- Учителю
- Сочинение ко Дню Независимости
Сочинение ко Дню Независимости
Автор - Колумбаева Ризагуль
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Павлодар облысының білім беру басқармасы
«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен - техникалық колледжі» КМҚК
Конкурс «Мен Қазақстандысүйемін»
Номинация «Егеменді еліміздің ертені - біздерміз»
; 87770661664; 39 жас
Батырханова Лаура Саукеновна
«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен - техникалық колледжі» КМҚК
Арнайы пәндер оқытушысы
15.12.2015
Егеменді еліміздің ертені - біздерміз
Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының еңбегі. Сондықтан да Қазақстан үшін «Тәуелсіздік күні» ең қастерлі күн болып саналады.
Мен осындай тәуелсіз елде дүниеге келгеніме ризамын. Осы тәуелсіздік біздің елге оңай берілген жоқ. Аға - апаларымыз біз бейбіт, тыныш елде тұрсың деп, өз өмірлерін қиған. Әттен, қазір оңдайды барлығы түсіне алмайды. Қазіргі жастарда бұрыңғы ағалардың намысы, қайтпас қайсарлығы, ерліктері жоқ.
«Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретіне сенемін» деген біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан.
Өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері - елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымаққа өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан - ұрпаққа дарыса деген асыл арманы. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белісінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған,қызын құл еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының ерліктері бізге әрқашан үлгі болып қалады.
Егеменді еліміздің ертені - біздерміз деп ұран береміз!
«Тәуелсіздік мерекесіне» арналған өзімнің жеке шығармашылық өлеңім:
«Желтоқсан желі»
Әділетсіздік орнады қазақтың жерінде,
Студенттер қарсы шықты орысты алып келгеніне.
Сол кезде Қонаевты алып тастағанда,
Көтеріліске шықты біздің жастарда.
Шыдай алмай жүректері қан жылады,
Ешкімнен қорықпаймыз деп айқайлады.
Міне, аттанды олар көтеріліске,
Қарсыластар оларды ұрып соқты.
Қыздарды аямай қоқыс сияқты лақтырды,
Хайуанаттар болғаны ғой себебі.
Сол желтоқсан ызғарын есіме алсам,
Жүрегім шыдамай ауырады.
Қайрат ағамның ерлігіне таңқаламын,
Қайтпас қайсар, намысшыл себебі ол.
Жаулардың алдында тізе бүкпей,
Олардың алдында былай деді:
«Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар»!
Желтоқсан ызғарында шықты олар алаңға,
Талай жандар қиды ғой өз өмірің отанға.
Аға - апаларымызды есіне алмайды ғой көбі жастар,
Ұмытылып кетті ғой оралмасқа.
Әй, адамдар қайда сендердің алғыстарын,
Надан болып кеткенсіңдерме барлықтарын?
Өтінемін ұмытпайық, еске алайық ағайын,
Тәуелсіздікке қол жеткізген ағаларды!