7


  • Учителю
  • Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым

Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МҚКК «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі»









«Келісілді» «Бекітемін»

Директордың ТЖ Колледж директоры:

жөніндегі орынбасары: ___А.К.Есеркепов ___ А.И.Балмагамбетова « » ____2015ж.

« » 2015ж.



Ашық тәрбие сағаты





Тақырыбы: «Салт - дәстүрім - таусылмайтын байлығым»







Топ жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды.

Бірлестік жетекшісі: Баймукашева Ж.Н

« » 2015ж.

Хаттама №











Дайындаған: 1221 топ жетекшісі Ниетбаева Жадыра Жаңбырбайқызы









Ақтөбе - 2015/16 оқу жылы



Ашық тәрбие сағатының жоспары:

Тақырыбы: Салт - дәстүрім - таусылмайтын байлығым.

Өткізетін жер: колледж кітапханасы.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Барысы:

1 - жүргізуші:

Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2 - жүргізуші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.



Өнерлі халық - өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт - дәстүр - асыл қазына» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.



Ән: «Қазақтың салт - дәстүрлері» орындайтын

1 - жүргізуші. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп өтсек.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері:

Отау көтеру дәстүрі

Отбасы, тұрмыс дәстүрі

Еңбек дәстүрі

Тәрбие дәстүрі

Наурыз дәстүрі

Қаза ғұрпы

Ислам тағылымы

1 - оқушы: Тәрбие дәстүрі.

Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. Кіндіккесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік - қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

2 - оқушы:

Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.

3 - оқушы:

Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі.

Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

Тілашар (дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.

Жеті ата (дәстүр)- халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.

Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

2 - жүргізуші:

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда,

Керемет рәсім жасайық.

Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.

1 - жүргізуші: Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады екен?

Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.

«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.

2 - жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сен қалай ойлайсың?

«Бесікке салу» рәсімі жасалады.

1 - жүргізуші:

Халқымның қолөнері аса көркем,

Қуанады, сүйсінеді оны көрген.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көріп тон пішер, әкеден көріп оқ жанар» демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп, тоқыма тоқып, көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрінісі емес пе?!

2 - жүргізуші: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.

«тұсау кесу» рәсімі жасалады. Әже: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік.

(Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.)

1 - жүргізуші: Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

Батаменен жер көгереді.

Баламызға аталарымыз батасын берсін....

2 - жүргізуші: Қарашы, ана жақта да қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді. Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді...

Қыздар бұл ойнап жатқан ойындарың қандай ойын, қалай аталады?

(Қыздар «Бес тас» ойынын түсіндіріп береді.)

1 - жүргізуші: Жігіттеріміз де қызу ойынға кіріскен тәрізді, ал жігіттер қандай ойын ойнап жатсыңдар?

(Ұлдар «Асық» ойынын түсіндіреді.)



2 - жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез - келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?

«10» саны

- Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)

«3» саны

- Үш мақсатты ата.(жол мақсаты - жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту)

- Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)

- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

- Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)

- Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

«4» саны

- Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)

- Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі - Ойсыл қара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата)

- Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт - береке атаң қымбат.

Мейіріміңді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)

«5» саны

- Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

- Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

- Бес байлық (Әуелгі байлық - денсаулық.

Екінші байлық - еркіндік.

Үшінші байлық - тіл байлық.

Төртінші байлық - қайрат - күш, ақ жаулық.

Бесінші байлық - балаңыз.)

- Бес қаруға нелер жатады?(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

- Бес жақын кімдер? (Тату болса - ағайын жақын,

Ақылшы болса апайың жақын.

Бауырмал болса - інің жақын,

Инабатты болса - келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын - қарындасың.)

«6» саны

- Алты алаш деген кімдер?

(Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)

- Алты қиынды атаңдар.(Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың)

«7» саны

- Жеті жұт.(құрғақшылық, мал жұтау, оба,(індет), өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)

- Жеті күнді атаңдар (Бүгін - дүйсенбі.

Ертең - сейсенбі.

Бүрсігүні - сәрсенбі.

Арғы күні бейсенбі

Қасиетті күн жұма

Соңғы күні - сенбі

Азына - жексенбі.)

- Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)

Жеті атаны таратыңыз?

(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)

- Жеті жетімге нелер жатады?

(Тыңдаусыз қалған сөз жетім,

Қиюсіз қалған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу - қазсыз көл жетім.

Елінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.)

1 - жүргізуші:

Ата - дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады? - Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

- Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.

- «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.

- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!

- «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?

-«Бірлік түбі - тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.

-«тау тауға қосылмас, адамға адам қосылмас»деген, әлі кездесерміз, сау бол!

2 - Жүргізуші:

Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шұрайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен - ақ көз жеткізген боларсыздар.

1 - Жүргізуші:

Құрметті көрермен қонақтар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Қазақта қонақкәде деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге қояр тапсырмамыз бар. Мына үзік - үзік сөздерден мақал құрастыру керек.

1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)

2. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)

3. Ер... ез...(Ер біл өледі, ез мың өледі.)

4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)

5. Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

6. Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)

7. Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)

8... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)

9. Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)

10. Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)

Ендігі кезекті «Қара жорға» биін тамашалаңыздар. Бір топ оқушылар қара жорға биін билейді.









2 - жүргізуші:

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал