7


  • Учителю
  • Внеклассная работа по воспитательной работе Ана-тіршіліктің тірегі (7 класс)

Внеклассная работа по воспитательной работе Ана-тіршіліктің тірегі (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия









Тәрбие сағаты

ТАҚЫРЫБЫ: « Ана - тіршіліктің тірегі »

Внеклассная работа по воспитательной работе Ана-тіршіліктің тірегі (7 класс)









































</<span>Тақырыбы: «Ана- тіршіліктің тірегі»

Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік

беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы

қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілік: Слайд

Түрі: сұрақ-жауап

Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».

О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».

В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».

Барысы:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында отандастарымыз Ризашылық күнін атап өтеді.

Әңгімелесу

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

-Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Сұрақ-жауап

- Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?

- Жүрегі жылы кім?

- Құшағы кең кім?

Ата -ананың ақысы немен өлшенеді?

«Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?

«Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де - «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл - ана. Ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді өмір тірегі - АНА деген ардақты жанның құрметтеріне арналады.

« Сен білесің бе? » ойыны

  1. Үйдегі алтын қазық кім?

  2. Жақсы көретін тағамы?

  3. Ұнататын гүлі қандай?

  4. Анаң қандай иіс суды ұнатады?

  5. Бос кезде немен шұғылданғанды ұнатады?

  6. Ұнатпайтын ісі қандай?

  7. Ұнататын әншісі кім?

  8. Сырғасы қандай? Неден жасалған?

  9. Анаңның көзінің түсі қандай?

  10. Анаң қандай түсті киімдерді ұнатады?





Ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ананың қадірі жайлы ерекше айтылған. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу

1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?

2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

3.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Бейнеклип: ˝Ана туралы монологˮ

Топқа тапсырма.

1топ. «Ананы неге теңер едің?» тақырыбына сурет салу.

2топ. «Менің анам» тақырыбына эссе жазу.

3топ. Ашықхат жасау.

Мақалдарды жалғастырыңдар

1. Ауылдан асқан байлық,________ қымбат қазына жоқ. /кітап/

2. Талапсыз жас,Қанатсыз_________. /құс/

3. ________ қылығымен көркем. /қыз/

1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/

2. _______ көңілі балада. /ананың/

3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/

1)Жақсы сөз -------------------. /жарым ырыс/

2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/

3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /

1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./

2. Жолдасы жоқ жігіттің ----------------/ Олжасы жоқ. /

3. Тұр-тұрдан хабар келсе,------------ / ¥йкыдан маза кетеді. /

1.--------- бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

2. Екі аяқтыда бажа тату, ------. / төрт аяқтыда бота тату./

3. Бас жарылса, бөрік ішінде,-------------- /Кол сынса, жең ішінде./

1. Өле жегенше,------------ /бөле же./

2. Туа жаман жок,------------- /Жүре жаман бар./

3. Ағаш тамырымен мықты, --------------/Адам досымен мықты.

Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз. Соның дәлелі ретінде аналарымыз бізге тағам жасауды үйретпекші. Ал олардың сүйікті балалары қолғабыс етеді.

Ән: Ана

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам - анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал