7


  • Учителю
  • Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері 9 сынып

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы : Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері


Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : СТО

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі : амандасу, түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

Тіл білімінің салалары туралы ойқозғау, және пунктуация туралы білетіндеріңізді ортаға салу

ІІ. Мағынаны ажырату

Адамдар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі жағдайда, сөйлеу тілінің мақсатына орай (хабарлау, баяндау, сұрап білу, жауап алу, талап ету, екіұшты күйде қалу) әрқилы болып келеді. Осыған орай сөйлем соңына түрлі тыныс белгілері қойылады.

Сөйлем соңына қойылатын тыныс

белгілер

нүкте (.) Аман үйге келді


Сұрау белгісі (?) Айтарың осы ма?


Леп белгісі (!) Бабаларым, рахмет сендерге!


Көп нүкте (...) Дауыстар естілгендей болды...


Жаттығумен жұмыс: 130-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып,қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңдар.


131-жаттығу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

Сергіту сәті: Сөйлем мағынасына қарай бөлінетіндігі туралы мысалдар ойлап жазыңдар

ІІІ. Ой толғаныс

132-жаттығу. Баласағұни сөздерін пайдалана отырып, «Адами асыл қасиеттер» деген эссе жазыңдар.


Пунктуация нені қарастырады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?


Үйге тапсырма : Мақал-мәтелдерді қатыстырып,тыныс белгілерін қойып, диалог құрастыру, 133-жаттығу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал