- Учителю
- Конспект 'Білімді ұрпақ-ұлтмақтанышы'
Конспект 'Білімді ұрпақ-ұлтмақтанышы'
Тақырыбы: Білімді ұрпақ - ұлт болашағы
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық ойын
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл -тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім - кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым « Кім көп біледі?»
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
ІІІ айналым « Ата салтың - халықтық қалпың»
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
Тәрбиеші: Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І - « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
-
Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
-
Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
-
Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
-
Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
-
« Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
-
« Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
-
Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
-
1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
-
Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
-
Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
-
9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
-
« Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
-
Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
-
22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
-
Жақсы ... үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
-
Айдың он бесі .... , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
-
Көңіл сырын ... білдіреді ( көз, глаз, eye)
-
....... - алтын қазына ( кітап, книга, boor)
-
Еңбегі жоқ ..... - ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
-
Көз қорқақ, .... батыр ( қол, рука, hard)
-
.... басы - бұлақ, сөздің басы - құлақ ( су, вода, water)
-
...... алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
-
Есепші ..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
-
Күндіз ... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
ІІІ - « Ата салтың - халықтық қалпың» Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
-
Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
-
Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
-
Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
-
Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
-
Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
-
Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
ІҮ - « Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі: 2 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.
Қазақ тілі
50 ұпай - Буынның неше түрі бар және оларды ата? ( ашық, тұйық, бітеу)
100 ұпай - Бір-біріне қарама-қарсы сөздер ( антонимдер)
200 ұпай - жалпы халыққа ортақ түсініктер сөздер не деп аталады? ( жалпылама лексика)
Спорт
50 ұпай - Футбол ойынына қанша адам қатысады? (11 адам)
100 ұпай - Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
200 ұпай - Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)
Ү - Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
-
Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
-
Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
-
Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
-
Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
-
31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
-
Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
-
Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
-
Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапталады.
Қорытынды: Нені білдік?Нені үйрендік?