7


  • Учителю
  • Конспект урока Тәуелсіз елімнің қыранымыз

Конспект урока Тәуелсіз елімнің қыранымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Тәуелсіз елімнің қыранымыз!

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге ,елін,жерін қадірлеуге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,оны айқындайтын белгілерін білуге,еліміздің бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге,еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: дәстүрлі сабақ.

Көрнекілігі: Рәміздер суреті,нақыл сөздер.

Барысы:

Оқушыларды дайындау.

Қайырлы күн құрметті қонақтар,хош келдіңіздер!

Ойда ортақ,тойда ортақ дегендей сіздердің назарларыңыыыыыыызға Тәуелсіздігіміздің 22- жылдығына орай дайындаған «Тәуелсіз елімнің» атты сағатымызды ұсынамыз.

Жеткен арман жаса,тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес,бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан Республикасы.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері ғасырға пара-пар.Осынау жылдарда елдігімізді танытып,еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар.Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігіне жариялап дербес мемлекет болды.

2.Мемлекет деген не? Адамдардың біріктіретін үлкен отбасы.

Сендер дүниеге келген күннен бастап мемлекеттің қамқорлығындасыңдар!

Қазіргі кезде сендер ашық аспан,жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сқріп жатырсыңдар.Сендер үшін білім алуға мүмкіндік мол.

Ендігі кезекті оқушыларға беремін!

1-оқушы: (Рефхат).

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

2.-оқушы.Сымбат.

Жасай берші ұлы күн,

Үміті боп елімнің,

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп ананың.

3-оқушы .Нұрай.

Он алтыншы желтоқсан,

Елдің ұлы мейрамы.

Жаңа шыққан көктемдей,

Жаз күніндей жайдары.

4-оқушы .Гүлмира.

Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп шығады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағы.

5-оқушы .Елмира.

Қазақстан киелім,

Қияға ұшар қыраның,

Еркіндікті сүйемін.

Мен тәуелсіз ұланмын.

6-оқушы .Аружан.

Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың,

Төбемізді мәңгілік.

7-оқушы..Елдар.

Тәуелсіздік ,еркіндігім,елдігім,

Елім дербес,өзге елдермен тең бүгін.

Тәуелсіздік азаттығым,арманым,

Алдағы арман қуанышым сол менің!

8-оқушы Медет.

Тәуелсіздік тәуба етемін,

Бабаларым талай ғасыр аңсаған.

Ұран боп мәңгілікке азат күн,

Тарландары қыршын кеткен қазақтың.

Біздің Елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (слайдтан суретін көрсету).

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 22 жыл ішінде 130 -дан астам ұлт пен ұлыс бар мемлекетті басқарып,экономикалық тығырықтан,нарық қиындығынан аман-сау шығарып,жарқын болашаққа бастап бара жатқан білгір де.білікті басшымыз,тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Балалық шағы -1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданында Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген.

Еліміздің астанасы қалай аталады? (Астана туралы слайд)

Отанымның төрінде,

Сарақаның өрінде

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам, бас қалам.

Астана- Елбасының төл перзенті.

Кескін келбеті күн сайын сәулеттеніп, аумағы өсіп келеді. Астананың даму қарқыны досты қуантып,дұшпанды мойындатты.

Көкке бой созған Президенттің салтанатты ақ ордасы, асқақ бәйтерек, океанриум т.б. сол талаптан шығады.

Балалар мемлекеттік рәміздерді атап жіберіңдерші.

Ту, Елтаңба, Әнұран (Слайдтан көрсету)

  1. жылы 4 маусым Қазақстан Республикасы заңға қол қойды.

Тудың түсі қандай? (Көгілдір, бұлтсыз, ашық аспан)

Күннің нұр шұғыласы алтын бейнесі, байлық, береке, тыныштықтың нышаны. Қыран -Қазақстандықтардың еркіндігін, тәуелсіздігін, бостандық, жомарттық, қырағылықтың белгісі. Өрнек- белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, халықтың талғамының көрсеткіші.

Ту туралы тақпақтар айылады.

Елтаңба (слайд)

Ең басты елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп тұрған-шаңырақ. Киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелер елестенеді. «Ат адамның қанаты» деген ұғым бар. Шапшаңдық ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді.

Елтаңба туралы тақпақтар айтады.

Әнұран (слайд) тақпақ оқу.

Әнұранның сөзі мен әнін кім жазды?

Әнұранның сөін жазандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған Шәмшә Қалдаяқов.

Әнұран Мемлекеттік қазақ тілінде айтылады. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін ерлік күресі, халқының татулығы туралы елдің болашағын ұрпаққа тапсыратындығы туралы айтылады. Бүгінгі сабақты қорытындылай келе сұрақтар қою.

  1. 16 желтоқсан қандай мереке?

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.\

  3. Біздің Елбасымыз.

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  5. Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?

  6. Қазақстан Республикасының бас қаласы.

  7. Сен қай облыста тұрасың?

  8. Семей қаласының әкімі?

  9. Әнұранның авторы.

  10. Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?

Отан сөзін естігенде қандай сөздер еске түседі? Отан дегенді сен қалай

түсінесің?

Астана тарих тіл атамекен

ауыл Конспект урока Тәуелсіз елімнің қыранымыз өлке

аудан туған ел

су жер тау тас өзен көл

дос, бауыр ата-ана







Мақалдың жалғасын табу.

  1. Отансыз адам (Ормансыз бұлбұл)

  2. Отан (отбасынан басталады)

  3. Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас)

  4. Жері байдың (елі бай)

  5. Туған жердің күні де ыстық (түні де ыстық)

  6. Өз елім (өлең төсегім)

  7. Өзге елде сұлтан болғанша (өз еліңде ұлтан бол)

  8. Отан үшін (отқа түс күймейсің)

  9. Отан-елдің анасы (Ел-ердің анасы)

  10. Опасызда Отан жоқ (отанда оған орын жоқ)

  11. Туған жер -тұғырың, (туған ел-қыдырың)

Қазақстан - Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты!

Біз тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз.Сондықтан жерімізді, елімізді, аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.

Еліміз тыныш, отанымыз гүлдене берсін!

Қазақстан Туындағы қыран құстай самғай беріңдер.

Еліміздің болашағы сендерсіңдер, Отанды құрметтеуге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар!

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер,тжаса асқардан аса әрқашан

Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлым.- деп әнұранмен аяқтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал