7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ходжахметова С.Н

№18 орта мектептің

математика пәні мұғалімі

Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы







Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігі.



Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Қазақ халқының тарихымен таныстыру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігін насихаттау.

Білімділік: Өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу, ҚР Концтитутциясының баптары жазылған плакаттар, «Халықтар достығы» видеороликтер.



Сабақтың барысы:

1.Қазақ қыздарының ерлігі.

2.Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл.

4. Ұлы жеңіске 70 жыл.



1.Қызығушылығын ояту.

(Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету).

1.Оқушылар сіздерге көрсетілген видеороликтен қандай әсер алдыңдар?

2.Кімдердің ерліктерін көрдіңдер?

3.Қазақтың батыр қыздары кімдер еді?

-Ия әрине, Қазақ қыздары қандай батырлар еді?

Елі үшін, жері үшін қан майданда кеудесін оққа тосып, жан аямай соғысты. Шығыстың екі батыр қызы М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың жасаған ерліктері біздің мәңгі жүргімізде қалады.

2.Тренинг.

Ортаға шаттық шеңберін құрамыз.

Сұрақ. Біз қандай елдің тұрғынымыз?

</ (Оқушылар қандай елде өмір сүретіндігін, Еліміздің жеткен жетістіктерін айтып өтеді)

Жарайсыңдар.

-Ия біз ата-бабаларымыздың ерлігінің арқасында Тәуелсіз Қазақстан еліне айналдық. Қазақ халқының өз Тәуелсіздігін алып егемен ел болғанына 23 жыл болды. 23 жылдың ішінде біраз жетістікке жеттік.

(Интербелсенді тақтадан оқушыларга ұяшықтар арқылы сандар беріледі. Әр оқушы сол жылы не қабылданғанын немесе сол күні қандай мереке екендігін айтып өтеді?

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігіСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігіСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігі









Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігіСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігіСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлігі









- Қазақстан Республикасы 1993 жылы 28 қаңтарда бірінші Конституциясын қабылдады.

-1992 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуілсіз ел атанды.

1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күні.

1995-жылы ҚР Концтитутциясына өзгерістер енгізіліп қайта қабылданды.

1995-жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылданды.

30-тамыз ҚР Конститутция күні.

Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілікті сезіне отырып , өзіміздің егемендік алғанымызды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдадық. Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл. Конститутция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.

ҚР Конститутциясының 2 бөлімінде Қазақтан Республикасының тұрғындары тең дәрежелі. Барлығы бір ортақ заңға бағынатындығы туралы айтылған.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

Сұрақ: Қазақстанда қай ұлттың өкілдері тұрады?

Оқушылар жауабы (орыс, әзірбайжан, түркмен, беларусь, молдава, түрік,корей, өзбек т.б)

-Осыған орай, 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылданды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.

Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйымдастырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын.

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өтті.

Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толды.

Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...

Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.

Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.

Қортынды: Өткен тарихты бағалау, оның тағлымды тәлімінен сабақ алу - ұлтын сүйген әр азаматтың ардақты борышы деп білеміз. Өткенімізді төл тарихымызды білу, ұлы батыр бабаларымызды ардақтау - санасы биік халыққа тән абыройлы іс. Міне, сондықтан да, өшкенімізді жағу, асылымызды ардақтау - міндетіміз. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміз талай белестерге жетуде. Көп ұлтты бірлігіміз жарасқан Тәуелсіз ел астында өмір сүрудеміз. Жастарымыздың мақсаты айқын, болашығы жарқын деп есептейміз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал