7


5 сынып. Ашық тәрбие сабағы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<span>Тақырып: «Халықтар достығы - бірлікте»



2-жүргізуші Ұлжан мен Асқар

1-жүргізуші:

Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,

Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.

Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,

Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,

Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,

Өздерің болып санама бала тұнды жыр.

Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,

Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.

2-жүргізуші:

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

2-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

1-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

2-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы



Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» орындайтын: хор оқушылар

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

Әрбір ұлт өкілдерінен ән би корсетіледі. оқушылар

Ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді. 1-ән, 1-қазақ биі

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

орыс халқының әні, 1-орыс биін көрсетеді.

1-жүргізуші: Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде :қазақ,орыс,өзбек, ұйғыр, тәжік,украин,татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.

Украин халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Украин ұлт өкілі шығады.

Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады.1-ән,1-биін көрсетеді.

2-жүргізуші:

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

1-жүргізуші:

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған

Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

Татар халық әнінің сазы естіліп,сахнаға Татар халық ұлт өкілдері шығады.

1-ән,1-биін көрсетеді.

2- Жүргізуші:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы!

Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала,төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!



Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!

2-жүргізуші біргелікте

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал