7


  • Учителю
  • Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз!

Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулықты баптаймыз,

Өмірімізді сақтаймыз»

Сабақтың мақсаты: «Бірінші байлық- денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзінқоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, ойын элементтері.(«Миллион кімге бұйырады?» ойыны бойынша ашық хаттар салынған конверт, «Шыңға шығу» ойыны бойынша салынған шыңның суреті.)



Жоспар

  1. Оқушыларды үш топқа бөлу

А) «Сауықтыру саяхатшылары»

Ә) «Тазалық саяхатшылары»

Б) «Спорт саяхатшылары».

2. 1-топпен бірге «Зиянды заттар» ауылына саяхат, «Миллион кімге бұйырады?» ойынын ойнау.

3. 2- топпен бірге «Тазалық» аулына саяхат, «Көзқарас» (Хаттарға пікір білдіру).

4. 3-топпен бірге «Спорт» ауылына саяхат, «Шыңға шығу» ойынын ойнау.

Барысы.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық- денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбат та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса, «Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Денсаулық- адамының ең қасиетті де құнды қазынасы.

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.

Спортпен шұғылданып, кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ жүрелік.

Ендеше, «Денсаулық әлеміне» саяхат жасап көрелік. Алдымен, саяхатшыларымызбен танысалық:

1-Топ.

Темекі шекпейміз, ішімдік ішпейміз.

Темекі ме, ішімдік пе.

Біз оған қызықпаймыз.

Оған уақыт та жоқ,- деген ұстаныммен зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыратын «Сауықтыру саяхатшылары» .

2-топ

«Тазалық- саулық негізі

Саулық - байлық негізі » деген ұранмен тазалық әлеміне сапар шегіп, тазалықтың қыр- сырымен таныстырып, өздері секілді достарының хаттарына көзқарастарын білдіретін «Тазалық саяхатшылары».

3-топ. «Намысты қолдан бермейміз, бермейміз, бермейміз!» деген ұранмен спорт еліне саяхат жасаушы «Спорт саяхатшылары».

Мұғалім: Міне, осы топтар арқылы денсаулығымыз үшін ненің зиянды , ненің пайдалы екендігіне көз жеткіземіз.

Әр топ өздерінің жазып келген мәнжазбаларын оқиды.

«Сауықтыру саяхатшылары» «Зиянды заттар және олардың адам өміріне тигізер зардабы» тақырыбында.

«Тазалық саяхатшылары»

«Тазалық- денсаулық негізі» тақырыбында.

«Спорт саяхатшылары» «Спорттың адам өміріндегі маңызы » тақырыбында.

Мұғалім: Сабағымызды әрі қарай «Денсаулық әлеміне» саяхат жасау арқылы жалғастырмақпыз. Бұл саяхат арқылы біз «Денсаулық» атты үлкен шыңның басына шығуымыз керек. Ол шыңның басына тек сендердің күштеріңмен ғана жете аламыз. Ол үшін үш ауылға соғып, олардың сынынан сүрінбей өтуіміз керек.

Алдымен, «Сауықтыру саяхатшылары»

«Зиянды заттар» ауылына соғып, олардың адам өміріне тигізер кесірі туралы сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойынының әдісі бойынша жауап беруі арқылы бізді «Тазалық» ауылына жеткізіп салады. Әрі қарай «Тазалық саяхатшылары» конверттегі өздері секілді достарының жазған хаттарына өз пікірлерін айтып, көзқарастарын білдіреді. Бұл топ бізді «Спорт саяхатына» алып келеді. «Денсаулық» шыңына алып шығу үшін

«Спорт саяхатшылары» шыңның суретіндегі берілген кедергілер нүктелер арқылы көтеріледі. Әр нүктеден жоғары өту үшін сұрақтарға жауап беру керек. Егер барлық сұраққа жауап алынса, біз «Денсаулық» атты шыңның басына шығамыз. Бұл біздің оқушыларымыз денсаулықтың қастары мен достарын ажыратып, өз денсаулықтарын сақтай алады, болашақта саналы, денсаулығы мықты азамат болады деген сөз. Олай болса, жас саяхатшылар, сапарларың сәтті болсын!

«Зиянды заттар» ауылына саяхат

Бұл ауылдан өту шарты: саяхатшыларға 15 сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топ болып жауап береді. 15 сұраққа түгел жауап берген жағдайда саяхатшылар зиянды заттар ауылынан өтеді.

Пайдаланылатын жеңілдіктер:

  1. 50/50

  2. Қалаған досыңның көмегі

  3. Ұстазыңның көмегі

1.Тапсырмалар:

1.Дені саудың-... сау

А) күні

Ә) өзі

Б)жаны

В) басы

2. Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап тыйым салынған?

А) 18 жас

Ә) 16 жас

Б)14 жас

В)17 жас

3. Адам өміріне зиян емес затты табыңыз?

А) қымыз

Ә) темекі

Б) наша

В)арақ

4. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады?

А) тұмау

Ә) гастрит

Б)туберкулез

В)рак

5.Темекі шегетін адам ауаға төмендегілердің қайсысын шығармайды?

А)аммиак

Ә)синиль қышқылы

Б) никотин

В) су буы

6.Жасөспірім неліктен шылым шегеді?

А)еліктеушіліктен

Ә)ауырғаннан соң

Б) бойын өсіру үшін

В) ата- анасы айтқан соң

7. Темекі, наша , ішімдік адам өміріне қандай зияны бар?

А) қарнын аштырады

Ә) көңілін көтереді

Б) денсаулығын құртады

В) өмірін ұзартады

8. «Жақсыдан үйрен, жаманнан ...»

А)сескен

Ә)үйрен

Б)құтыл

В)жирен

9. «Ауырып ем іздегенше ...»

А) дәрі- дәрмек қабылда

Ә) бейқам бол

Б) ауырмаудың жолын ізде

В) әділеттілік ізде

10. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

А)спортпен шұғылдану

Ә) зиянды әдеттерге бой алдыру

Б) шылым шегу

В) тазалық сақтамау

Мұғалім: Сұрақтарға жауап беру арқылы «Зиянды заттар» ауылынан өтіп, «Тазалық» ауылына келеміз. Тазалықтың қыр-сырымен таныс болу үшін бұл ауылға саяхатты «Тазалық саяхатшыларымен» бірге жалғастырамыз. «Тазалық» ауылының жас саяхатшыларымызға қояр талабы - олар үлкен конверттің ішіндегі хаттардағы сұрақтар мен ситауциялық жағдаяттарға өз ойларын, көзқарастарын білдірулері керек.

«Тазалық» ауылына саяхат

1-Сұрақ. Жан тазалығы, тән тазалығы дегеніміз не? Айырмашылықтары қандай?

2- сұрақ. «Тазалық- саулық негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?

3- сұрақ. Дұрыс тамақтану жөнінде не айтар едіңіздер?

4- сұрақ. Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіздер?

5- сұрақ . (Хат оқылады) «Менің інім- үйдің еркесі. Таңертең ұйқыдан тұрғанда , тамақ ішер алдында қолын жумастан отыра салады. Осындай жаман әдетке үйренген інім өсіп, ержетіп келеді. Менің айтқан ақылымды құлағына аспайды. Бірақ тамақ ішер алдында жуынуға дағдыландыруды ата-анам маған міндеттеді. Маған қандай ақыл қосар едіңдер? Сендер қандай әрекет жасар едіңдер?»

6-сұрақ.(Хат оқылады). «Менің есімім-Мағжан. 6- сыныпта оқимын. Тазалық сақтағанды жақсы көремін, сондықтан болар мектепте киіміме кішкене шаң немесе бор жұқса, сүртемін. Тіпті партаға отырарда да орындықты сүртемін. Менің әрекетім сыныптас құрбыларыма ұнамайтын болуы керек, олар мені Тазайын, партаның шаңы бізге жұқпай, саған ғана жұғып қалама? » деп мазақ етеді.

Маған және достарыма қандай ақыл-кеңес айтар едіңдер? Мүмкін осыншама тазалық сақтаудың да керегі жоқ шығар, қалай ойлайсыңдар, достар?»

7- сұрақ. (Ата-анадан хат) «Менің балам 6- сыныпта оқиды. Есімі- Ербол. Ол мектептен келе салысымен киімін де шешпестен теледидар қарап отыра береді. Болмаса, компьютерлік ойындар ойнайды. Мектеп формасының бүлінетініне мен қапаланамын. Ерболдың бұл қылығына не айтар едіңдер? »

Мұғалім: Міне, оқушылар біз «Спорт» ауылына келіп жеттік. «Спорт саяхатшыларымен» бірге саяхат жасау арқылы спорттың пайдасы жайындағы мағлұматтарға қанықпақпыз. Ол үшін біз ауылдың үлкен шыңының басына шығуымыз керек. Ол шың «Денсаулық» деп аталады. Бұл шыңды бағындыру үшін шыңға он нүкте берілген. Бұл нүктелер- сендерге берілген кедергілер. Егер берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере білсеңдер, ол кедергілерден сүрінбей өтіп, шыңның басына шығасыңдар. Бұл- сендер болашақта өз денсаулығын күте алатын, еліміздің саналы азаматы болады деген сөз Олай болса, «Спорт» ауылының сендерге артар сыны «Шыңға шығу» бөлімін бастаймыз.



«Спорт» ауылына саяхат

1)Денені шынықтыру дегенміз не?

2)Таңертеңгілік жаттығу, жасау не үшін қажет?

3) «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

4) салқын суға шомылудың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

5)Ұлттық ойындарға нелер жатады?

6) Гимнастика жаттығуларының қандай пайдасы бар?

7) «Спорт-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

8)Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларымызды білесіңдер?

9) Қандай спорт түрімен айналысып жүрсіңдер?

10) Сенің сүйікті спортың?

Мұғалім: Міне, оқушылар, біз сендермен бірге «Денсаулық» ауылына саяхат жасау арқылы денсаулығымызға кері әсер ететін әдеттер мен денсаулығымызға пайдасын тигізетін спорт , «Тазалық» ауылдарына саяхат жасай отырып, олардың пайдасы мен зияны туралы білдік. Соның нәтижесінде «Денсаулық » атты биік шыңды бағындырдық.

Қорытынды.

Мұғалім: Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымыздан көп нәрсені үйреніп, көкейімізге тоқыдық деген сенімдемін. «Денім сау болсын десең...»

1-оқушы:Зиянды әдеттерден

2-оқушы:Шылым шегуден

3-оқушы:Ішімдік ішуден

4-оқушы: Нашақорлықтан сақтан !!!

5-оқушы: Тазалық сақта

6-оқушы: Уақытында дұрыс тамақтан

7-оқушы:Спортпен шұғылдан

8-оқушы:Күн тәртібін сақта

Мұғалім: Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал