7


  • Учителю
  • Сынып сағаты Қазақстан - көпұлтты мемлекет

Сынып сағаты Қазақстан - көпұлтты мемлекет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Қазақстан - көпұлтты мемлекет»

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Көрнекілігі: «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» атты плакат, тақырыбы, суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Барысы:

Тәрбие сағаты барысында екі жүргізуші сөз бастар алдында ортаға барлық мемлекеттер билеп келеді.

1- Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата - аналар қауымы.

Бүгінгі біздің «Қазақстан - көпұлтты мемлекет»- деп аталатын мәдени - мектеп ішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің - Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2 - жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады.

Бүгінгі біздің 5 - сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ.

Мінезі бар салмақты,

Алғашқы топ «Қазақты»

Қарсы аламыз бәріміз,

«Қазақ» деген халықты.

Қазақ биін тамашалайық

1 - Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,

Қонақ келсе қимаймыз,

Қасымызға алып - ап,

100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» ұлтын шақырамыз.

Орыс тілінде өлең оқылады: Султан, Нұрдос.

Родина моя - Казахстан!

Там лазурное небо и снежные горы,

Бескрайних полей золотые просторы.

Закаты как в сказке и звездные ночи,

Рассветы ясны как красавицы очи.



Там вольные ветры и быстрые реки,

Яркое солнце, широкие степи.

Манящие тайной святые озера

И лоз виноградных витые узоры.



Там свято хранятся традиции предков

И люди плохие встречаются редко.

Там радость так радость! Беда не беда.

Гостям в каждом доме рады всегда.



Там разные нации в мире живут,

Там вечные ценности - знания и труд.

Самая лучшая ты на земле

Родина матушка - слава тебе!



Вы спросите где это, я вам отвечу!

Краткой, но убедительной речью:

"Осы маган улы Отан,

Касиеттi жер Казакстан!"

2 -Жүргізуші:

Қанша ұлт болсын,

Қанша салт болсын,

Ынтымағы жарасқан

Мәдениетті ел болсын - деп ортаға «Өзбек, Ұйғыр және үнді қыздарын шақырамыз.»

Адилжан Айдана- өзбек тілінде

Гайиндинова Сабина - ұйғыр тілінде өлең оқылады.

Әбен Сымбат, Ералы Альбина - үнді биі.

1 -Жүргізуші: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.

Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ата - аналар мен ұстаздарға алғысым шексіз.

Енді барлығымыз ортаға шығып Тұтқабай Бек пен Садыханова Назеркенін орындауындағы «Жаса қазағым» әніне би билейік.

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!





Сынып сағаты Қазақстан - көпұлтты мемлекет





















Сынып сағаты Қазақстан - көпұлтты мемлекет





Сынып сағаты Қазақстан - көпұлтты мемлекет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал