- Учителю
- 'Төле бидің жауабы. Төле бидің шешендігі' қазақ әдебиеті сабақ жоспары
'Төле бидің жауабы. Төле бидің шешендігі' қазақ әдебиеті сабақ жоспары
№ 2
Тақырыбы: Төле бидің жауабы. Төле бидің шешендігі.
Мақсаты: 1. Төле бидің шешендік сөздері, оның өз тұсындағы хандар
мен билердің ұстазы, ақылшысы болғаны жайлы түсінік
беру.
2. Білімін, тілін дамыту.
3. Адамгершіліке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Көрнекілігі:суреттер,үлестірмелер
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындық
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Төле би. «Қарлығаш әулие»
1. Тақырыпты оқыту.
2. Мазмұнын сұрау.
III Білімді тексеру кезеңі:
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
2.Қорытындылау
IV Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Төле бидің жауабы. Төле бидің шешендігі.
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Төле бидің жауабы. Төле бидің шешендігі. - оқып түсіндіру.
2. Сөздік жұмысы.
3.Сергіту сәті
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Мәтінді оқушыларға оқыту. а/ іштей ә/ дауыстап тізбектей.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
-Бұрынғы сыныптарда Шақшақұлы Жәнібек жөнінде не оқып едің?
-Ол Төле биге қандай сауал қойды?
- Төле би мылтық, құс,ат, мақтаншақ жігіт жөнінде не деді?
- Шақшақұлы Жәнібектің сұрағына сен қалай жауап берер едің?
3. Тапсырмаларды орындау.
VII Бекіту кезеңі
Қорытындылау
VIII Үйге тапсырма беру кезеңі:
1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.
2.Бағалау