7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Аяулы менің анашым

Тәрбие сағаты: Аяулы менің анашым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 10

Күні: 06.03.15

Тақырыбы: Аяулы менің анашым!

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құттықтап, аналарды

құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу.Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.

Түрі: концерттік, сайыс түрінде

Әдісі: Мәнерлеп оқу, ойын

Іске асыру жолдары: ән айту, мәнерлеп оқу, бейнетаспа көрсету арқылы.

Көрнекілігі: Мереке өтетін орын балалардың өз қолдарымен жасаған жалаушалармен түрлі-түсті гүлдер, шарлармен безендіріледі. Қабырғаларда ана туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар (анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың!, «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды», «Ана - өмірдің тірегі», «Ана - өмір бастауы»)

Компьютер, интерактивті тақта т.б.

Барысы:

Ән: «Ана туралы жыр»

Кіріспе сөз. Мұғалім сөзі

І жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

ІІ жүргізуші:

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты берекең

І жүргізуші:

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.

Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады, өйткені көктем келді, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді аналар,Ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге Ән: «Жан анам»

І жүргізуші: ендігі кезекте бейнетаспаны тамашалайық.

Оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін, тілегін, фото суреттерімен /звукозапись программасы / дыбыс жазу бағдарламасы арқылы жазылған бейнені фильмді интерактивті тақтадан тамашалайды.



ІІ-жүргізуші: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.Даланың әр гүлін жинадың сен маған,ия,ия, бүгінгі күн әлемнің жарығын сыйлаған ардақты аналарға арналады.

І- жүргізуші: Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, аналар бүгінгі сән-салтанатта өздеріңізге арналады.

ІІ- жүргізуші: Сенің де бір жақының бар.Сенің де бір досың бар.Сенің ең бір жақын ұстазың бар.Ол - АНА.Сен жан болып дүниеге келдің.Сенің іздейтінің бір-ақ жан.Ол -АНА! Анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен басталады.

І- жүргізуші: Қазақ биі.

ІІ-жүргізуші: Сыныпта әнші, биші, күйші мен көңілді тапқырлар клубы да бар. Ендігі кезекті соларды тамашалайық. Көңілді тапқырлар клубының жігіттері:

І-жүргізуші: күй: «Келіншек»

І жүргізуші:

-____________, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

ІІ жүргізуші:

-Иә, ____________мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

І жүргізуші:

-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

ІІ жүргізуші:

- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

І жүргізуші: Ия,_______, онда «Аялы алақан ойыны» арқылы байқап көрелік.

Ойынның шарты: 4-ана, 4-ұл мен қыз бала қатысады.Аналар көздері байлаулы тұрады. Өздерінің ұл-қыздарын табу. (Иіспен, ұстау арқылы)

2-ойын: Қабырғада ілінген шарларды ұл-қыздарымыз жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап берулері керек. 1-шар: Дүниеде ең тәтті не? (ананың сүті)

2-шар: Өз анаңды сипаттап бер

3-шар: Анаңның қай қылығы ұнайды

4-шар: Анаңның құшағы қандай? (ыстық) (анасына жақындап бейнелеп беруге болады)

5-шар: Анаң саған ұрысса, сен ренжисіңба?

І жүргізуші:

-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

ІІ жүргізуші:

-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Әлемнің жарығы.» (Ән: «Анашым, Әкешім») әнін қабыл алыңыздар!

Дыбыс жазу құралы арқылы оқушылар, аналарына жылы лебіздерін, өлеңдерін, ақ тілектерін интерактивті тақтадан тамашалау.

І жүргізуші: «Бинго» ойыны

Бұл ойынды ойнату үшін 5Х10см өлшемді карточка даярлау керек. Сыныптағы қыздар санына сәйкес келетіндей етіп, тор көздерге бөлу.

Тәрбие сағаты: Аяулы менің анашым

Ойынның бастапқы кезеңінде қыздар арнайы парақтарға өз АТӘ жазып, жәшікке орап салады. Сол сәтте сыныптағы барлық ұл балаларға «бинго» карточкалары үлестіріледі. Олар 5-10минут ішінде әрбір қызға барып, тор көздің қандай да бір бағанына АТӘ жазуларын немесе қол қоюларын өтінеді. Қыздар өз еркілерімен жазулары үшін ұлдар оларға жылы сөздер айтып немесе ұнайтын бағдарламаларын , жануарларын сұрап олардың көңілдерінен шығу керек. Осылайша карточка толтырылады.

Осыдан соң негізгі кезеңі басталады. Жүргізуші(немесе қыздар кезекпен-кезек) жәшіктен бір парақтан суырып алып, қыздардың есімін дауыстап оқиды. Ұлдар карточкаларынан сәйкес бағанды белгілеп отырады. Тігінен немесе көлбеуінен барлық бағандар қай ойыншыда бірінші боп толық белгіленсе, сол ойыншы « Бинго» деп айқайлап, сыйлық(пряник,шоколад, калам т.б) алады. Соңғы негізгі сыйлықты кімде кіші сыйлықтар саны көп болса сол алады.

Қонақтар құттықтап сөз сөйлеу.

ІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.



ІІ-жүргізуші:

Ана -біздің күніміз!

Ананың біз - гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.



Аналар, ұстаздар, оқушылармен бірге естелікке фото суреттерге түсу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал