7


  • Учителю
  • Соғып түр мерген қыздың жүрегі әлі

Соғып түр мерген қыздың жүрегі әлі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі

Ән ұран:

Мұғалім:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Жеңістің 69 жылдық мерекесі қарсаңында барлық мектептер мен мекемелерде іс-шаралар өтіп жатыр. Осыған байланысты бүгін біз «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты ашық тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп , еңбек етіп жатқан халқымыз осынау шат заманның қымбатқа түскенін біледі.

Ерлет:

1941 жылы ССРО территориясына неміс-фашист басқыншылары опасыздықпен басып кірді. Қауіп төнген шақта жерлестеріміз ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсетті. Қанды майданда кеудесін оққа тосып Отан үшін жанын пида етті.

Атап айтсақ: Қасым Қайсенов (партизан), Бауыржан Момышұлы (қолбасшы), Рақымжан Қошқарбаев (Рейхстагқ ту тіккен), Төлеген Тоқтаров (барлаушы),Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов (ұшқыш), Мәншүк Мәметова (пулемиотшы) Әлия Молдағұлова (снайпер).

Жансұлу

Дәл осынау жарқыраған жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Әрқашан да басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

Орнымыздан тұрып соғыстан оралмаған боздақтарды 1 минут еске алайық.

Ақерке:

(Әлияның өмір баянын айтады)

Ерлет:

Соғыс басталғанда Әлия Ленинград қаласындағы №140- мектепте оқитын.

Көрініс:

(Мектепте отырған)



Жансұлу:

Әлия 1942 жылғы желтоқсанда Мәскеу маңындағы Вешняки стансиясындағы қыздардың мергендер мектебіне түсіп, 1943 жылы оны бітіріп шығады.

Көрініс:

(Әлияға снайпер беретін)

Ерлет:

1418 күн мен түнге созылған шайқаста біздің ұл қыздарымыз шынайы ерліктің үлгілерін көрсетті. Кейде қиян-кескі шайқастардан соң бейбіт минуттар, қимыл толастаған сәттер Кездесетін. Осындай кездері әр жауынгер өз мүмкіндігінше пайдаланатын.

Көрініс:

(Әлия хат жазады.)

Жансұлу:

«Әубәкір аға! Алдымен

Кінәллай көрме сен мені

Кеткесін сендер барлық ел

Меніңде қалғам келмеді.



Әйтеуір маған ұрыспа,

Осылай болды ақыр күн.

Өздері құсап дұрыстап...

Сазайын беріп жатырмын.



Есіңде ме анау күндері

«Қорқағым» деуші едің әрдайым.

Көрсең ғой өзің бір келіп

Қорқағым қазір қандайын.



Жүруші едің бағып тек мені,

Секілді әлі сәби мен..

Әлияң міне ,бетпе-бет

Аңдысып жатыр жауымен.



Болу еді ұшқыш арманым,

Көбірек тиер көмегім.

Аспанда жүріп жауларды

Тобеден соқсам деп едім.



Несі бар?! Қазір мергенмін!

Оның да жайын түсінем.

Оқ жетере болса болды енді,

Қылтиса қағып түсірем



«Қашан сәті келер» деп

Мені де көздеп тұр анда..

Оқ ұшып жатыр төбемнен,

Үйреніп кеттім бұған да.



Қорқынышты емес бұл аса,

Өмірім осында өткендей,

Таңертең үйден шыға сап

Соғысқа кіріп кеткендей.



Сезім бар сондай шынында

Білмеймін өзім, бұл неден?!

Оқ ату түгіл бұрында

Мылтықтың өзін көрмегем.



Жарайды созып кеттім бе,

Әр жайдың басын бір іліп.

Кездеспей кеттік көп күндер,

Қалыпты бәрі жиылып.

Қалғанын кейін жазармын,

Сапарға шығамын қазір де.

Алдым ғой біраз мазаңды,

Осы да жетер әзірге!....

Сәлемнен Әлияң

Ерлет:

Бұл хат 1944 жылы 13 қаңтарда жазылған. Казачиха деревниясын жаудан азат ету шайқасында Әлия Біздің жауынгерлерді 6 рет шабулға көтеріп, 200 дей фашисттың көзін жойды. Өзі де ерлікпен қаза тапты.

Батырды айтсақ талай есім аталар

Әкелер бар, ағалар бар, ата бар.

Болашақты бізге мирас етті де

Қыршын кетті Әлия сынды апалар



Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Мұрат:

Болашақты бізге мирас етемін деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар

Әлия, Мәншүк-қос жұлдыз көкте жайнаған

Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған



Раушан:

Батыр Әлия мәңгілік жанған нұрсың,

Сен сол үшін көгімде күн болып тұрсың

Қаршадайдан ойладың ел қамын

Туған жерді қаныңмен қорғадың.



Батыр Әлия мәңгілік жүрегімде,

Бірге жасап келесің бұл өмірде.

Барлық бұлбұл бақшада сайрасын!

Ерлігіңді туған ел тойласын.



Ақерке:

Тайсалмай талай жауға оқ боратқан,

Әлия батыр қызы даламыздың

Әрқашан есте тұрар мәңгілікке

Ер жүрек дархан қызы қазағымның

Қыршын жастан қолына қару алып,

Өз өмірін қатерге тікті Әлия

Жер үшін соғысты сол майданда

Қапыда көз жұмды сол Әлия

Ана байғұс шырылдап қоя берді

Еліне орны толмас қайғы келді.

Жоқтатпай әлиядай батыр қызды,

Еңсеңді жоғары ұста көтеріңкі



Дидар:

Жаралғандай жалынынан

Жайсаң батыр-Әлия

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған

Бұзып жарып қоршауды,

Жолсыз жерден жол салды.

Достары түгіл ерлігін

Қасы да естіп тамсанды.



Би: «Сарбаздар»



Аяжан:

Қайсар қызы қазақтың нағыз ер

Ерлігіңді аңыз қып таратты ел,

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ.

Қайраттанған жүзіне қарап білер.



Сол бір қиын, тым сұрапыл шақта ол,

Кеудесіне ерлік отын жақты ол

Отан үшін опат болған қызғалдақ

Есіміңді мәңгі сақтар жас ұрпақ



Досжан:

Кеңге сілтеп құлашты, өрісті біз

Ғарышқа да аудардық қонысты біз

Бейбіт күннің әр таңғы тынысы үшін

Біз солардың алдында борыштармыз.



Наргиза:

Өмір өлім жеңісі тұйықтасып,

Жатқанда батыс жақты күйік басып

Аттаныпты майданға туған жерден,

Аға, әкелер қаруын иыққа асып



Кең дүние тынысы тарылғандай,

Ыза кектен өршіген жалын қандай.

Еуропаға тасталған жау бомбасы

Кеудемізге тарс етіп жарылғандай.





Гүлнүр:

Айқасқанда қан майданда әке, аға, балада.

Тылда жүрді бейнет кешіп, еңкейген шал анада,

Ел ішінде жау тигенде аянатын адам жоқ.

Отан үшін жаным пида деген серт бар санада.



Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар

Жаттап алар балалар,

Баолашақты бізге мирас етем деп

Қыршын кетті Әлия Мәншүк апалар



Көрініс: «Ленинград шайқасы»



Баян:

Әлі де құстар жайлаған

Қалың бір тоғай етегі

Мінеки өзі таңдаған

Әлияның құйттай мекені.

Еңіске қарай иіліп

Бұталар өскен, шөп өскен

Алқаптың алыс қиыры

Түседі көзге дөңестен

Қажыды ма әлде кек пе әлде,

Қатыңқы қазір қабағы

Алдында жатқан беткейге

Қадалып қалған жанары.



Тәңірхан:

Тағы да қаланы

Жатыр жау бомбалап

Теңселіп барады

Барады жер құлап



Шетімен алаңның

Жығылып..

Сүрініп...

Үйіне ағамның

Келемін жүгіріп

Салдырап сүйегім,

Қызынып, суынып

Барады жүрегім

Аузыма тығылып



Назым:

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.

Сол жерге Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі



Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия отанына болған мақтан.

Бежаница маңында тұлғасы тұр,



Дегендей «Ерлікке аттан, еңбекке аттан!»



Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіріп қоңыраулы атын жеккен

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп

Қазақтың Әлия қызы қынын төккен.



Ән: «Әлия!

Нұрсұлтан:

Жермен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт

Әлия орыс қаласын Азат етіп болды мерт



Жанболат:

Өмірден талай есім өткені бар

Бүгінгі ғасыр аспан жеткені бар.

Елдікке бастап елін өрге сүйреп

Артыңа аңыз болып кеткені бар.



Би: «Катюша»



Жансұлу:

1941-45 жылдары соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Бірақ сол бір естен кетпес жылдар бізден анағұлым алыстаған сайын Кеңес халқының ғажайып ерлігі соғұлым ұлы болып көрінеді. Халықтарды езіп-жаншудан өз қанын төгумен аман сақтап қалғандарды адамзат баласы ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс жалыны басылғанына 69 жыл өтсе де оның өртінің лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырады. Қастерлі жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып қанын төккен ата-әкелеріміздің есімдері тарих төріне айшықтала түсуде. Олар бізге шоншалықты қымбатқа түскен жеңістің қадірін ұғындырады. Миллиондаған адамның өмірімен қолымызға тиген 1945 жылғы жеңіс күні бізге қымбат!



Ерлет:

Біз осы соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін түсініп жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтседе ұмтылмастай тарихта қалды. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің батырлықтың мектебі болды. Соғысқандар үшін ғана емес, соңғы келер буындар үшін де мектеп. Соғыс кезіндегі Кеңес адамдарының сан қилы ерліктері-жас жүректерді шыңдайтын тәрбие мектебі. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батырлардың рухына мәңгілік тағзым етеміз. Дей отырып бүгінгі «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі»-атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал