7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс:Ою-өрнек сәніміз

Сыныптан тыс жұмыс:Ою-өрнек сәніміз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









</ Тақырыбы: «Ою-өрнек сәніміз»

Мақсаты:Ұлттық құндылықтардың қадіріне жететін қазақтың жаңа толқын ұрпақтарын өнерлі, намысты, жігерлі етіп тәрбиелеу.

Жас ұрпақты ою-өрнек,өнер туралы,оның тарихын білуге баулу:ою-өрнек,өнер туралы мағлуматтарын тереңдете түсу.

Мұгалім:-Құрметті қонақтар,өздеріңіз білесіздер ою- өрнек-ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. Қазақ өрнек нақыштары кездеспейтін бірде-бір бұйым жоқ.Заман алға жылжыған сайын жаңаша сипат алып, халықпен бірге жасап келеді. Әр өрнектің өзіне тән бейнелену сыры бар. Бүгін сіздерді өрнектің осы сырларымен таныстырмақпыз.

1окушы:-Қолөнер қолмен істеліп жасалатын жұмыс. Халық тұрмысындағы өру,ою,зергерлік,тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа көбірек тараған қолөнердің бір түрі ою-өрнек.Өйткені,ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ. Александр Македонский: «Қай үйге кірсем де жердегі киіздің бетінен оюдың бір ғана түрін көрем. Сөйтсем,мен қазақтың киіз кітабының үстінде дем алып отырған екем.Бұл қазақ деген халықтың адамгершілігін күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен»-депті.

2оқушы: Ою-өрнек туралы жалпы түсінік.

Ою дегеніміз-өрнектің бір түрі.Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп,латынша орнамент деген ұгымды білдіреді.Оның мағынасы сәндеу, әсемдеу дегенді білдіреді.Осы сәндеу,әсемдеудің бір түрі,яғни хайуанат,жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері. Геометриялық фигуралар элементтері үнемі ырғақты қайталанып,симметриялы орналасқан өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Ою белгілі бір затты ою(тас,темір ,ағаш),кесу(ағаш,сүйек), тілу (былғары,тері),

қию(қағаз,мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады.

Ойылған,кесілген,тілінген,қиылған оюды екінші бір затқа біріктіріп,жымдастырып,жапсырып,желімдеп әшекелейді. Ою күнделікті түрмыста үй жиһаздары- сырмақ,текемет,көрпеше,сандық,кебеже,жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді,қабырғаларды безендіруге қолданылады.

Енді оюлардың мән-мағыналары ерекше болады. Мысалы:қыз киіміне салынатын ою басқа,ер баланың шапанының жиегін көркемдейтін ою бір бөлек болады. Енді қонақтарға ою-өрнек түрлері мен олардың мағыналарын ойын барысында көрсетеміз.

Мұгалім: Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

«Ғажайып алаңға»қатысып көріңдер

-Қазір біз осы уақытқа дейін ою-өрнектер туралы алған білімдерімізді ортаға саламыз.Білімдерің артып, саналарың өскенін,сөз байлықтарың молайғанын көрсетейік.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанарма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар ма?

Бүл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға,сол алда- дегендей ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I турдың ойыншыларын ортаға шақырамыз

Тапсырмасы: Бірліктің,ынтымақтың,беріктіктің белгісі.

(ОМЫРТҚА)

Оқушы: Көрші әжей өнері,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып шеберді

Ою-өрнек үйренем.

II турдың ойыншыларын ортаға шақырамыз: Тапсырмасы: Қазақ халқы жерге төселетін текеметке салатын нақышы.Бұл төсегің жайлы болсын, дегенді меңзейді. (ҚОЛТЫҚ ОЮ)

Оқушы.-Енгендейсін гүл-баққа

Неткен әсем сырмағы.

Көшіп қонған сырмаққа

Бар сұлулық қырдағы.

III турдың ойыншыларын ортага шақырамыз:

Тапсырмасы: Суреттегі ою-өнектің атауын ата

(ТҰМАРША)

Оқушы:Оюларга сүйеніп,

Қайран қалып тұрасын.

Көре білсен түсініп,

Одан көп сыр ұғасын.

Ақырғы бәйгенің ойыншыларын ортаға шақырамыз:

Тапсырмасы:Қолөнерге жол ашады.

Олар көп жерде, өнер көп. (ШЕБЕР)

Оқушы:Әжемде бір тыным жоқ ылғи еңбек

Өмірдің талай дәмін татты кермек.

Таңертең сиыр сауып,құрт қайнатып,

Күндізде күнге күйіп тоқиды өрнек.

Маңдайы қызган күнге шып-шып терлеп,

Тергенде термелерін өрмекті өрлеп.

Мәнерді неше түрлі шығарады,

Әр еңбектен туғызып әдемі өрнек.



Ақтық бәйгеге ортамызға шақырамыз.

Сыныптан тыс жұмыс:Ою-өрнек сәнімізТапсырмасы: -мол өнер. (КОЛӨНЕР)



(Жеңімпаз оқушы марапатталады.)

Окушы:Еңбек,еңбек,еңбек,-деп

Еңбек бәрін жеңбек,-деп

Кен қопарды жұмысшы

Салды оюшы өрмек.

Окушы:Еңбек,еңбек,еңбек,-деп

Еңбексіз не өнбек?!-деп

Жер жыртады диқандар

Кең даланы өрнектеп!

Бәрі:Бар керемет қашаннан

Еңбекпенен жасалган.

Еңбекпенен өзгеріп,

Қарт дүние жасарған.

-Осымен бүгінгі ойынымызды аяқтауға рұқсат етіңіз.

Балаларға еңбекпен білім арқылы мақсаттарына жетуге





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал