7


  • Учителю
  • Сынып сағаты 'Ұлы Жеңіске 70жыл!

Сынып сағаты 'Ұлы Жеңіске 70жыл!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тәрбие сағаты: Ұлы Жеңіске 70 жылМақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы туралы оқушылардың бойында түсінік қалыптастыру.2.Елімізді,жерімізді жаудан қорғап қалған батырлардың ерлігі ,тыл жұмыскерлерінің еңбегі,сол кездегі халықтың өмірі туралы әңгіме өрбіту,ой туғызу,елестету,батыр
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты: Ұлы Жеңіске 70 жыл

Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы туралы оқушылардың бойында түсінік қалыптастыру.

2.Елімізді,жерімізді жаудан қорғап қалған батырлардың ерлігі ,тыл жұмыскерлерінің еңбегі,сол кездегі халықтың өмірі туралы әңгіме өрбіту,ой туғызу,елестету,батырлардың рухының орнына бір сәт өздерін қоя білу,

сезіну,түсіну арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Адамгершлікке,Отанымыздың саясатын қолдауғады,ерлікке,адал,батыл болуға баулу.Отанды қорғау -әр азаматтың қасиетті борышы,парызы екенін естен шығармауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: батырлар портреті,суреттер, карта

Сынып сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Қайталау

«Біз бейбітшілікті қалаймыз » шығармаларын 3 оқушыға оқыту, реферат

тарда айтылған деректерді пысықтау ,бекіту.

3.Жаңа сабақ

I.Кіріспе сөз.

-1941жылы22маусым күні таңғы төртте елімізге қауып төнді.

Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды.Фашистік германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

-Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Соғыс әр отбасына үлкен қайғы, қасірет әкелді.Әрбірқұндақталған сәби

мен қартайған қария соғыс зардабын шекті...

( Оқушылар өздері естіген, теледидардан көргендері жайлы

баяндайды,пікір алысады)


II.Ой туғызу.Топпен жұмыс

1топ

- Бебітшілікті сақтауда сен қандай үлес қосар едің?

2топ

-Соғыста немістер жеңсе не болар еді ?

3топ

-Жеңіске жетуге не себеп болды? (халықтар достығы)


III. Жатқа мәнерлеп тақпақтар оқу.

1 оқушы: Дәл осылай жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.


2 оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.


3 оқушы: Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

4 оқушы: Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар.

Жаттап алғын балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті әлия,Мәншүк апалар.

Мұғалім:

-Фашизімнің ордасы рейхстагқа қазақ жігіті,лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!

(Р.Қошқарбаев,Б.Момышұлы туралы мағлұмат беру)


5 оқушы: Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып.

6 оқушы: Жеңіс,жеңіс»

Бабамыздың-

Қызыл қаны төгілген.

Кеше туған және біздің

Бағымыз боп көрінген.


7 оқушы: «65 жыл» -Бейбіт көктем таң атқаны.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

8 оқушы: Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен -аман боайық,

Енді соғыс болмасын!


IY. Корытынды:ББҮ кестесі бойынша.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал