- Учителю
- Конспект по внеклассной работе бастауышым-балбұлағым
Конспект по внеклассной работе бастауышым-балбұлағым
«Бастауышым - балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кеші. Мақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәриелеу.
Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен сахнаны безендіру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Бастауышым - балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар.
Мұғалім:
4 «Ә» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға шығады)
Елдана: Ару қызы қазқтың
Сыныбымның озаты.
Келбетті де сымбатты
Қызымын мен Елдана атты.
Даулет: Дарасы болар даланың,
Даулет деген баламын.
Қазақ тілін меңгеріп ,
Жазушы мен боламын.
Али: Али деген баламын,
Айтқан тілді аламын.
Жақсы оқып сабақты,
Атақты ақын боламын.
Айбек: Өнер толы бойымда,
Білім толы ойымда .
Айбек деген балаңыз,
Мени боламын ағайын.
Бейбіт: Бейбіт деген баламын
Ылғи бестік аламын.
Әл-Фараби атамдай,
Математик боламын.
Аружан: Сөйлегенім тым тәтті,
Сәулелі де сымбатты.
Аружан деген қыздарың,
Мен боламын ағайын.
Аяжан: Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын.
Аяжан деген қыздарың,
Мен боламын ағайын.
Камила: Әжемнің орнын бассын деп,
Атаған мені Камила
Жалқаулықты сүймеймін,
Кітапты көп оқимын.
Али : Ассалаумағалейкум , ағайын !
Аружан : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты
әкелер !
Али : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Аружан: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Али : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан ,
адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды
үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы
ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Ән: Аяжан мен ана Елдана
Айбек : Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !
Камила: Дұрыс айтасың Айбек ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім
алған десеңші . Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді
мен де мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнаған жырларын тыңдайық
«Мектебім» әнін шырқайық !
Слайд «Мектептегі мерекелер»
Темерлан: Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз
Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз
Аяжан : Алтын ұя- мектебім,
Біліміңмен көктедім.
Саған деген жүректе.
Ақ алғысым көп менің
Камила : Кітап, қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Елдана: Мектеп деген білім кені , жыр кені ,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Дәулет: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Камила : Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Бейбіт : Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Хормен : Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Айбек : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.
Ендеше сыныптарымыздың мектепке арнаған «Мектебім» әнін шырқайық
!
Ән : « Мектебім» Камил мен Бейбіт
Темерлан : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай
атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен
солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім
нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге
мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз
туралы не айтар едің Елдана ?
Елдана : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға
үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп
Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Темерлан : Дұрыс айтасың Елдана, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан
жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім
мен тәрбие алған.
Елдана : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың
басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі
жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Темерлан: Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»
Аружан:
Есімде Ғизат апайдың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне сағымдай боп өте шықты
Төрт жыл уақыт аз ба екенін кім біліпті?
Ұстаз аналар Жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Аяжан:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Даулет:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
Елдана:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Өмірге жол өзіңнен бір бастадым,
Алфавитті алғаш сізден бастадым.
Ғизат апай естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Камила
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді
Темерлан:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз,гүлмен бірге жолдаған,
Шәкірттеріңнің жылы сөзін қабыл ал.
Темерлан енді Даулет пен қарындасы
Ән «Ұстазым менің»
Бейбіт : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып
жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ,
көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Аяжан : Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Ән : «Әкелер»
Аяжан : Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге
қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз
бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей
алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге
не жетсін !
Бейбіт : Ия , дұрыс айтасың Жадыра. Біз болашақта саналы да ,
ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы
емес пе ?
Даулет : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
Аяжан : Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата-аналарымызға
сөз кезегін береміз.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Аружан мен Али
Ән «Менің анам алтын»
Аяжан : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді
зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Дәулет: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш
сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Аружан : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.
Хормен Ән «Бақытты балалық шақ»
Аружан: Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет,
тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз
болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер
салып үйрендік.
Али : Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз ,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз ,
Әдебиетпен достасамыз.
Аяжан : Ойланып есеп шығартып,
Төрт амалды білдірген.
Ғылымдардың патшасы ,
Математика данасы.
Елдана : Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын ,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
5 - сыныпқа барған соң,
Тіл мамандары бағалар.
Айбек : Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Али : Кане достар, біздіңдің негізгі пәндерді қалай
меңгергендеріңді көрсетейік. Бізге әр түрлі тапсырмалар берілген.
Кане 4 жыл бойы алған біліміміздің жемісін көрете білейік.
Аружан : Жарайсыңдар достар, талаптарың таси берсін ! Шығармашылық
қабілеттерің өте жақсы екен.
Али : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа
күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған
ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу
қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері
жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым - бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән «Қош бастауыш»
Хормен : Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге ! Құттықтау сөз.