7


  • Учителю
  • Разработка выпускного бала в нач школе

Разработка выпускного бала в нач школе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Касимова Райхан Баймырзақызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Бидайық орта мектебі

Уәлиханов ауданы

СҚО







РАҚМЕТ САҒАН, БАСТАУЫШ!

Өтетін орны:мектеп алаңы

Музыка орындалады

Мұғалім: құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Рақмет саған, бастауыш!» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексінеаттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышта білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Талаптарына нұр жаусын деп, ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

1: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз мейірбан ұстаздар.

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


2: Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Хормен: Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!

3: Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

……апай жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір шықты.

4: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4 сыныбым

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

5: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейірім мен жауырымнан қаққанын.

6: Шашу, шашу, шашайық.

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

Шашу шашылады.

«Біз қандай едік» фильм.

7: Өсті міне, бойымыз,

Өсті міне, ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз!

Той құтты болсын, халайық!

8:

Балғын бала - бастауым,

Сәтті қадам бастадым.

Біліп көрдім оқуды

4 жылды артқа тастадым.

10:

Мен үйрендім білімді,

Төктім бар ой, терімді.

Ұқтым, күліп, ойнадым,

Көтеріп әр сәт көңілімді.

11:

4 жыл бойы білім бергенм мәпелеп

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рақмет сізге, ұстаз апай мол алғыс

Ұмытпаймыз жүреміз де дәріптеп.

9:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті ғып

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

12:

Өмір деген сан-саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол.

Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да,

Саған достым тілейтінім тек ақ жол! (ақ мата)

13:

Жайнаса бал-бұл бүлдіршін,

Бір сынып тағы өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі,

Өмірің сенің гүл болсын! (гүл шашады)



14:

Құтты болсын, құрбыжан,

Алға аттаған қадамың.

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын. (бестік баға)



15:

Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға,

Жар бола көрсін бір Алла!

Ән: «Армандастар-құрдастар».


16:

Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.

17:

Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік.

Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, әдемі сөйлеуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, жақсы мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді - міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін-бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.

Біз не үйрендік?

18:

Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйрендік.

Біз не сүйеміз?

19: Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді.

Біз нені ажырата білеміз?

20:

Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.

Бізді болашаққа не бастайды?

1:

Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата-ананың ақылы. Болашаққа деген сенім.

Біз кім боламыз?

2:

Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.

Ритмикалық би.



3: Құрметті оқушылар, біз алғашқы ұстазымызға қандай тілек айтар едік?

4: Ұстаз... Алғашқы ұстаз. Жан дүниенді тебірентер, балалық шақты еске түсірер. Мәңгілік ұмытылмас ұлы тұлға.

Әсіресе біз үшін алғашқы ұстазымыздың орны бөлек. Бүгінгі мерекемен, онда 4 жыл бойы сабақ берген ұстаздарымызбен де қоштаспақпыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал