7


  • Учителю
  • ҒЫлыми жоба 'Жаңа Астана бастамашысы'

ҒЫлыми жоба 'Жаңа Астана бастамашысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дөң орта мектебі «Зерде» ОҒҚ



Жаңа астана бастамашысы



Оқушылар: Жақсылыков Есет

Мурзабай Ерсайын

Жетекшісі: Абдураимова М.А.

математика пән мұғалімі



Дөң - 2015 жыл



І. Кіріспе

Бозоқ - Дешті Қыпшақ астанасы: Ата Түріктің ортаншы ұлы Бозоқ Ұлы Даланың орталық бөлігі саналатын Сарыарқаға ордасын тікті. Бозоқ қаласы X-XІ ғасырларда тұрғызылған және Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларынан шыққан әміршінің тұрағы, ордасы болған дейді. Қаланың тарихында екінші кезең Қыпшақ хандығының (Х-ХІғ.) далада күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салды. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Осы орынды игерудің үшінші кезеңі алтын орда дәуірінде (XIII-XIV ғ) басталды және жаңа мерзімге дейін жалғасты.

Ақмола бекінісін құру туралы шешім: 1822 жылы Александр Бірінші Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Ақмола аумағында көшіп жүрген орта жүз қайта құрылған Омбы облысының құрамына кіріп, әкімшілік өңірлер мен ауылдарға бөлінеді. Жақын арада Ақмола бекінісін салу туралы мәселе шешіледі. 1830 жылы 28 мамырда өңірлік бұйрықты салуға Петропавлдан арбаларымен 200 адам бар Ф.К.Шубин отряды шығады. Офицер 1830 жылы18 маусымда сауаттылар қол қойған және сауатсыз ақсақалдардың таңбалары салынған құжат құрастырылады. Атауды өзгертпей, патша әкімшілігінің барлық қағаздарында орын Ақмола аталып кетті. Онда бекініс тұрғындары небәрі 313 адам болатын. Ақмола Ресейді Орталық Азиямен байланыстыратын транзиттік тармақ ретінде сауданы, өнеркәсіп пен мәдениетті дамыту үшін өте ыңғайлы болды. Осы жерге Сібір, Орал, Орта Азиядан көпестер келіп қоныстанды. Уақыт өте келе шағын әскери бекініс шағын қалаға айналды. Қазіргі заман тілімен айтсақ, Ақмола инвестициялық тартымдылыққа ие болды. Қала мәртебесі Ақмола станицасына Ресей империясының Ішкі істер министрлігінің 1862 жылғы 7 мамырдағы шешімімен берілді.1868 жылы жоғары жарлық бойынша бес уезден тұратын ауқымды Ақмола облысы құрылды: Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар. Сол уақыттың талабына сәйкес облыс елтаңбасы бекітілді1939 жылы қазан айында Ақмола облыс орталығы болып анықталады. Бұл кездейсоқ бола салған жоқ: Ұлы Отан соғысының басталар алдында индустриясы кеңінен дамыған жеткілікті түрде үлкен қала болды. Бұл жерде 6 кәсіпорын болды. Бұл уақытта Ақмолада 32,5 мың адам тұрды. Ақмолаға жаңа мәртебе берілуімен жаңа орындар ашыла бастады.

Тың игеру: Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн.га тың жер көтерілді. Қала өркендеп дами бастады және 1960 жылы 26 желтоқсанда Астықты өңірді құру туралы жарлық шықты. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.

Жаңа астана: 1992 жылы Целиноград қайта Ақмола атана бастады. Ал 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданады.1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

2

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Н.Ә.Назарбаев көшбасшы

Біз бүгінгі жобамызда осы тарихы айтылған жас Астананың бастамашысы елбасымыз жайлы және әсем қала жайлы сөз қозғаймыз. Н.Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары - еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау - Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.

Елбасын көп ретте Абылай ханмен салыстырып та жатады. Сөз жоқ, Алаштың айбыны болған Абылай халық жадында, ел тарихында мәңгілік қалады. Дана қайраткер, кемел тұлғаның: "Үш жүздің басын қоссам, қала салсам, сөйтіп көшіп-қонған жұртымды ел етсем" деген арманы асқақ болатын. Абылайдың да сол арманын жүзеге асырған, аманатқа адал болған адам - тағы да сол Нұрсұлтан Назарбаев. "Тымақ - төбесінен, ел төресінен тозады" дейді халық. Құдайға шүкір, қазақтың тымағы бүтін, төресі төрінде. Н.Назарбаев ешқашан халқына жалған уәде берген жоқ, ақиқаттан айныған емес. Оны халқы бағалады. Астананы көшіргенде де халқы қолдады, қазір де қолдап отыр. Енді осы жаңа Астанаға қалай жеткеніміз туралы шолу айтып кетейік.

  1. Астана -Н.Ә.Назарбаевтың туындысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен негізделді. Қалада ол кезде 319 мың адам болды. Қала аумағы 1997 жылы 258 км.м болды, ал бүгінде Астана 710,2 км. құрайды.1998 жылы алтыншы мамырда ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып аталатын болды. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль беріліп «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді.Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Иә, сол жылдың қара күзінде Мемлекет басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған

3

мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жлдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті.

Дегенмен, 2006 жылдан бастап елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні кеңінен аталып өтуде. Әрине, Астана Елбасымыздың төлтумасы десек те, бұл Елбасымыздың туған күніне орайластырған шара емес. Кейде, кейбіреулердің дәл осындай ойға берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, олар еліміздің жаңа тарихы бастау алатын тұстағы еліміздің елордасын ауыстыру туралы маңызды шешімнің дәл 6 шілде күні осыдан тура 21 жыл бұрын қабылданғанын білмесе керек. Шынымен де, 1994 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмола көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мығым фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шықты. Бұл жайында Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды» - деп жазады. Осы туралы үзіндіден көрейік. (1 бейнежазба)

Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген еді. Соның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан еді. Бүгінде бұл шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, бұл бiрiншiден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады.
Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсiз елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң орталығында болуы тиiс едi. Үшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де қажет болды. «Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiдегi бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк», - деп жазады Елбасы аталған кітабында.

4

Жалпы, Қазақстан көшбасшысына елордамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы тосыннан келмеген еді. Оны Елбасымыз өзінің жоғарыда аталған кітабында жан-жақты жазған болатын. Ол жайында Мемлекет басшысы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былай еске түсіреді: «Баяғы бір уақытта Қазақстан Компартиясы Орталы комитетінің бірінші хатшысы кезімде менің қолыма академик Қаныш Сәтбаевтың баянхатының түскені бар. Ол анау-мынау емес, Қазақ КСР-нің астанасын Қазақстанның географиялық орталығы Қарағандығы не Целиноградқа көшіруді ұсыныпты. Ардақты ғалым, ардагер қайраткер өз дәлелдерінің бірі ретінде осындай байтақ республиканың астанасы елдің әлдебір түкпірінде болмауы тиістігін келтірген. Оның үстіне арадағы қарым-қатынас сол уақытта нашарлап тұрған Қытай Халық Республикасымен шекара да тым іргеде. Есімде қалған: осы елеулі мәні бар баянхат Мәскеуге жіберілген екен. Мұндай мәселелер Мәскеусіз шешілмек түгілі, қолға да алынбайтын еді ғой. Мәскеу: «Басқа істейтін істерің жоқ па?», - деп, келте кесіпті». Айта кетерлігі, кеңес одағы құрдымға кетіп, жаңа мемлекеттер отау тіккен тұста арандатушылық әрекетке барған адамдардың да көп болғаны тарихтан белгілі. Иә, Кеңес одағының ішіндегі көп шекара өз заманында тымеркін тұспалмен белгілене салынған болатын бұл жайт егемендік шеруінен кейін іле-шала кейбір парасатқа бойлай қоймаған әрі жауапсыздау адамдардың бар шекараны қайта қарау қажеттігі туралы тіл безеуіне апарып ұрындырған еді. Мәселен, кеңестік диссидент Александр Солжиницын өзінің «Ресейді қалай жайластырамыз?» деген мақаласында қазақтардың ежелгі ата қонысы Қазақстанның солтүстік аумағын Ресейге қосып алу қажет деп сандырақтағаны бар. Сондықтан Қазақстанның астанасын республиканың солтүстігіне қарай, орталыққа қоныстандыру тәуелсіздіктің елең-алаңында күнтәртібінде тұрған ең өзекті мәселе еді. Мұны Елбасымыз анық байқап, аз ғана уақыттың ішінде елордамызды Сарыарқа төріне қоныстандырды. Міне, осылайша әлем картасында орын алған Астанамыз бүгінде әлем жұртшылығын ауызына қаратқан айшықты қалаға айналды. Сөзіміздің дәлелі ретінде кішігірім бейнежазба көрсеткіміз келеді.(2 бейнежазба)

Міне бұл жазбадан біздің Астанамыздың алғашқы бастамашысы елбасы Н.Ә.Назарбаев екенін көреміз. Астана - қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз -өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда; Астана

5

мемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Осы мәдени орталықтардың, бүкіл зәулім ғимараттардың архитектурасына Н.Ә.Назарбаев үлкен үлес қосқан. Өзі бүкіл ғимараттардың салынуына өте үлкен жауапкершілікпен қарап күнделікті аралап, тексеріс жүргізіп отырған. Осы әдемі ғимараттардың елбасымыздың ойына қалай келгендігі жайлы өз аузынан естиік. (3 бейнежазба)

Осыдан Астана елбасының туындысы екенін көреміз.Жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он жылдың ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз ел кіндігі Арқа төрінде ту тіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси және экономикалық, мәдени орталығына айналып отыр. Мен өз Отанымды, Астанамды мақтан тұтамын! Ғажайып шаһар тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабыңдағы Еуразияның сәулетті қаласына айналып отыр. Сәулетшілерді де елбасы өзі таңдаған. Ол туралы келесі бейнежазбадан көруге болады.(4 бейнежазба)

Бүгінгі Астана - мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Елорда құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.

  1. Астана жайлы деректер

Әлем жұртшылығы біздің еліміздің айшықты қадамдарына, Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатына сүйсініспен қарап отыр. Осы жерден Астана жайлы деректерге сөз берейік (деректер видио)

  • Қазақстан Республикасының елордасы Астанаға 17 жыл толды. Осынау қысқа уақыт аралығында Астана әлемге танылып үлгерді

  • «Думан» ойын-сауық кешеніндегі океанариум мұхиттан ең алыс орын тепкендіктен Гиннес рекордтар кітабына енген. Окенариумнан ең жақын мұхитқа дейінгі ара қашықтық үш мың шақырымға жуықтайды

  • Астанадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатырлы ғимарат болып саналады

6


  • Астана қаласының халқы 860 368 адамды құрайды. Соңғы 15 жыл ішінде елордадағы халық саны 300,5 мың адамнан 860 мың адамға дейін өскен (2015 жылдың 1 мамырындағы жағдайға сәйкес)

  • Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды.Халық арасында «Пирамида» деп аталып кеткен ғимаратта бес лифт бар. Оның біреуі - Президентке арналған.

  • Көп жылдар бойы кубрин саябағы болып аталып келген Астана саябағында ғасырдан артық жасаған қара терек өсіп тұр. 120 жастағы терек саябақ ашылғаннан уақыттан бүгінгі күнге дейін жайқалып өсіп тұрған жалғыз ағаш

  • Біле білсеңз, біздің бас қаламыз Астана мен Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдің ортақ ұқсастығы бар. 1998 жылы Ақмола атауын өзгертіліп, Сарыарқаның жүрегінде орналасқан шаһарға Астана атауы беріледі. Яғни, Қазақстанның астанасы Астана деп аталатын болды. Ал бұған дейін әлемде мемлекет астанасы жай ғана «астана» деп аталатын бір ғана қала болған. Ол - Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеул. Корей тіліндегі «соуль» сөзі «астана» деп аударылады .

  • «Изумрудный квартал» тұрғын үй кешені Астананың ең биік ғимараты саналады. Кешен әртүрлі қабатты үш мұнарадан тұрады (37, 40, 53 қабат). Ең биік мұнарасының биіктігі - 210 метр


7

  • Әлемдегi он алты ұлттық мешiттің бірі «Хазірет Сұлтан» 2012 жылы 6 шілдеде ашылды. Мешітті «Хазiрет сұлтан» деп атауды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. «Хазірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйы - күмiс Құран орналасқан.



  • Мұндай бірегей жоба ТМД елдерінің ешбірінде жоқ және Қазақстан Республикасының ең негізгі архитектуралық туындысы әрі мәдени орталығы болып табылады

  • Астананың көгалдандырылмаған аудандарында тікелей күн сәулесі түскен жер дәл +70 градус температураға дейін қызады. Үйлердің іргелері мен тротуарлар бұданда жоғары ысып кетеді

  • «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ғимараты. Ол 2002 жылы пайдалануға берілді



8

  • Астанадағы Ұлттық кітапханада 2,5 млн кітап бар

  • Астанада 45 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Астананың монументтік безендіруінде тарихи есімдерге арнап қойылған ескерткіштердің орны бөлек. Оның бәрі онсыз да әсем Астанамыздың көлбетіне көрік қосып қоймай, жастардың патриоттық сезімін арттырып, Отанына деген махаббатын нығайта түсуде



  • «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы ашылған. Театр тоғыз гектар жер көлемін алып жатыр.




9

  • Аспанмен таласқан «Абу-Даби Плаза». «Абу Даби Плаза» кешенінің орталық нысаны - биіктігі 388 метр (88 қабат) болатын мұнара-ғимарат, ал соның айналасында біріккен тағы бірнеше ғимарат бой көтеретін болады. «Абу-Даби Плаза» тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы ең биік теңдесі жоқ ғимаратқа айналады.




  • Астананың зәулім ғимараттар тізімі.

10


Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған жиында елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап бергені есте. «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық - Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар», - деген еді Елбасы мерейтойлық жиында. Елбасы үшін Астана қала ғана емес, өзі өсірген баласындай болып кеткен. «Астананың көшелерінен өтіп бара жатып, оған сүйсіне ќараймын. Көптеген астаналыќтар сияќты, мені де бұл жерде, ештеңемен шатастырып алмайтындай, өз үйімді тапќандай айтып жеткізуге болмайтын сезім баурады. Кісі оны басќа еш нєрсемен шатастырып алмайды ғой. Бұл ќуаныш пен тылсым тыныштыќты ќатар сезіну болатын. Тіпті көше шамдарының өзі саған нұр шашќандай, ал ағаш жапыраќтары сенің басыңнан сипағандай сезімге оранасың»- деген елбасы Қазақстан жолы кітабында. Келесі бейнежазбаға назар аударайық. (5 бейнежазба).



11

ІІІ.Қорытынды.

Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлттың көшбасшысы. Көріпкелі. Ұлт намысының қамшыгері.Қазір әлемдік саясатты игеруде, экономиканы еңсеруде, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін білуде Президентке тең келетін адам жоқ. Еуразия кіндігінде ұлт пен ұлысты сүттей ұйытып, күнбе-күн келісім мен жарасым шамшырағын жағып отырған қарқарадай Президентіміздің еңбегі. Н.Назарбаев -адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.

Назарбаев - әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған

қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі. Көк түрктің кіндігінен жаралғандардың ішінен озып туғаны да, түрк тектес халықтардың лидері де - Н.Назарбаев. Күні кеше ғана Түркияның Премьер-министрі Т.Ердоғанның Назарбаевты "түрік әлемінің лидері" дегені - сол мойындаудың келісті көрінісі.

Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам.





12



Астананың тарихтан бастап қазіргі заманға дейінгі суреттері.

Бозоқ қаласы

12

Ақмола бекінісі

Ақмола бекінісі 1911 жыл

13

Қазіргі Кеңесары көшесі

Ақмола облысындағы бірінші мешіт.

Тәуелсіздік айнасы

Александро-Невский церковь

14

Ақмола. Кубриннің үйі.



Ақмола Кеңес үкіметі кездерінде.



Тәуелсіздік айнасы

15

Ақмола



Ақмола



Целлинниктер қиылысы.



16



Ақмола 1996 жыл



Ақмола 1996 жыл



1997 жыл. Ақмола.

17

Ақмола. Орталық алаң.



15 жыл бұрынғы сурет. Астана.



Президенттік мәдениет

орталығы. 2000 жыл.

18



Жаңа Астана

Түнгі Астана

19

Мазмұны.

  1. Кіріспе бөлімі..................................................................................................2

  2. Негізгі бөлімі...................................................................................................3

  1. Н.Ә.Назарбаев көшбасшы.........................................................................3

  2. Астана -Н.Ә.Назарбаевтың туындысы...................................................3

  3. Астана жайлы деректер.............................................................................6

  1. Қорытынды.....................................................................................................12

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................20

1

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.

  1. «Қазақстан жолы» кітабынан «Жаңа дәуірдің Жаңа Астанасы» , 335 бет.

  2. «Қазақстан жолы» кітабынан «Қазақстанның астанасын ауыстыру туралы шешімнің қабылдануы» , 337 бет.

  3. «Еуразия жүрегінде» кітабынан, 26 бет

  4. «Еуразия жүрегінде» кітабынан, 122 бет

  5. Интернет желісі.

  6. Суреттер интернет желісінен алынды.

20



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал