7


  • Учителю
  • Сынып жетекшілер байқауына арналған таныстыру

Сынып жетекшілер байқауына арналған таныстыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Таныстыру

Армысыздар жиналған көрерменім

Өнерімді бұл күнге шеберледім

Сиынып ұлы ұстаздар аруағына

Сайысқа бүгін мені жебер дедім





Атым Нұргүл Мырзағалиқызымын

Ұстаздықтың жаңа басқан ізімін

Мақсатым бар болашаққа бастаған

Жалғасам беп ұлы ойлардың үзігін





Көңіл кілтін тапсам деп әр баланың

Әр ісіне зейін салып қарадым

Қызықтырып биіктерге талпынтам

Шығарсам деп таудай етіп талабын





Жетекшімін 8 А-сыныпқа

Тәрбиелеймін сай әдет пен ғұрыпқа

Нық ұстаймыз ізеттілік ұғымын

Ұлт әдебін айналдырмай ұмытқа





11 қыз бар ерке әрі бұрымды

Тыңдай білер айтқан сөзді ұғымды

6-ұл бар қыран құстай самғаған

Болашақта қонар биік тұғыры





Нені аяимыз білсем деген жастардан

Әр таңымыз білім іздеп басталған

Бұл сыныпта татулығы жарасқан

Достық, бірлік деген ұран тасталған





Ойға ұстап үлкендердің дегенін

Шәкірттерді алға бастап келемін

Болашақта бұл сыныптың ұл-қызы

Ел тұлғасы боларына сенемін





Қазығұрттай паң даланың киелі

Ұланы олар сөзі, ісі жүйелі

Ел мақтайтын болар нағыз азамат

Өйткені олар ұлтын, елін сүйеді





Техникамен озып тұрған заманда

Қажеттінің барлығы бар адамға

Бірақ сатып ала алмайтын еш жерден

Рух байлығы қажет біздің қоғамға





Жас шәкіртті тәрбиелеу ісінде

Келешекте ел мүддесі үшін де

Қажеттігін адами рух байлығын

Ұғындырам үлкенге де кішіге





Мен ұстазбын, кәсібіммен мақтанам

Шәкітттің әр жеңісіне шаттанам

Оқушымен өткізетін әр сәтім

Бақыт толы қайталанбас шақ маған















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал