- Учителю
- ҚАзақстанның жетістіктерін насихаттау, еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, ҚР-ның Конституциясына мақтаныш сезімдерін, патриоттық сезімдерін ояту.
ҚАзақстанның жетістіктерін насихаттау, еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, ҚР-ның Конституциясына мақтаныш сезімдерін, патриоттық сезімдерін ояту.
СҚО Тайынша қаласы
№5 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Т.А.Жумабаева
Р.Б. Темирбекова
С.О. Зейнулина
Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, ҚР-ның Конституциясына мақтаныш сезімдерін, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақ барысы:
(Сабақтың кезеңдері сыйлық кітабының 12 кезеңімен сәйкес)
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғы сөз - кітаптағы сөзді тыңдату
-
ҚР Мемлекеттік нышандары туралы жалпы түсінік беру:
-
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары - Бұл Президентіміздің бағдарламасы. Ол алдағы уақытта біздің еліміздің бұдан да бай және көрікті болуына бағытталған. Балалар білім алып, үлкендер еңбек етіп, еліміздің бірлігін, бейбітшілігін сақтай отырып, жарқын болашаққа бағытталған.
-
«Менің туған жерім» - біздің Республикамыз кең байтақ жер.
Ал біз СҚО-да тұрамыз. Біздің қаламыздың аты - Тайынша. Біздің қала туралы әңгімелеу.
-
Астана - әсем қала. Бұл жаңа қала. (слайдтар бойынша Астана қаласындағы әсем ғимараттарды бақылау)
-
Туған жерімнің табиғаты - Қазақстан табиғаты бай. Оңтүстік өңірлерінде гүлдер жайнап тұрғанда, солтүстігінде әлі қар жатады. Аңдардың, өсімдіктердің түрлері өте көп. Жер қойнауы қазынаға толы. Алтын, мұнай, газ т.б.
-
Қазақстанның тұрмысы мен мәдениеті - киіз үй, ұлттық киімдер, ою-өрнек, музыкалық аспап туралы әңгімелесу.
-
Ғарыш бөлімінде - ғарыш айлағы Байқоңыр туралы.
-
Салт-дәстүрлерді кітапбойынша
-
Қазақ хандығына 550 жыл туралы - сұлтандар, билер, хандардың еңбегі зор.
-
Қазақ халқының ағартушылары - Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин - балаларға көп көңі бөліп, оқуға шақырған.
-
ҚР мейрамдары - кітап бойынша аталады.
Сабақ соңы - оқушыларды құттықтау.