- Учителю
- 'Баланың бас ұстазы- ата-ана 'ата-аналар жиналысы жоспары
'Баланың бас ұстазы- ата-ана 'ата-аналар жиналысы жоспары
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата-ана.
Түрі: тренинг
Мақсаты: 1. Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу.
2. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау.
Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар мен ата-аналардың назарын тренингке аудару.
ІІ. Негізгі кезең.
Мұғалім сөзі:
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.
Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік-танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.
«Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналыстарын өткізу жоспары :
Өту барысы:
І. Топқа бөліну. (3 топқа түстер арқылы).
ІІ. Топ атын жианалысқа байланысты өздері ұсынады, «ассоциация» жазу.
- Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
ІІІ. Педагогикалық ойын.
Мақтау.Ұрсу
Баланы мадақтау
Балаға ұрысу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).
ІҮ. Педагогикалық ойын.
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!)
Ү. Педагогикалық ситуациялардан шығу.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?
(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).
ҮІ. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).
ҮІІ. Маржан сөздер сайысы.
(Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздер айту.
Әр топтан өз пікірін қорғау)
ІІІ. Қорытынды.
Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.
Рефлексия . - бүгінгі жиналыс туралы ойыңыз.
-
Келесі ата-аналар жиналысынан не күтесіз?