7


  • Учителю
  • Презентация по воспитательном работе (8 класс)

Презентация по воспитательном работе (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





2.Кіріспе. . .

Біздің мойындайтын дініміз-Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну,амандықгы бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда түтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам- бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді қүлшылық деп санайды, яғни

имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің негізгі бес парызы бар. Олар: 1. Иман.

2. Намаз.

3. Ораза.

4. Зекет.

5. Қажылық. Бүгінгі сабағымызда осы жайлы ой бөлісеміз. І

З.Негізгі бөлім: 1. «Иман» дегеніміз не?

Иман сөзі араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен алынған. Сөздік мағынасы бір нәрсеге сену деген сөз.Иман сөзінің шариғатгағы мағынасы- Хазіретті пайғамбарға Аллаһ Тағаладан жеткен нақгы үкімдерді растап,ешбір күмэнсіз қабыл ету.Әрі бүларға шын коңілмен сену болып табылады.Адам дене мен жанның бірлесуінен пайда болған ііршілік иесі.Денеміз қалай ішіп- жеуді талап етсе ,жанымыз да азықгы яғни ғибадатты қүлшылық етуді керек етеді.Имансыз қылық жасағандар кінэлі болып ерте ме кеш пе жазасын тартады.Иманды адамдар қайырымды,мейірімді болып, өздеріне нэсіп еткен намаз,ораза,зекет,қажылық сияқты парыздарын орындауға ниет етеді.

2. Намаз. Намаз мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын

құлшылыү түріне жатады.Намаз күн сайын бес мезгіл оқылады.Бес уақыт намаз: Таң намазы,Бесін намазы,Екінті намазы,Ақшам намазы,Қүптан намазы деп аталады.Намаз оқу үшін таза жүру,эр намаздың алдында арнайы жуынып-шайыну (дэрет) міндеттеледі.Намазда Мекке қаласындағы қасиетгі Қағбаға жүзді қарату шарт болып есептеледі,сондай ақ намаз оқылатын жер таза болуы керек.

З.Ораза. Бүл арнайы ниет етіп, таңның атысынан кештің баіуына дейінгі уақыт аралығында тамақ ішуден бас тарту жэне басқа да шариғатта көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді

білдіреді.Мүсылмандардың сенімінде ораза адамды сабырлыққа дөзімділікке үйретеді.Мүсылмандар оразаны жылына бір рет рамазан айында толық бір ай ораза ұетайды.Ораза үстаудың денсаулыққа да пайдасы зор.Ораза айында дау-дамайдан,ұрыс-керістен,қиянаттан,зорлықган,ұрлық-қарлықтан аулақ болған жөн.

4.3екет.

Зекет -араб тілінде кобею,өсу,тазалық деген мағыналарды

білдіреді.Ол мұсылмандардағы тек дәулетті,бай кісілерден талап етілетін салықгың түріне жатады.Зекет жылына бір рет

беріледі.Зекетгі қаржылай,мүліктей,малдай беруге болады.Зекетті мұсылмандар байлардың кедейлерге қарасуы деп түсіндіреді.

5.Қажылық..

Қажылық - қасиетті жерде зиярат ету дегенді білдіреді.Қажылыққа бару қаражатты көтеретін бай адамдарға ғана ' міндеттеледі.Қажылық құлшылығын орындау барысында Арафат тауына шығуДағбаны тауап ету секілді бірқатар діни амалдар атқарылады.Қажылар «ихрам» деп аталатын арнайы киім киеді.Ерлер бір шаршы матамен денесін түгел орайды да ,бір жағын| сол иығынан асырып жебегей тастайды.Әйелдер жеңі үзын көйлек ) киіп,бастарын ормалмен жабады.Бет-жүзі ашық болады.Ешкім і артықшылығымен көзге түспейді.Ихрамның ішінде дүниенің ырың--жырыңынан алыстап,тек ғибадат күйінде жүреді.Мүсылмандар . шын ниетімен қажылық жасаған адам бүкіл күнәларынан арылады деп сенеді.Қажылық айларынан басқа уақыттарда жасалған қажылық «умра» деп аталады.



4.Сөздік: Дәптермен жүмыс.

І.Ислам - мойындау, берілу.

2.Иман - сенім.

З.Ғибадат- қүлшылық..

5.0й-сергіту сэті: Ән. «Аллаға шүкір». .



б.Көрнекілікпен жүмыс:



7.Мақал-мәтел: Имандылық туралы.

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

Иманды адам -арлы адам,

Имансыз адам- сорлы адам.



Үстіңнің кірін- сабын кетіреді,

Жаныңның кірін-иман кетіреді.



8.Жыр- шумақ: Бес парыз.



Иманды-баға жетпес нұрға бала, Ақылды адам одан қүр қала ма?

Дүниені әркімдерге берген Раббым,

Дінді берер тек сұйген қүлға ғана.



Ендеше дін тірегі -намаз дейді,

Намаз бен Пенде Алладан пана іздейді.

Қүлшыньш,құлшылығын артгырғандар,

Құраннан ешқашанда ара үзбейді.



Тұтпаса уағы мен оразаны,

Адамның тәні толып,жаны азады.

Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі,

Тозақгың сенде дей бер бар азабы.



Парызды сонан соңғы-Зекет дейді,

Қолыңнан нелер келіп,не кетпейді?

Бергенің береке боп Ақіретте,

Жұмақгың биігіне жетектейді.



Алланың түссе саған назары асыл,

Сүймейсің бос мақган мен сөз асылын.

Ин ша Алла қабыл болса Қажылығың,

Анаңнан туылғандай тазарасың.



Жаратқан «бай,кедей»деп жіктемейді,

Жалқаулық сараңдыққ қүп демейді.

Қиын жоқ бес парыздабіздерге Алла,

Келместі қолымыздан жүктемейді.

Яғни,бай,кедей деп бөлмей, жалқаулыққа,сараңдыққа салынбай иманды болайық..Имандылық қастерлі қасиет.



9.Қорытынды:

«Түзу бастап,ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп түрік ғүламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі ашық тәрбие сағатымды аяқтаймын.Бүтінгі сабақта өз ойларывды айтып,белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет.Барлыктарьщызға Алланың нүры жауып,шапағаты тисін!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал