7


ҚОғамның басты байлығы-АДАМ!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Қоғамның бастыбайлығы – адам»Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы№3 мектеп-интернатМедбике: Қожатаева МаржанТәрбиесағатының тақырыбы:«Қоғамның бастыбайлығы – адам» Уақыты:15.10.2014Әдісі: кездесу кеші.1жүргізуші: Армысыздарқұрметті ұстаздар, қонақтаржәне оқушылар2жүрг
предварительный просмотр материала

«Қоғамның басты байлығы - адам»

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы


№3 мектеп-интернат

Медбике: Қожатаева Маржан


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қоғамның басты байлығы - адам»

Уақыты: 15.10.2014

Әдісі: кездесу кеші.


1жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар

2жүргізуші: Өткізілгелі жатқан «Қоғамның басты байлығы- адам!» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.


1ж: Бүгінгі қозғап отырған қоғамдағы ең өткір мәселеге айналып оырған дерттердің ішінде қант диабеті немесе сусамыр ауруы, нашақорлық, насыбай зиянынан сақтану, алдын-алу жолдарын қарастырып көрейік. Бұл дерттердің барлығы сайып келгенде салауатты өмір салтын сақтамағандықтан пайда болады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан -2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қастырғанын білесіздер. Яғни , мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.


2ж.Адам денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау.

Бүгінгі біздің кешімізге қатысып отырған қонақтарымызды таныстырып өтейік.

Салауатты өмір салтының маманы - __________________________________

дәрігерлер - _______________________________________________________

Журналист - ________________________________________________________

Енді барлығымыз «Мен сияқты жаса» атты тренинг жасап, бой сергітіп алайық.

  1. Көзімізді жұмып, қолымызды жоғары көтеріп терең дем аламыз


  1. Қайтадан жоғары көтеріп, жанымызға қойып, төмен түсіріп, бос ұстаймыз.Басымызды екі жаққа бұрамыз.Хормен барлығымыз «Тысыр, тысыр етеді, тұздар еріп кетеді» деп қайталаймыз.


  1. Терең дем алып, демімізді сыртқа шығарамыз.


  1. Денемізді еркін ұстаймыз.


Кнді барлығымыз дауыстап айтамыз. Менің соңымнан қайталаңыздар.

  1. Денсаулық баға жетпес құндылық.


  1. Салауатты өмір салтын сақтаймыз, болашаққа сеніммен нық қадам жасаймыз.


  1. Өз өмірің өз қолыңда!


1ж. Шарамыздың 1кезеңін қант диабеті немесе сусамыр ауруы жайлы сөз қозғаймыз.дүние жүзінде қантты диабетке 371 млн. адамның шалдыққаны анықталып отыр. Мұндай жағдай бүкіл әлем жұртшылығын, әсіресе ғалымдар мен дәрігерлерді қатты алаңдатуда. Табыс деңгейі орташа елдерде қантты диабет жастар арасында етек алып, ерте жастағы өлім-жітімге және мүгедектікке алып келуде. Енді біздің елдің көрсеткіштеріне келсек, дүние жүзіндегі сияқты біздің елімізде де бұл ауруға шалдығушылар саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Мысалы,бұл сырқатқа 2011жылы 208619 адам шалдықса, 2012 жылы олардың саны 226202-ге, ал 2013 жылы 273745 -ке жетті.


2ж. Еліміздің денсаулық сақтау саласы бұл індеттің алдын алуда қыруар шаралар тындырады деген сенімдеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауы бойынша 2030 жылы Қазақстанда диабет ауруына шалдығушылар саны, өкінішке қарай, 750 мыңға жетуі мүмкін. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстану өз қолымызда.Қант диабеті жайлы кіріспе сөзді мектебіміздің медбикесі Маржан апайға беріледі.

Кіріспе сөз:

Жалпы қантты диабет - күрделі ауру.Диабет - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безі немесе ұйқы безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Ұйқы безі өндіретін инсулин адам қанындағы басты энергетикалық қанттың - глюкозаның болуын реттеп отырады. Егер ұйқы безінде инсулин жеткілікті мөлшерде өндірілмесе немесе мүлдем өндірілмесе, адам ауыр сырқат - қантты диабетке шалдығады.

Бұл сырқаттан түбегейлі арылу мүмкін емес. Диабетпен ауырған адамға қандағы қант деңгейін үнемі тексеріп, реттеп отыру қажет. Бұл үшін жүйелі түрде инсулин егу немесе қантты азайтатын арнайы дәрі-дәрмек ішу керек.

Қалайша қантты диабетке шалдықпауға болады? Бұнда ешқандай кепілдік жоқ, бірақ сырқат қаупін айтарлықтай азайтуға болады. Осыдан жүз жыл бұрын диабет сирек аурулар қатарына жататын, және онымен , әдетте, жұмысы тәтті тағамдармен байланысты адамдар ғана ауыратын.

Сырқаттың алдын-алудағы бірінші ереже - тәттіні шамадан артық жемеу. Өйткені ағзаға қант түскен сайын ұйқы безінің жасушалары оны «бейтараптандыратын» инсулинді жанталаса өндіре бастайды. Егер жылдан жылға бұл күніне бес-алты рет қайталана берсе, ұйқы безі бұндай ауыртпалықты көтере алмауы мүмкін. Әсіресе, тегіне қарай диабетке бейімділігі бар адамдар күнделікті дәмдегі қанттың, балдың, ақ нанның, картоп пен крахмалдың мөлшерін қадағалауы керек.

Диабетті «оятатын» тағы бір фактор - шамадан артық дене қимылы.

1ж. Қант диабетіне шалдықпас үшін спортпен айналысып, әсіресе қантты аз мөлшерде тұтынып, құнарлы, витаминді тағамдар жеу керек екендігін ұғындық.


2ж. Қантты диабетін «Кондитерлер сырқаты» деп те атайды. Ғалымдардың пайымдауынша , бүкіл диабетке шалдыққандардың үштен бірінен астамының жағдайын тек емдәмнің көмегімен ғана жақсартуға болады. Ал енді 6- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «көкөністер айтысы» атты көрініске кезек берелік.


Көрініс «Көкөністер айтысы»

Қатысушылар: күнбағыс, картоп, қызанақ, адам, баклажан, жуа, сәбіз

Бәрі ұйқтап жатады, тек күнбағыс қана тұрып қалғиды. (Кенет күнбағыс басын жерден жұлып алады жеңіл ырғақты музыка ойнап тұрады).

Күнбағыс: Күнді... күнді қараңдар. Әне,әне ана төбенің арғы жағында шуағын сеуіп, дүниені ақ нұрға бөлеп келеді.

Тұрыңдар кәне, тұрыңдар! Көріңдер күнде!

Баялды (баклажан), қызанақ оянып басын көтереді.

Баялды ұйқысырап: Сонша айқалап не болды саған?

Қызанақ: Соны айтсайшы, ұйқымызды бұздың ғой (есінейді).

Күнбағыс: Әй сендер-ақ... мүлги бересіңдер. Одан да мен сияқты жан-жақтарыңа көз салмайсыңдар ма. Ғажап қой, ғажап! Әсіресе, аппақ болып таңның атып келе жатқанын көрмейсіңдер ме, керемет! Ештеңе көрмейсіңдер, осылай ештеңе білмей өтесіңдер ғой! Сендер тіпті ешкімге керек те емессіңдер.

Баялды мен қызанақ (жыламсырап): әй-әй, олай деме бізді. Біздің де пайдамыз зор.

Баялды: Қызанақ бауырым, сәл сабыр етші..., мен айтайын мен.. мен...

(сол кезде жуа, сәбіз, картоп оянады ). Жуа, сәбіз, картоп бәрі түсінбестен:

  • Не болды?

  • Бұл не айқай?

  • Сендерге не жетпейді осы?

Баялды: Әуелі біліп алмайсыңдар ма, не айтайын деп тұрғанымды. Менің бойымда калий тұздары көп. Оны айтасың, кальций мен фосфор тұздары да бар. Онымен кейбір ауруларды емдейді, міне менің пайдам.

Қызанақ: мен де... мен де айтайыншы. Менде бар ғой С витамині лимон мен апельсиндікімен бірдей. Оның үстіне басқа анау-мынауды айтпағанның өзінде темір, фосфор, калий тұздары көп.

Жуа: Ә-Ә, білдім не айтып тұрғандарыңды. Мен тұрғанда не жоқ сендерге. Менде де ең алдымен витамин көп С,В витамині мол. Басқа тұздар да көп кездеседі, сондықтан жөтелге, тұмауға күйген жерге тағы да басқа ауруларға еммін. Сондықтан адамға мен көбірек пайдалымын.

Картоп: Әй,әй жуажан, қалай ұялмайсың сен. Мына сен адамды жылатасың ғой. Адамға пайдалы деп мына мені айтады. Менде ше, менде глюкоза, фруктоза, сахароза заттары бар, амин қышқылы сосын... сосын... әйтеуір сол сияқты сендер білмейтін аса бағалы заттар бар. Иә, иә органикалық қышқылдар, минералдық тұздар мына менде ғана көп.

Сәбіз (бетін шымшып): Ұяттағы- ай! Картоп дегеннің өзі мақтаншақ екен ғой! Мақтансам мына мен де мақтанайын. Адам мені әуелі дәрі-дәрмек, сосын тамақ ретінде өсірген. Мен қан азайғанда, демікпе болғанда, туберкулезге шалдыққанда, бүйрегінде тас байланғанда, асқазан ауырғанда, тағы көптеген сырқаттарға дәрі ретінде пайдаланады. Мені қатерлі ісіктерге қарсы жұмсайды. Ал ендеше бұған не дейсіңдер.

Күнбағыс: Ой, сәбіз деймін, тоқта сен! Әне, адамның өзі келе жатыр. Кімнің пайдасы көп екенін содан сұрайық. (Адам келеді).

Күнбағыс: Уа, адам! Біздің дауымызды шешіп беріңіз. Біз адамға таң атпастан қаншалықты пайдалы екенімізді шеше алмай дауласып жатырмыз. Бұған не дейсің?

Адам: Ә,ә солай ма? Маған бәрін де керексіңдер. Бәрің де пайдалысыңдар. Мен күнбағыстан алған майға, жуаны, сәбізді, картопты қуырып тамақ пісіремін, оған баялды мен қызанақты қосып жіберсем тамақ тіпті дәмді болады. Сондықтан бәріңде пайдалысыңдар.Ал, дәрілік қасиет бәріңде де бар. Біз сендер жақсы өссін деп кетпенді қолдан тастамаймыз. Енді дауды қойып күннің нұрын, ауаның тазасын жұтып алаңсыз өсе беріңдер. (адам кетіп қалады).

Дақылдар бір-біріне қарайды. (Барлығы хормен қимыл көрсетіп тұрып «Жемістер» әнін орындайды)

Бау-бақшада өскенбіз,

Күннен қуат алғанбыз

Жұмыр жерден нәр жинап

Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Байлығымды жинадым

Барымды мен силадым.

Алға бастар жолым бар,

Аман есен болыңдар.


1ж Диабет ауруын негізінен 2 түрге бөледі. Балаларда кездесетін диабет түрі инсулиннің жетіспеушілігіне байланысты диабет ауыр түрде болады.


2ж. Қант диабетінің себебі мен салдарын және оның зардабын мамандардан тыңдайық. Аудандық емхананың терапевт дәрігері ___________________ апайдан сұраймыз.


1ж. Салауатты өмір салтын ұстанған адамға ауру атауы жұғспайтыны белгілі. Енді

«Кім тапқыр» атты ойынына ат салысыңыздар.

Дастархан


Пайдалы: Зиянды:

Жемістер Коньфеттер

Салаттар Чипсы

Сүт Кириешки

Жұмыртқа Газдалған сусындар

2ж. Шарамыздың 2 бөлімінде қоғамдағы күрделі де, шешімі қиын мәселелердің бірі нашақорлық , яғни есірткі туралы сонымен қатар есірткінің бастамасы насыбайдың зиянын жан-жақты байандаймыз. Адам ағзасына есірткінің зардабы жөнінде слайдқа назар аударайық.


Слайд: «Нашақорлық - нағыз қорлық»


1ж. Есірткінің зардабы және алдын-алу жайлы 9 сынып оқушыларының өз ойларын тыңдасақ.


2ж. Салауатты өмір салтының мамандарына сөз кезегін беріп, есірткі және насыбайдың зианы жөнінде білімімізді толықтырайық.


1ж. 8-сынып оқушылары дайындаған есірткі жайында көріністі тамашалаңыздар.

1 - жүргізуші: Қонақ келсе ырысқа теңейтұғын,

Ән мен жырға орданы бөлейтұғын,

Құтты болсын меймандар қадамдарың

Өнерін шәкірттердің демейтұғын.


2 - жүргізуші: Халқымыз қазыналы қарапайым.

Дархандығы, мәрттігі даладайын

Қам жейтұғын күйініп кезің келді.

Ойланып кеңесетін ұрпақ жайын.


Екеуі: Біз бүгін соларды ойлап толғанамыз,

Жат қылық пен әдеттен қорланамыз.

Осында кеңес құрған қонақтармен

Жат қылықтар жағдайын қолға аламыз.

1 - жүргізуші: Ақырын жүріп, анық бас

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастардың

Жан - тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын

Қатерлі жау - есірткі! (поэтикалық қойылым)

Сахнаға басы төмен салбырап, мұңлы жігіт шығады.

2 - жүргізуші: Ей, жас жігіт,

Жан едің сен гүл жүзді

Солып қалыпсың,

Тыныштықты кім бұзды ?

Жігіт: Өмір қатал,

Көңіліңе қарай ма ?

Душар болдым қайғыға

Енді арылу оңай ма?

1 - жүргізуші: Не деп кеттің,

Қандай қайғы айтқаның ?

Қане отыр да,

Түсіндіріп айт бәрін.

Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым.

Денсаулықтың барлық алтын - асылын

Пенделіктің орманында тонаттым.

Жастайымнан қолы болдым, қайтейін

Наша менен арақтың.

Көрдей қара тұман жапқан көңілін

Наша үшін қиған жастай өмірін.

Ең сорлы жан мен боламын

Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.

2 -жүргізуші: Жоқ, сабыр ет.

Әттең өзің жанбай жатып,

Жақын тұрсын сөнуге.

Пенделікті шалғайға айтып,

Тағдырыңмен қол ұстасып көруге

Жетер ме екен батылың ?


1 - 2 жүргізуші қосылып: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда, аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!


1ж. Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Ләззат апайға береміз.


2ж. Енді 8 сыныптың оқушылары Алмат пен Ерасылдың « Астана» әнімен кешімізді аяқтаймыз.

Сүт - бұл табиғи кальцидің көзі болып табылады. Кальцидің адам денсаулығына өте керекті зат. Сүйектің, тістің мықты болуы осы кальциге байланысты.Бұдан басқа да пайдалы заттары көптеп кездеседі.


Жемістер (алма, алмұрт) - бұл өте пайдалы, адам өміріне керекті витаминдер мен микрозлементтер, сонымен қатар ас қорытуға қажетті тағам талшықтары кездеседі.

Жемістер витаминдердің қайнар көзі десек те болады. Жемістерді тұрақты пайдалану қаназдық, қантты диабеті, зоб, гиповитаминоз деген көптеген ауруларды болдырмайды.


Көкөністер де (памидор, қияр) дәрумендерге өте бай, жеңіл қорытылатын тағам. Көкөністерді көп жесең денсаулығың мықты және көптеген аурулардың алдын-алуға болады.


Жұмыртқада әсіресе белок өте көп болады. Жұмыртқа адамға күш қуат беріп, әлсіздіктен құтқарады.


Шырындар - витаминдерге бай және жеңіл сіңіріледі. Шырындарда адам өміріне керекті көмірсулар болады және бауыр, бүйрек сияқты маңызды ағзаларды жуып, тазартады.


Кола - бұл зиянды сусын. Оған қанттан бірнеше есе тәті қант тектес зат қосылады. Сондықтан коланы бір ішкен кезде қайта-қайта ішкің келеді. Ол ағзамызға өте зиянды. Сонымен қатар газдалған кола асқазан, бауыр ауруларына шалдықтырады.


Кириешки - бұл тісті, асқорыту мүшесін, бүйректі, бауырды, асқазан асты безіне зақым келтіріп, олардың жұмыс істеу функциясын бұзады.


Чипсидың зияндылығы адамның қатерлі ісікке шалдығуына әкеледі. Маңызды деген органдарға зақым келтіреді


Коньфеттер - бұл өте тәтті болғандықтан зиянды. Қант диабеті ауруына, тістің құрт жеуіне соқтырады.


1ж. Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айту


  1. Денсаулық - зор байлық

  2. тәні саудың жаны сау.

  3. Ауруын жасырған өледі.

  4. қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде

  5. Емнің алды - еңбек

  6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

  7. Азған денеге ауру үйір.

  8. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.

  9. Бірінші байлық денсаулық

  10. Отыз екі тістің қадірін қақсағанда білерсің

  11. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.

  12. Ауру- астан

  13. Ас тұрған жерде, дерт тұрмайды.

Кіріспе сөз:

Жалпы қантты диабет - күрделі ауру.Диабет - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безі немесе ұйқы безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Ұйқы безі өндіретін инсулин адам қанындағы басты энергетикалық қанттың - глюкозаның болуын реттеп отырады. Егер ұйқы безінде инсулин жеткілікті мөлшерде өндірілмесе немесе мүлдем өндірілмесе, адам ауыр сырқат - қантты диабетке шалдығады.

Бұл сырқаттан түбегейлі арылу мүмкін емес. Диабетпен ауырған адамға қандағы қант деңгейін үнемі тексеріп, реттеп отыру қажет. Бұл үшін жүйелі түрде инсулин егу немесе қантты азайтатын арнайы дәрі-дәрмек ішу керек.

Қалайша қантты диабетке шалдықпауға болады? Бұнда ешқандай кепілдік жоқ, бірақ сырқат қаупін айтарлықтай азайтуға болады. Осыдан жүз жыл бұрын диабет сирек аурулар қатарына жататын, және онымен , әдетте, жұмысы тәтті тағамдармен байланысты адамдар ғана ауыратын.

Сырқаттың алдын-алудағы бірінші ереже - тәттіні шамадан артық жемеу. Өйткені ағзаға қант түскен сайын ұйқы безінің жасушалары оны «бейтараптандыратын» инсулинді жанталаса өндіре бастайды. Егер жылдан жылға бұл күніне бес-алты рет қайталана берсе, ұйқы безі бұндай ауыртпалықты көтере алмауы мүмкін. Әсіресе, тегіне қарай диабетке бейімділігі бар адамдар күнделікті дәмдегі қанттың, балдың, ақ нанның, картоп пен крахмалдың мөлшерін қадағалауы керек.

Диабетті «оятатын» тағы бір фактор - шамадан артық дене қимылы.


Егемен елдің туын көтеретін, әрине, өркениетті жас ұрпақ. Ендеше сол елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болу керек? Өкініштісі, сол қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына қайшы келетін іс-әрекеттерге баратыны «ХХ ғасыр індеті» саналатын есірткі заттарды қабылдап, нәтижесінде әр түрлі жан түршігерлік оқиғалардың болып жатқаны ешкімге де жасырын емес. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде еліміздің өсіп-өркендеуіне сай заман талабына жауап беретін рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және кәсіпөнер сырларын сіңірген, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті ұрпақ тәрбиелеу- кезек күттірмес міндет. Жасыратыны жоқ, жасөспірімдер мен балалар арасында ішімдік, темекі, насыбай, анаша, көкнәр, апиын, гаша т.б. денсаулыққа аса зиянды заттарға құмарту етек алып барады. Оның алдын кеспесе болмайды. Бұл бүкіл қоғамға, ұлтқа төнген қауіп.

Гигиеналық мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салты мен өркениетті қоғамда өмір сүруге икемдеу, өркениетті тұлға етіп қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталады.

Алкоголь - адамгершілікпен сиыспайтын әлеуметтік кесел. Ол адамды ақыл-естен айырады, ұрпағын кемтар етеді, қысқасы, құлдилау мен қылмысқа итермелейді. Елдің ертеңгі тірегі - бүгінгі ұрпақ мұндай жат қылықтардан аулақ болған ләзім. Ал маскүнемдер отбасының , қоғамның толыққанды мүшесі болудан, ұрпағына дұрыс тәрбие беруден қалады. Есірткінің зияндығы алкоголден кем емес. Көкнәрға бойы үйренген адам бар болмысынан айырылады және қоғамға қауіпті болады.

Тізе берсек , зиянды заттар- адам денсаулығының қас жауы. Алайда ешкім маскүнем, шылымқор немесе нашақор болып тумайды

Кіріспе сөз:

Жалпы қантты диабет - күрделі ауру.Диабет - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безі немесе ұйқы безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Ұйқы безі өндіретін инсулин адам қанындағы басты энергетикалық қанттың - глюкозаның болуын реттеп отырады. Егер ұйқы безінде инсулин жеткілікті мөлшерде өндірілмесе немесе мүлдем өндірілмесе, адам ауыр сырқат - қантты диабетке шалдығады.

Бұл сырқаттан түбегейлі арылу мүмкін емес. Диабетпен ауырған адамға қандағы қант деңгейін үнемі тексеріп, реттеп отыру қажет. Бұл үшін жүйелі түрде инсулин егу немесе қантты азайтатын арнайы дәрі-дәрмек ішу керек.

Қалайша қантты диабетке шалдықпауға болады? Бұнда ешқандай кепілдік жоқ, бірақ сырқат қаупін айтарлықтай азайтуға болады. Осыдан жүз жыл бұрын диабет сирек аурулар қатарына жататын, және онымен , әдетте, жұмысы тәтті тағамдармен байланысты адамдар ғана ауыратын.

Сырқаттың алдын-алудағы бірінші ереже - тәттіні шамадан артық жемеу. Өйткені ағзаға қант түскен сайын ұйқы безінің жасушалары оны «бейтараптандыратын» инсулинді жанталаса өндіре бастайды. Егер жылдан жылға бұл күніне бес-алты рет қайталана берсе, ұйқы безі бұндай ауыртпалықты көтере алмауы мүмкін. Әсіресе, тегіне қарай диабетке бейімділігі бар адамдар күнделікті дәмдегі қанттың, балдың, ақ нанның, картоп пен крахмалдың мөлшерін қадағалауы керек.

Диабетті «оятатын» тағы бір фактор - шамадан артық дене қимылы.


Енді «Мен сияқты жаса» атты тренинг жасап, бой сергітіп алайық.

  1. Көзімізді жұмып, қолымызды жоғары көтеріп терең дем аламыз


  1. Қайтадан жоғары көтеріп, жанымызға қойып, төмен түсіріп, бос ұстаймыз.Басымызды екі жаққа бұрамыз.Хормен барлығымыз «Тысыр, тысыр етеді, тұздар еріп кетеді» деп қайталаймыз.


  1. Терең дем алып, демімізді сыртқа шығарамыз.


  1. Денемізді еркін ұстаймыз.


Кнді барлығымыз дауыстап айтамыз.

  1. Денсаулық баға жетпес құндылық.


  1. Салауатты өмір салтын сақтаймыз, болашаққа сеніммен нық қадам жасаймыз.


  1. Өз өмірің өз қолыңда!

Енді «Мен сияқты жаса» атты тренинг жасап, бой сергітіп алайық.

  1. Көзімізді жұмып, қолымызды жоғары көтеріп терең дем аламыз


  1. Қайтадан жоғары көтеріп, жанымызға қойып, төмен түсіріп, бос ұстаймыз.Басымызды екі жаққа бұрамыз.Хормен барлығымыз «Тысыр, тысыр етеді, тұздар еріп кетеді» деп қайталаймыз.


  1. Терең дем алып, демімізді сыртқа шығарамыз.


  1. Денемізді еркін ұстаймыз.


Кнді барлығымыз дауыстап айтамыз.

  1. Денсаулық баға жетпес құндылық.


  1. Салауатты өмір салтын сақтаймыз, болашаққа сеніммен нық қадам жасаймыз.


  1. Өз өмірің өз қолыңда!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал