- Учителю
- Тәрбие сағаты Тәуелсіздікке 25 жыл
Тәрбие сағаты Тәуелсіздікке 25 жыл
Бекітемін:
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл».
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық
сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар,
желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі.
Сабақтың түрі: телекөпір.
Сабақтың барысы.
Кіріспе сөз.
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты
бүгін «Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты ашық тәрбие
сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз.
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі - озық
технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар
алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы
шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен»
байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық.
Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды.
«Өткен шақпен» байланыс.
1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар
бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен
қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің
айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік
жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны
сөзсіз.
2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен
кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді,
талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады,
күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты
шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие
болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық
нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.
4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция
болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен
қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан
қырылды.
5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып
келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет,
Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де
аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ
қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин,
Төлеген Тоқтаров, т.б.
7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ
жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады.
Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік
үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан
оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев
бар.
8. Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына тапай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан күш.
Енді қайтіп келмесін, Сол бір қарғыс атқан күн!
9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп
өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық
байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған
кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай,
егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған
жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай
асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер,
жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі,
әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына
түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе
бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен
үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
I оқушы:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен: Жаса,
Қазақстан!
IІ оқушы:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
IІІ оқушы:
Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
IVоқушы :
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Vоқушы:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
I оқушы:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
І-жүргізуші:
Туған жерді сүю - парыз
Сүю үшін білу - парыз
Қасиетін ұғу - парыз
Күзетіне тұру - парыз
ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән: «Отаным»
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.