиннің апасы Хамзина бибігүл Қабдешқызына беріледі.


Жүргізуші: - Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40-шы армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән-салтанатсыз, құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.


Видеоклип «Мы вернулись»


Ведущий: Так закончилас 10-ти летняя, никем не объявленная, героическая и трагическая афганская война.


Жүргізуші: Бүгінде, бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер аз емес. Олардың бір ғана міндеті - бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие - Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу.


Жүргізуші: Ортамызда Отан алдындағы борышын өтеп келген жауынгеріміз отыр. Сөз кезегін Қасымов Қуанышбекке береміз.


Ведущий: Слово предоставляется преподавателю-организатору НВП Каирбекову К.А.


(Учащихся 10-х классов демонстрируют сборку и разбор автоматаКалашникова)


Жүргізуші: Талассын таңы, күніменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен ағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған ғаламшарымның

Басынан тайсын бар жамандығы, арылсын

Әлемнің жаны, бір болған тілегі,

Тек бейбітшілік деп соққан жүрегі

Қиыншылықта біріне бірі сүйеніш,

Боса екен деймін әрі қолдаушы,тірегі...


Ведущий: Рядовые солдаты и офицеры, верные присяге, честно исполнившие свой долг! Мы желаем вам прежде здоровья, счастья вам и вашим семьям, мира и процветания нашей Родине, и чтобы будущее наше поколение никогда не видела горести страшных войн.


Жүргізуші: Барлық азаматтарымызға бақыт, Отанымызға тыныштық тілей отырып, бүгінгі «Ерлік сабағымызды» аяқтаймыз. Еліміз гүлдене берсін, Қазақстанымыз жасасын!


Ән: «Қазақ елі» , «Айналайын» триосы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал