7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара - 'Жаңа жылдық кеш'

Сыныптан тыс шара - 'Жаңа жылдық кеш'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жасыл шырша шақырады

(Жаңа жылдық кеш)


  • Бүгін бәрі өзгерек,
    Жарқын күлкі, сөз бөлек
    Тілек айтып, күттік біз,
    «Кел, Жаңа жыл» төрле! - деп

Жаңа жылда жасарған
Жаңа шырша жас арман
Жалт - жалт етіп көрінер
Аппақ әлем құлпырған
Қымбатты бүгінгі жаңа жылдық кешімізге келген қонақтар! Сүйікті балалар!
Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз. Қош келдіңіздер!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да табалдырықтан аттағалы тұр. Бәріңізге де жаңа жыл - бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!


  • Қанеки балалар, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
    Аяз ата мен Ақшақар келеді. Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Біздің балалар сізді, сыйлығы мол Аяз атаны асыға күтуде. Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен қауышу қуанышына ұл - қыздарыңыз ән - күй, биден шашу даярлап келіпті.
    Ән: «Жаңа жыл». Саятжан, Азамат, Аяжан, Арайлым, Нұрай


  • Жаңа жылым - әсемсің

Гүл өндірер түзге де,

Әр сәті бақ әкелсін

Ұстаздарым сізге де, - дей келе мерекелік құттықтау сөз ...............................береміз.


  • Аяз ата! Көрдіңіз бе? Бүгін жаңа жылға жиналған балалардың бәрі көрікті, бәрі де көңілді. Осы тойдың «Ақ патшасы» өзіңіз Аяз ата. Асу - асу жерлерден шаршап келдіңіз, көңіл көтеріңіз, ән тыңдаңыз, балалардың биіне бірге билеңіз. Ендеше сыныбымыздың биші қыздарының жастар биін тамашалайық!

  • Би. «Pappi». Ақбота мен Гүлзат

  • Өткен жылға өкпе жоқ, 2014 жыл балалар үшін ерекше жыл болды. Себебі: ең басты жаңалық, бастауыш сыныпты ойдағыдай аяқтап, азамат атанып, жоғары бесінші сыныпқа өтіп, жаңа ұстаздар- апайлармен табысты.
    Аяз ата, келесі орындауда ән: «Мерекем». Орындайтын: Аяжан

  • 5а,б сынып оқушыларының биін тамашалайық. «Ай баласы» атты вальс.


  • Әсем екен әндері,
    Әй - әй екен сөздері,
    Шыршалары көк екен
    Көңілдері тоқ екен
    Мұндай жақсы балалар
    Ай жұлдызға пара - пар
    Бола қоймас бізге айып
    Өлеңдерін тыңдайық.

    Аяз ата, келесі орындауда «Кең дала» әнімен Сағынышты қарсы алайық!



  • Біздерде ойын - сауық жалғасады
    Тамаша би биленіп, ән салады
    Қошеметтеп, қол соғып отырайық
    Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
    Ендеше, ортада 5б сыныбының өнерін тамашалайық. «Арива» биі.



  • Таңым боп атқан, Шамым боп жаққан

Кел жаңа жыл!

Мәуелі бақтан, Бақыт боп тапқан

Кел жаңа жыл!

Ой менен қырда, Тербетіп жырға

Кел жаңа жыл!

Бөленіп сырға, Шомылып нұрға

Кел жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні. Орындайтындар: Қымбат, Інжу, Нұрай.



  • Біздің сыныптың ұлдарының да КВН көрсеткісі келіп тұр, тамашалап көрсек қайтеді.
    Ендеше ортада сыныбымыздың ұлдарынан құралған әзілкештер тобы. Қарсы алайық! КВН.



  • Аяз ата, біздің балалардың билері, өнерлері сізге ұнап жатыр ма? Біздің балалардың бәрі өнерлі. Нұрмұхаммедтің орындауында «Сәлем саған туған ел» әні. Қабыл алыңыздар!



  • Өркендеп өрлеп, Бақ болып төрлеп

Кел жаңа жыл!

Жүректі тербеп, Ән болып кернеп,

Кел жаңа жыл!

Биіктен асып, Шабыт боп тасып

Кел жаңа жыл!

Құшағыңды ашып, Нұрыңды шашып

Кел жаңа жыл!

Ерсұлтан, Әлімжан, Қайыржан, Даниярдың орындауында «Жаңа жыл» әні.



  • Сүйсінтеді бишілердің қимылы
    Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі
    Билерінен мін таппайсың бірде - бір
    Құдайдың шын таңғажайып сыйлығы.
    «Жастар» биі. Қабыл алыңыздар!



  • Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
    Аяз ата, Ақшақар! Келесі жылы Жаңа жылға дейін сау болып тұрыңыздар!

    Кел жаңа жыл, жаңа жыл
    Саған әзір жаңа жыр
    Елге табыс, жақсылық
    Ала келші жаңа жыл!

    Құрметті қонақтар! Осымен жаңа жылдық думанды кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал