7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты 'Туған жердің асыл қазынасы'

Ашық тәрбие сағаты 'Туған жердің асыл қазынасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Тайынша қаласының №5 орта метебі» КММ

















Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Туған жердің асыл қазынасы»

Жауапты: Сапиева А.А.



2015-2016 оқу жылы


№5 орта мектебі

6а сынып

2015-2016 оқу жылы

Сапиева А.А.

Өткізілген күні: 24.10.2015жыл


Сабақтың тақырыбы: «Туған жердің асыл қазынасы»

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.

Түрі: танымдық-тәрбие сағаты
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: әдебиет,география,тарих
Көрнекі құралдары: карта, слайд.


І.Кіріспе:

Балалар өздеріңді болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші. Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не елестейді?

Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе бастайды.

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Туған жердің - асыл қазынасы» атты болмақ.

Үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы өлең жолдарын жазу берілген. Қане тыңдайық.

Рахмет, балалар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық.

  1. Мақалды аяқтау.

Кел,балалар келіңіз,
Тамашаны көріңіз,
Томсырайып отырма
Мақалды ойла
Шешімін таппай қойма.

  1. Ел мен жер егіз.

  2. Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

  1. Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

  1. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

  1. Ел болам десең,

бесігіңді түзе.

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Отанды сүю -

от басынан басталады.

  1. Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.


  1. Сұрақтарға жауап берейік.

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен сұрақ шашылды.


  1. Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

а) Ресей ә) Қазақстан б) Қытай

  1. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

а) Алматы ә) Астана б) Шымкент

  1. 16 желтоқсан қандай күн?

а) Тұңғыш президент күні ә) Рәміздер күні б) Тәуелсіздік күні

  1. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

а) теңге, ақша ә) ту, елтаңба, әнұран б) тәуелсіздік, ата заң

  1. Тудың авторын атаңыз.

а) Шәкен Ниязбеков ә) Шәмші Қалдаяқов б) Жандарбек Мәлібеков

  1. Елтаңбаның авторы кім?

а) Шәкен Ниязбеков ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

б) Жандарбек Мәлібеков

  1. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

а) Шәкен Ниязбеков ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов

  1. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?

а) 1991 жыл 2 наурыз ә) 1991 жыл 16 желтоқсан б) 1991 жыл 25 қараша

  1. Ұлттық валютаны айтыңыз

а) теңге ә) рубль б) сом

  1. Биыл Ата заңға неше жыл?

а)17 жыл ә) 18 жыл б) 20 жыл


Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін

Барлығы: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!


Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын - «Туған жер - тұғырың,Туған ел -

қыдырың.» - деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек - деп отырып сабағымызды «Қазақ жастары» әнімен аяқтаймыз. Орындаушылар біздің сыныптың жігіттер мен қыздар тобы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал