7


'Ф' әрпін оқыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1 сынып оқушыларына "Ф" әрпімен таныстыру. Әріпті оқуды және жазуын үйрету.Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.2. Сөздік қорларын дамыту.3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу.І. Ұйымдастыру кезеңі.а) Оқушылардың
предварительный просмотр материала

Бекітемін

Б.Момышұлы атындағы

№ 43 орта мектеп директоры

_____________ С.Т.Хайруллина

2013 жылғы «____»___________

.



Сабақтың тақырыбы

«Ондықтарды қосу және азайту»

Дайындаған:

Бастауыш сынып мұғалімі: Утешкалиева Н.М.

1 «Е» сынып

Гвардейский қалашығы

2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

  2. Сөздік қорларын дамыту.

  3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сүрақ-жауап.

Сабақтың корнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ә) Зейіндерін сабаққа аудару.

б) Көктемде жыл құстары ұшып келеді, келген құстарды қарсы аламыз ба?, құстарға не жасаймыз? (ұя). Енді осы құстардың бізге алып келе жатқан тапсырмалары бар екен. Сендер ол тапсырмаларды орындап, құстарға қамқор көрсетесіңдер ме?

Тырна (мойны ұзын, аяқтары, тұмсығы ұзын, тізбектеліп сурет құрап ұшады).

Тапсырмасы:


ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

"Саяхат" ойыны. Ойын шарты: балалар В әрпі бар кала аттарын коп атаса, авиа билетін ұтып алып қалаған қаласына барып қайтады. Мұнда балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту мақсаты көзделеді.

"Қазақ ұлттық Авиа ұжымынан" Венера қыз келіп тұрған. Кімде-кім жер шарындағы В әрпі бар қаланы атаса Венера авиа билетін саяхаттап қайтуға ұсынады.

Бүгінгі ойында кімнің авиа билетті ұтып алғанын Венера айтады. Венера: - Төрт қаланы атаған "авиа" билетін алып, Айдар барып қайтсын саяхатқа.

В әрпінен саяхат сабағына көмектескен Венера қызға және өз білімдерінді жақсы көрсеткендерің үшін сендерге рақмет.

Балалар В дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік. Сабақты қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Пошта. Көгершін бізге хат әкелген екен.

Бүгін біз жаға әріппен танысамыз. Мінекей жаңа сабағымыздың тақырыбы Ф дыбысы мен әрпі.

  1. Суреттерге қарап заттарды атау. Фонтан, фотоаппарат т.б.

Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу.

Ф - хормен айту.

Ф - дауыссыз, өйткені кедергілер арқылы шығады.

Дәптермен жұмыс істеу.


Қараторғай - егістіктерді құрт-құмырсқалардан тазалайды екен.

Тапсырмасы:

Ф әрпін ауада, тақтада жазу.

Ф жазба түрі.

Ф баспа түрі.

Мәтінді хормен оқып шығу.

Тақтамен жұмыс.


Көкек - кез келген ұяға жұмыртқаларын тастап кетеді. Орманда, ауылды жерлерде өмір сүреді.

Тапсырмасы:

Суретпен жұмыс, суреттерге карап, әңгіме құрайды, Ф дыбысы бар сөздерді табады.

Үйрек - екі түрге бөлінеді жабайы және үй құстары. Жабайы үйрек жемісін судын астынан тауып жейді. Күзде жылы жаққа ұшып кетеді.

Тапсырмасы:

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Телефон, футбол.


Аққулар - ақ, су бетінде жүзеді, суға сән береді, мойны ұзын әдемі құс. 30-40 жыл өмір сүреді.

Тапсырмасы:


Жұмбақтарды шешу.


Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тындайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды?

(Телефон)


Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр кағып.

(Футбол)


Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды.

(Фонтан)

ІV. Бекіту кезеңі:

Бұлбұл - әнші, орманға ән мен сән береді, сайраған кезде басқа құстар өз әндерін тоқтатады.

Тапсырмасы:

Дидактикалық ойын.


Жалғасын тап:

а) Фут..., фон..., теле..., коф..,


Сөзде қанша әріп бар:

ә) Фатима ( ), финал ( ), кофта ( ), фирма ( ).


V. Қорыту:

Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік.


Бағалау:

Өте жақсы қатысқан балаларға - қызыл жауһазын.

Жақсы қатысқа балаларға- сары жауһазын.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал